Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жер асты әдісімен пайдалы қазбаны алу.

Жер асты әдісімен кенді алу жыныстарының 1-ші сатыларында бос жыныстарға төсеніш мығым жүргізу арқылы пайдалы қазбаны ашады, одан ары қарай пайдалы қазбаларды өндіреді, соның нәтижесінде, кен орнынан кенді алуға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар біткеннен кейін тазалап шығару жұмыстарына кіріседі. Кенді жер астынан алатын қондырғының жиынтығын рудник деп атайды. Мұндағы негізгі өндірістік үдерістер бұрғылау, жару, тиеу, тасымалдау, іріктеу және жыныстар мен кенді түсіруден тұрады. Жұмыс істеу шараларына байланысты жер астына жұмыс істейтін жұмысшылар кәсіби мамандандырудан өтуі керек. Кен орындарында жер астында жұмыс істейтін мамандарға мыналар жатады: бұрғылаушылар, жарғыштар, бекітушілер, тасып шығарушылар т.б. Жер асты жұмыстарында тиеу және түсіру жұмыстары, жыныстар мен кенді тасымалдау жұмыстары көп кездеседі. Вагонеткаға тиеу жұмыстары қолмен және арнайы МКО машинамен механикаландырылған күрекпен жасалынады. Вагонеткалардан электротасмалдағыштар көмегімен немесе қолмен тасып шығаратын жол арқылы, кенді алаңға тасымалдайды, одан көтергіш лифт арқылы шығарылады. Үлкен кенді орындардан алынған кен, орталық кен түсетін жерге жіберіледі, одан кейін скипті көтергіш арқылы шығарылады. Кенді ұсату жер астында және жер бетінде жүргізіледі. Жер асты ұсату екінші ұсату горизонтында жүргізіледі. Оны қопарғыш заттардың көмегімен орындайды, ұсатуға кеннің ірі бөлшектері алынады. Соңғы ұсату байыту фабрикаларында немесе металды балқыту зауыттарында жүргізіледі.

Жұмысшылардың еңбек жағдайы мен аурушаңдығы

Таукен өндірісіндегі негізгі кәсіби зияндылықтар.

Еңбек жағдайының негізгі кәсіби зияндылықтары - ол қолайсыз метеожағдайлар, шаң және зиянды газдың бөлінуі, күндізгі сәулелердің болмауы, жарақаттану қауіптілігі және т.б.

Метеорологиялық жағдай.

Жер астынан пайдалы қазбаны алу кезіндегі метеорологияалық жағдайға температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы кіреді.

Ауаның температурасы бірнеше факторларға байланысты, соның ішінде негізгі фактор: кен орнының тереңдігі, жыныстың температурасы және желдеткіш жағдайымен анықталады. Кен терең болған сайын, ауаның температурасы жоғары болады: жылу жиналады, ол ауаның тығыздалуына байланысты. Әрбір 100 м тереңдеген сайын жоғарыдан кірген ауа 10 С-қа жылытылып отырылады. Жер асты кен орындарындағы ауа температурасы - температураға, ылғалдылыққа және сырттан келіп түскен ауа көлеміне байланысты болады, сонымен қатар шихтада болатын суға да байланысты. Егер шахтада су болатын болса, ауаның температурасы төмен болады.

Ашық жолмен алынатан жұмыс кезінде, жыл мезгілдеріне байланысты қолайсыз атмосфералық жағдайлар әсер етеді. Жазда оңтүстікте орналасқан ашық жолмен алынатан жұмыстарда, температураның жоғарылау кауіптілігі болады. Ондай қолайсыз жағдайлар жаңбыр , қар жауғанда, сонымен бірге, ауаның қозғалыс жылдамдығы жоғары болғанда да байқалады.