- •Тоғызбаева қ.Қ.
- •Өндірісті өнекәсіптің жеке салалар мен ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы Алматы-2015
- •9. Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •10. Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы.. .
- •11. Микробиология өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы... ........................................................................................... 139
- •12. Бейнетерминалдардағы еңбек гигиенасы ..... 145
- •14. Өндірістің жеке салалары мен ауыл шаруашылығыныңгигиенасы............................................ 199
- •Еңбек гигиенасы 01.10.15
- •Сурет. Республикадағы Еңбек медицина қызметінің функционалдық моделі
- •Жер асты әдісімен пайдалы қазбаны алу.
- •Жұмысшылардың еңбек жағдайы мен аурушаңдығы
- •Салыстырмалы ылғалдылық
- •Қоршаған ортаның зиянды газдармен ластануы
- •Қоршаған ортаның шаңмен ластануы
- •Сауықтыру шаралары
- •Бұрғылау кезіндегі шаңмен күресу жұмыстары
- •Құрғақ шаң ұстағыштар
- •Қопару және тиеу- түсіру жұмыстарындағы шаңмен күресу
- •Тиеу және түсіру кезіндегі суландыру
- •Жер асты өндіру жұмыстары кезіндегі желдету
- •Шаңнан қорғанудағы жеке бас қорғаныс құралдары
- •Өндірістік үдерісті механикаландыру және ұтымды ету үшін қолданылатын шаралар
- •Жерасты өндіру жұмыстарындағы жарықтандыру
- •Тау кен жұмыстарында жұмысшылардың арнайы киімі мен арнайы аяқ киімі
- •Санитарлы – медициналық шаралар
- •Көмір өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Көмірді жер астынан алу әдістері
- •Көмір өндіру технологиясы
- •Жерасты рудаларын алу тәсілдері
- •Руданы қазу технологиясы
- •Еңбек жағдайларының сипаты
- •Жұмысшылар аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Металлургтер аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Түсті металлургиядағы еңбек жағдайы
- •Алюминий өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Глинозем өндірісіндегі еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •1. Технологиялық:
- •2. Санитарлык –техникалық:
- •3. Құрылыстық-жоспарлы шаралар:
- •4. Емдік-профилактикалық, шаралар:
- •Алюминий өндірісі
- •Электролиз цехтарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық;
- •3. Медико-профилактикалық;
- •Қорғасын өндірісі
- •Кендерден қорғасынды алу технологиясы
- •Қорғасын алудың технологиялық үдерістерінің сызбасы
- •Қорғасын зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Жұмыс жағдайларын сауықтыру шаралары
- •2. Санитарлық-техникалық:
- •3.Емдік-профилактикалық;
- •Мыс металлургнясындағы еңбек гигиенасы
- •Мысты алудың технологиялық үдерістері
- •Мыс алу үшін қолданылатын материалдар
- •Мысты балқытудың физико-химиялық негіздері
- •1. Құрамында күкірті көп шихтаны күйдіру.
- •2.Штейн алуға балқыту.
- •Мыс балқыту зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық:
- •3. Емдік-профилактикалық;
- •Құрылыстық өнеркәсіптік материалдар және құрылыс өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Сауықтыру шаралары
- •Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химиялық өндіріс жұмысшыларының негізгі кәсіптік топтарының сипаттамасы
- •Химия өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химия өндірісінің кәсіптік зияндылықтарының жұмысшыларға әсері Организмге әсер ету дәрежесі бойынша барлық өнеркәсіптік улар 4 қауіптілік класына бөлінеді:
- •Химия өнеркәсібіндегі сауықтыру шараларының негізгі бағыттары
- •Химиялық өндірістің құрылысын салу және қайта құру кезіндегі сақтық санитариялық қадағалау
- •Санитарлық қорғаныс алаңы (сқа) және бас жоспарға қойылатын талаптар
- •Технологиялық үрдістер және жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
- •Химия өндіріс жұмысшыларына санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
- •Химиялық шикізат және дайын өнімдерді гигиеналық стандарттау
- •Химия өндірісіндегі жұмыс бөлмелердегі ауа сапасын бақылауды ұйымдастыру
- •Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау
- •Ауа ортасының жағдайын бағалау
- •Санитарлық заңдылық және емдік-профилактикалық шаралар
- •Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы
- •Мұнай заттары мен мұнай құрамын гигиеналық маңызы
- •Мұнай өндірудегі технологиялық үдерістегі гигиеналық сипат
- •Мұнай өндіру кезіндегі еңбек жағдайы.
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары.
- •Теңіз астынан мұнай өндірудегі еңбек жағдайының ерекшелігі
- •Мұнай өңдеудегі еңбек жағдайы
- •Мұнайды өңдеу кезіндегі еңбек жағдайы
- •Метерологиялық жағдай
- •Сауықтыру шаралары
- •4. Өндірістік микроклимат ылғалдылықтың басым бөлінуімен сипатталады:
- •5.Өндірістік микроклимат ауаның төменгі температурасымен сипатталады:
- •Микроклимат және жылу алмасу
- •1. Оптималды микроклимат.
- •2. Өндірістік микроклимат конвекциялық жылудың бөлінуімен сипатталады:
- •Тыныс жолдары арқылы булану.
- •Өлшейтін кұралдарға қойылатын талаптар 3-Кесте
- •Метеожағдайды зерттеуді жүргізу реті
- •Микроклимат параметрлерін зерттеу әдістері
- •Ауа қозғалыс жылдамдығын анықтау.
- •Жылулық балансты есептеу.
- •Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы
- •Көз зорығуы және жалпы зорығу
- •Көз тастаудың алмасуы
- •Қозғалу тыныштандырады және денені босатады
- •Күн жарығы көздерге нәр береді
- •Көздің қан айналымын күшейту
- •Көздерге арналған йога
- •Көзқарастың орнын ауыстыруы
- •Жаттығулар көзілдіріксіз жасалады
- •К өздерді айналдыру
- •Қиылыспалы қимылдар
- •Мидың оң жақ жарты шарын белсендіру
- •Бейнелерді бірлестіру бұзылыстарының себептері
- •Массаж және акупрессура
- •Тұжырым
- •«Компьютер» және балалар
- •Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •Өртке қарсы қорғаныс
- •3.5. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі еңбек және демалыс тәртібі
- •Жұмыс ауысымының ұзақтығына, еңбек іс әрекетінің түріне және категориясына байланысты регламенттелген үзілістер уақыты
- •3.6. Дисплей тұтынушысының жұмыс орыны
- •Монитор
- •3.8. Вдт мен пэем-ын тұтынушыларына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Өндірістің жеке салалары және ауыл шаруашылығының еңбек гигиенасы
- •Егін шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Дәнді дақылдарды өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Қант қызылшасын өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Мақта шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Жылы жәй шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Пестицидтерді қолданудағы еңбек гигиенасы
- •Мал шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •57 Сурет Құстарды төсемсіз саңылаулы еденде күтіп-бағу
Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы
Мұнай өндірісі анағұрлым жас сала. Ол ауыр индустрияның негізгі саласы, әртүрлі химиялық қосылыстардың синтезі және әртүрлі отындардың негізгі шикізат базасы.
Мұнайдың қоры бойынша Қазақстан ТМД елдер арасында алдыңғы орындардың бірін алады. 60-шы жылдардың ортасында Маңғышылақ түбегінің Жетібай және Өзен кен орындарының ашылуына байланысты мұнай өндірісі жоғары қарқынмен дамып, Республика мұнай табушы елдердің біріне жатады.
Мұнай өндірісінің салалары санитарлық-гигиеналық ерекшеліктерімен ажыратылады: барлау, бұрғылау, өндіру, сақтау және мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу, мұнай химиясы, мұнай заттарын тарату және т. б.
Мұнай заттары мен мұнай құрамын гигиеналық маңызы
Мұнай өнеркәсібінде жұмысшылар организміне мұнайдың әсері мұнай және мұнай өнімдерін өңдегенде бу және газ түрінде беріледі, ал адамның сонымен бірге тері жабындыларын да зақымдайды, сондықтан да мұнай өндірісінде гигиеналық шаралардың сақталуы үлкен маңызға ие.
Қарапайым мұнай құрамында көміртегі (83-87%) мен сутегі басым (11-14%). Басқа химиялық элементтер: оттегі, азот, күкірт қосындысы (5-6%) құрайды; өте аз мөлшерде басқада элементтер кездеседі: ванадий, фосфор, калий, алтын, уран және т.б. Осы элементтердің кейбіреуі жиналып жұмысшыларға (мұнай отынымен жұмыс істеген пештерді тазартқандағы әсері) кері әсер етуі мүмкін.
Көпшілік мұнайдың салыстырмалы салмағы 0,77-ден 0,96 дейін . Мұнайдың және өнімдерінің салмағы төмендеген сайын ұшқыштығы жоғарылайды, ол улылықты бағалаудың бір факторы болып табылады.
Химиялық құрамы бойынша мұнай бірыңғай зат емес, ол әртүрлі қосылыстардың күрделі және тұрақсыз косылысы, көбіне көмірсутектер. Ол көмірсутектер физикалық күйі бойынша газ, сұйық жөне қатты заттар болып табылады. Газ және қатты көмірсулар сұйық құрамында болады, себебі газ тәрізді көмірсулар жеңіл бөлінеді.
Мұнай құрамына мына көмірсулар класы кіреді:
қаныққан (парафинді) көмірсулар, жалпы формуласы СпН мұнайдың көмірсуларының негізін құрайды;
нафтенді, жалпы формуласы СпН;
ароматты көмірсулар формуласы СпН, құрамында аз мөлшерде кездеседі.
Қанықпаған көмірсулар мұнай құрамында сирек және өте аз мөлшерде кездеседі. Мұнай қоспаларының ішінде күкіртті қосылыстардың (күкіртті сутек, меркаптан, сульфидтер, дисульфидтер, тиофан, тиофен) гигиеналық маңызы бар. Соңғы жылдары күкіртті мұнайдың құрамында күкірті бар органикалық қосылыстар анықталған. Мұнайдағы күкіртті қосылыстар қоспасының гигиеналық ерекшелігі, күкіртті мұнайды өндіру және өңдеу барысында ауаға бөлінетін жоғары улы күкіртті газдардың шығуымен анықталады.
Мұнай құрамында кейбір бос күкіртті сутек анықталған. Күкіртті мұнайды термиялық өңдеу нәтижесінде сульфидтердің, дисульфидтердің, меркаптандардың термиялық ыдырауы және қарапайым күкіртпен көмірсулар реакциясы кезінде де күкіртті сутек және меркаптан түзіледі. Алайда, күкіртті сутектің практикада гигиеналық маңызы бар. Күкірт сутектің ауаға түсуі күкіртті қосылыстардың құрамына, технологиялық үдеріске және құралдардың жағдайына байланысты. Шикізаттағы күкіртті қосылыстардан күкірт сутектің түзілуі, егер температураға тұрақсыз қосылыстардың салыстырмалы салмағы көтерілсе жоғарылайды. Мұнай өнімдерін ысыту дәрежесіне байланысты күкірт сутектің түзілуі де өзгереді.
