- •Тоғызбаева қ.Қ.
- •Өндірісті өнекәсіптің жеке салалар мен ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы Алматы-2015
- •9. Химия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •10. Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы.. .
- •11. Микробиология өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы... ........................................................................................... 139
- •12. Бейнетерминалдардағы еңбек гигиенасы ..... 145
- •14. Өндірістің жеке салалары мен ауыл шаруашылығыныңгигиенасы............................................ 199
- •Еңбек гигиенасы 01.10.15
- •Сурет. Республикадағы Еңбек медицина қызметінің функционалдық моделі
- •Жер асты әдісімен пайдалы қазбаны алу.
- •Жұмысшылардың еңбек жағдайы мен аурушаңдығы
- •Салыстырмалы ылғалдылық
- •Қоршаған ортаның зиянды газдармен ластануы
- •Қоршаған ортаның шаңмен ластануы
- •Сауықтыру шаралары
- •Бұрғылау кезіндегі шаңмен күресу жұмыстары
- •Құрғақ шаң ұстағыштар
- •Қопару және тиеу- түсіру жұмыстарындағы шаңмен күресу
- •Тиеу және түсіру кезіндегі суландыру
- •Жер асты өндіру жұмыстары кезіндегі желдету
- •Шаңнан қорғанудағы жеке бас қорғаныс құралдары
- •Өндірістік үдерісті механикаландыру және ұтымды ету үшін қолданылатын шаралар
- •Жерасты өндіру жұмыстарындағы жарықтандыру
- •Тау кен жұмыстарында жұмысшылардың арнайы киімі мен арнайы аяқ киімі
- •Санитарлы – медициналық шаралар
- •Көмір өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Көмірді жер астынан алу әдістері
- •Көмір өндіру технологиясы
- •Жерасты рудаларын алу тәсілдері
- •Руданы қазу технологиясы
- •Еңбек жағдайларының сипаты
- •Жұмысшылар аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Металлургтер аурушаңдығы
- •Сауықтыру шаралары
- •Түсті металлургиядағы еңбек жағдайы
- •Алюминий өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Глинозем өндірісіндегі еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары
- •1. Технологиялық:
- •2. Санитарлык –техникалық:
- •3. Құрылыстық-жоспарлы шаралар:
- •4. Емдік-профилактикалық, шаралар:
- •Алюминий өндірісі
- •Электролиз цехтарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық;
- •3. Медико-профилактикалық;
- •Қорғасын өндірісі
- •Кендерден қорғасынды алу технологиясы
- •Қорғасын алудың технологиялық үдерістерінің сызбасы
- •Қорғасын зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Аурушаңдық
- •Жұмыс жағдайларын сауықтыру шаралары
- •2. Санитарлық-техникалық:
- •3.Емдік-профилактикалық;
- •Мыс металлургнясындағы еңбек гигиенасы
- •Мысты алудың технологиялық үдерістері
- •Мыс алу үшін қолданылатын материалдар
- •Мысты балқытудың физико-химиялық негіздері
- •1. Құрамында күкірті көп шихтаны күйдіру.
- •2.Штейн алуға балқыту.
- •Мыс балқыту зауыттарындағы еңбек жағдайы
- •Жұмысшылардың аурушаңдығы
- •Жұмыс жағдайын сауықтыру шаралары
- •1.Технологиялық:
- •2.Санитарлық-техникалық:
- •3. Емдік-профилактикалық;
- •Құрылыстық өнеркәсіптік материалдар және құрылыс өндірісінің еңбек гигиенасы
- •Сауықтыру шаралары
- •Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химиялық өндіріс жұмысшыларының негізгі кәсіптік топтарының сипаттамасы
- •Химия өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы
- •Химия өндірісінің кәсіптік зияндылықтарының жұмысшыларға әсері Организмге әсер ету дәрежесі бойынша барлық өнеркәсіптік улар 4 қауіптілік класына бөлінеді:
- •Химия өнеркәсібіндегі сауықтыру шараларының негізгі бағыттары
- •Химиялық өндірістің құрылысын салу және қайта құру кезіндегі сақтық санитариялық қадағалау
- •Санитарлық қорғаныс алаңы (сқа) және бас жоспарға қойылатын талаптар
- •Технологиялық үрдістер және жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
- •Химия өндіріс жұмысшыларына санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
- •Химиялық шикізат және дайын өнімдерді гигиеналық стандарттау
- •Химия өндірісіндегі жұмыс бөлмелердегі ауа сапасын бақылауды ұйымдастыру
- •Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау
- •Ауа ортасының жағдайын бағалау
- •Санитарлық заңдылық және емдік-профилактикалық шаралар
- •Мұнай өндіру мен өндеудегі еңбек гигиенасы
- •Мұнай заттары мен мұнай құрамын гигиеналық маңызы
- •Мұнай өндірудегі технологиялық үдерістегі гигиеналық сипат
- •Мұнай өндіру кезіндегі еңбек жағдайы.
- •Еңбек жағдайын сауықтыру шаралары.
- •Теңіз астынан мұнай өндірудегі еңбек жағдайының ерекшелігі
- •Мұнай өңдеудегі еңбек жағдайы
- •Мұнайды өңдеу кезіндегі еңбек жағдайы
- •Метерологиялық жағдай
- •Сауықтыру шаралары
- •4. Өндірістік микроклимат ылғалдылықтың басым бөлінуімен сипатталады:
- •5.Өндірістік микроклимат ауаның төменгі температурасымен сипатталады:
- •Микроклимат және жылу алмасу
- •1. Оптималды микроклимат.
- •2. Өндірістік микроклимат конвекциялық жылудың бөлінуімен сипатталады:
- •Тыныс жолдары арқылы булану.
- •Өлшейтін кұралдарға қойылатын талаптар 3-Кесте
- •Метеожағдайды зерттеуді жүргізу реті
- •Микроклимат параметрлерін зерттеу әдістері
- •Ауа қозғалыс жылдамдығын анықтау.
- •Жылулық балансты есептеу.
- •Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы
- •Көз зорығуы және жалпы зорығу
- •Көз тастаудың алмасуы
- •Қозғалу тыныштандырады және денені босатады
- •Күн жарығы көздерге нәр береді
- •Көздің қан айналымын күшейту
- •Көздерге арналған йога
- •Көзқарастың орнын ауыстыруы
- •Жаттығулар көзілдіріксіз жасалады
- •К өздерді айналдыру
- •Қиылыспалы қимылдар
- •Мидың оң жақ жарты шарын белсендіру
- •Бейнелерді бірлестіру бұзылыстарының себептері
- •Массаж және акупрессура
- •Тұжырым
- •«Компьютер» және балалар
- •Электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •Өртке қарсы қорғаныс
- •3.5. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі еңбек және демалыс тәртібі
- •Жұмыс ауысымының ұзақтығына, еңбек іс әрекетінің түріне және категориясына байланысты регламенттелген үзілістер уақыты
- •3.6. Дисплей тұтынушысының жұмыс орыны
- •Монитор
- •3.8. Вдт мен пэем-ын тұтынушыларына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Өндірістің жеке салалары және ауыл шаруашылығының еңбек гигиенасы
- •Егін шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Дәнді дақылдарды өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Қант қызылшасын өңдеудегі еңбек гигиенасы
- •Мақта шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Жылы жәй шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Пестицидтерді қолданудағы еңбек гигиенасы
- •Мал шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •57 Сурет Құстарды төсемсіз саңылаулы еденде күтіп-бағу
Химиялық өндіріс жұмысшыларының негізгі кәсіптік топтарының сипаттамасы
Көптеген технологиялық параметрлер (температура, қысым және т.б.) және операцияларды (тиеу, өнімдерді түсіру және т.б.) басқару қазіргі заманғы химиялық өндірісті дистанционды басқару пульттерімен жүргізіледі. Бірақ, басқару жабдығын тікелей өндірістік бөлмеде орналастыру көп жағдайда қашықтықтан басқарудың артықшылығын жоққа шығарады, өйткені, қызмет етуші жеке тұлғаларға улы заттар әсері жалғаса береді.
Химия өндірісінде технологиялық үдерісті аппаратшылар мен операторлар басқарады. Гигиеналық және психофизиологиялық көзқарас бойынша аппаратшының жұмысы улы заттармен жанасу мүмкіндігі (тікелей аппаратта және коммуникациямен жұмыс істейді) және жеңіл, орта ауырлықты жұмыс орындаумен байланысты.
Оператордың негізгі қызметі – технологиялық үдерістің өтуіне үздіксіз бақылау жүргізу, кейбір жағдайда – аппараттың жанында тікелей улы заттармен қысқа уақытты кезеңді қатынаста болады. Оператордың қызмет ету алаңы басқару пульті индикаторлы қалқамен шектелген. Оператордың кәсібі үздіксіз технологиялық үдерістер үшін тән.
Көп кезеңді химиялық үдерісті басқару кезінде 5 жұмыс кәсібі тобын ажыратады:
1) бақылау - басқару қызметін орындайтын операторлар;
2) бақылау - басқару қызметі жоғары аппаратшылар, операторлар;
3) бақылау -басқару қызметі (уақыттың 60% дейінгі) белсенді жұмыс қызметімен қосарланған аппаратшылар және операторлар;
4) үдерісті тікелей аппарат жанында басқаратын (уақыттың 80% артығы) аппаратшылар;
5) аса қолайсыз жағдайда физикалық жұмыс атқаратын, жиі химия өндірісінің технологиялық үдерісінің дайындық және қорытынды кезеңдерінде істейтін аппаратшылар.
Технологиялық қондырғы тұрақты емес жұмыс істесе, операторларда пульт жиілігінің жоғарылауы байқалады. Операторлардың жұмысындағы гиподинамия және монотондық гемодинамиканың өзгеруіне (қанның минуттық көлемінің азаюы, перифериялық қан тамырларының қарсыластығының жоғарылауы) әкеледі. Бұл нервтік-эмоционалдық күштенудің жоғарылауымен байланысты өзгерістер дамуына негіз болады.
Автоматтандырылған өрт - жарылыс қаупі бар және өте қауіпті химиялық заттарды пайдаланатын үрдістерді басқару оператордың кәсіптік қызметінің үлкен дәйектілік маңыздылығымен байланысты, қателіктің жоғары бағасының салдарынан.
Химия өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы
Химия кәсіпорындарындағы еңбектің гигиеналық жағдайы мынаған:
- пайдаланылатын шикізатқа;
- өндірістік процестерді ұйымдастыруға;
- қолданылатын аппаратура және жабдықтарға;
- механикаландыру және автоматтандыру дәрежесіне;
- аумақтың орналасуына;
- ғимарат ішіндегі жоспарлық шешімдерге тәуелді.
Химия өндірісіндегі басты қолайсыз фактор көп жағдайда химиялық фактор болып табылады – жұмыс алаңы ауасының және өнеркәсіптік алаңшаның, жұмысшылардың тері қабаттары және киімдерінің, бөлменің сыртқы қоршаулары және жабдық беттерінің зиянды заттармен ластануы. Зиянды заттар бөлінуі жоғары температура және қысымды пайдалану, және де герметикалық емес аппараттар және коммуникацияларда қолдану нәтижесінде болады. Бұл әдетте, ауаның фильтрация, тасымалдау, өнімді ыдыстарға салу және аппараттарды қалдықтардан тазарту үрдістері кезінде ластануына әкеледі. Ауаның улы шаңмен ластануының маңызды көзі болып табылатын, бұл дезинтеграторлар, уатқыштар, диірмендер, шнектер, ұнтақ материалдарды тасымалдауға арналған элеваторлар. Бұдан басқа жұмыс алаңы ауасының зиянды заттармен ластануының жиі болатын себептері: технологиялық тәртіптің бұзылуы, технологиялық сынаманы толтыру кезінде сұйықтықтың сыртқа ағып кетуі коммуникациялардың бүтіндігінің бұзылуы және басқа апаттық жағдайлар.
Технологиялық сынама алу кезінде ауадағы зиянды заттар концентрациясы көп рет жоғарылайды және олардың зиянды әсеріне тек лаборанттар ғана емес, барлық қызмет етуші жеке тұлғаларда ұшырайды. Бұл жағдайды болдырмас үшін, қазіргі уақытта реакционды массаның физико-химиялық жағдайына автоматикалық бақылау жүргізу тәсілдері дайындалуда және енгізіліп жатыр.
Гигиеналық көзқарас бойынша, мына операциялар аппаратураны жөндеу мен тазалау және апаттық жұмыстар жүргізу маңыздылығы үлкен, бұл кезде әртүрлі зиянды заттар мен жұмысшылардың жанасуы байқалады. Жабдықтардың ішінде орындалатын операциялар аса маңызды. Апаттар жиі технологиялық тәртіп параметрлерінің бұзылуымен байланысты, нәтижесінде аппараттағы температура және қысым өзгереді. Бұл аппараттар және коммуникациялардың герметикалығының бұзылуына әкеледі (асып ағып кету , сальниктің түсуі) және зиянды заттардың жұмыс бөлмесіне түсуіне әкеп соғады.
Бөлмедегі зиянды заттар концентрациясы химия өндірісін пайдалануға беру кезеңінде де тәуелді. Әсіресе гигиеналық жағынан қолайсызы , бұл жөндеуге жіберу кезде , қызмет етуші жеке тұлғаның жетілмеген басқару дағдыларымен, технологиялық үдерістің тұрақтылығымен, өндірістік ортаның ластану мүмкіндігімен сипатталады. Осыған байланысты пайдалануаның келесі гигиеналық маңызды кезеңдерін ажыратады – жөндеуге жіберу, тұрақты және жөндеу жұмыстары. Бұл кезеңдер, еңбек қауіпсіздігін салыстырмалы санитариялық-гигиеналық және алдын алуды қамтамасыз етуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігі пайдалануының тәртібіндегі тұрақты еңбек жағдайы сияқты сол шамада қамтамасыз етілуі тиіс.
Химия өнеркәсібінде ауа ортасы әртүрлі химиялық заттар жиынтығымен ластанады. Олардың көп мөлшері соңғы өнім әртүрлі шикізаттан, қоспа, катализатордан алынатын синтез үдерістерінде болады. Ауада бір уақытта әртүрлі агрегаттық күйдегі – бу, газ, аэрозоль көптеген заттар және де бір-бірімен әсерлесу нәтижесінде түзілген қосылыстар немесе термиялық ыдырау өнімдері кездеседі. Ауаға түскен зиянды заттар әрі қарай бір-бірімен әсерленіп тотығу, гидролиз және басқа өзгерістерге ұшырайды.
Салыстырмалы тығыздығы ауадан жоғары бу және газдар төменгі бөлікте жиналады, ал бөлменің вертикальды жоспарлануы кезінде жоғарғы қабаттан төменге ауысады. Бірақ ауаның жылу конвективтік ағыны болса кері үдерістер болуы мүмкін.
Гигиеналық көзқарас бойынша айқын биологиялық әсер ететін бу-газ аэрозольдік қоспаны (БГҚ) түзетін шаң мен газ және будың адсорбциясы мүмкіндігін есепке алу қажет.
Шаң мен газдың компонент арасында күрделі әсерлесу үрдістері жүреді (адсорбция, хемосорбция, каталитикалық, газдық компоненттің шаңмен берік байланысуы).
Жұмыс алаңы ауасындағы зиянды заттар концентрациясы жиі ауытқып тұрады. Бұл кезде жұмысшыларға химиялық заттар интермиттерлеуші әсер көрсетеді. заттың интермиттерлеушілердің жоғары әсер ету деңгейінде аса айқын білінеді.
Тітіркендіргіш әсер көрсететін және улылық әсері аз болатын заттар үшін шаңның « шыңдық» концентрациясының үлкен гигиеналық маңызы бар. Осыған сәйкес, бір заттар үшін шешуші маңызы бар, бұл орташа ауыспалы концентрация, басқалары үшін – максимальды концентрация.
Кейбір химиялық заттардың коммуникация және қабырға бетіндегі адсорбциялану қабілетінің болуы, бұл гигиеналық маңызы бар факт. Адсорбциядан басқа, хемосорбция үрдістері де маңызды. Химиялық сорбция үрдісі шегіне жеткенде физикалық сорбция және десорбция үрдістері басталады. Физикалық сорбция үрдісі құрылыс материалында хемосорбция үрдісі аяқталғанда басталады. Десорбция үрдісі есебінен өндірістік бөлмеде ШРЕК-тен асатын газ тәрізді улы заттардың жоғарғы концентрациясы пайда болуы мүмкін. Химия өндірісінің ішкі өңделуіне материалды дұрыс таңдау керек. Кремний органикалық, перхлорвинилді және басқа қосылыстар пайдаланатын лак бояу жабындыларының жаңа түрлері аса тиімді.
Өндірістік бөлменің ауасына жалпы улы әсер ететін улы заттармен бірге мутагенді, эмбриотропты, тератогенді, аллергиялық, канцерогенді әсер көрсететін заттар бөлінеді. Зиянды заттардың канцерогенді әсері анилинді бояу өнеркәсібі кәсіпорындары, пластмасса өндірісі (поливинилхлоридтер), резина-техникалық бұйымдар, жану үрдісі қолданылатын (тас, көмір, мұнай) өндірістерге тән. Жұмысшыларды қатерлі жаңа түзілімдер дамуын даусыз шақыруы мүмкін, ол заттарға мыналар жатады: бензин, бензол, винилхлорид, хром, никель, мұнай, сланц, тас көмірді айдаудың нәтижесінде қалатын өнімдер және т.б.
Құрамында химиялық нысандары бар барлық химиялық комбинат және бірлестіктер, өнеркәсіптік комплекстердің маңызды ортақ гигиеналық мәселесі, бұл тек өндірістік ғана емес, басқа да өнеркәсіп алаңша аймағы ауасының ластануы болып табылады. Осыған байланысты зиянды заттар әсеріне химиялық емес өндірістік нысандардың қосалқы және қызметтердің жұмысшылары және де айналасындағы тұрғын мекендерінің халқы ұшырайды. Бұдан басқа химиялық өндірістегі сомалы желдету жүйесінің тиімділігі төмендейді, цехқа жіберілетін ауаны жұмыс алаңы ШРЕК 0,3-ке дейін сұйылту немесе тазалау керек.
Шаңды фактор көптеген химиялық зауыттарда орын алады. Бұл фактор көп дәрежеде бастапқы (шикізатты өңдеу) және соңғы (кептіру, бөлу және т.б.) технологиялық үдеріс кезеңдерінде айқын болады. Бөлінетін шаң дисперстілігі әдетте жоғары: құрамында мөлшері 5 мкм аз бөлшектер көп болады. Бұл кезде сіңірілетін шаң, зиянды заттың жақсы сорбцияланатын газ және булары, десорбция нәтижесінде олардың оррганизмге түсуінің қосымша көзі болады.
Физикалық факторлардан тұрақты болатын шу, діріл және қолайсыз метеожағдайлар.
Химиялық зауыттағы шу және дірілдің негізгі көзі бұл әртүрлі технологиялық жабдықтар: уатқыш, элеватор, кептіргіш барабан, желдеткіш, центрифуга, компрессорлар және т.б. Бұл жабдықтардың шу интенсивтілігі 90-100 дБА және одан да жоғары болуы мүмкін.
Өндірістік бөлмеде метеорологиялық жағдай технологиялық үдерістің сипатына байланысты анықталады. Ауа температурасы кейбір учаскеде +300 С-қа жетуі мүмкін. Қолайсыз микроклимат себептері – аппарат және коммуни-кациялардың жеткіліксіз жылу оқшаулауы, жабдықтарды орналастырудың жоғары тығыздығы, тиімсіз желдету жүйесі. Жабдықтар мен коммуникациялардың беттерінің жылуды оқшаулау жеткіліксіздігі тек конвекциялы ғана емес, радиациялық жылу көзі болуы мүмкін.
Бірқатар химия өндірістеріне, жабық бөлмелерден сыртқы қондырғыларға жиі ауысу қажеттілігімен байланысты жұмысшыларға ауа температурасының кенет ауысып отырып әсер етуі тән. Жұмыстың кейбір учаскелерінде, әсіресе бастапқы кезеңдерде (қойма, уату, ұнтақтау бөлімдерінде) және де сыртқы қондырғылармен жұмыс істегенде жұмысшылар суық мезгілде төмен температуралы және үлкен ауа қозғалысы жылдамдығы бар салқындаушы микроклимат әсеріне ұшырайды.
Центрифугалау, сүзу, тұндыру және басқа операциялар кезінде артық мөлшерде ылғал бөліну кездеседі, соған байланысты ауа ылғалдылығының жоғары болуы байқалады.
Қазіргі заманғы химиялық зауыттарда өлшегіш аппаратураларда және катализатор ретінде радиооактивті заттар қолданылады.
Химиялық цехтарда электрлік, механикалық, термиялық және химиялық жарақат алу қаупі жоғары.
Осылайша, химия өнеркәсібінің жұмысшылары әртүрлі химиялық және физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсеріне ұшырауы мүмкін. Бұл әсерлер қосарланған (бірыңғай фактор болғанда), бірлескен (химиялық және физикалық факторлар) және кешенді сипатта, жұмысшылар өндірісте және одан тыс жерлерде (өндірістік алаңда, тұрғылықты жерде) әсеріне ұшырайды. Мұндай әсер, бөлек фактордың жоғары асып кетуі болмаса да назардан тыс қалмауы тиіс.
