Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Өртке қарсы қорғаныс

ЕО-дағы өрт өте аса қауіп төндіреді, өйткені үлкен материалдық шығындармен байланысты. ЕО-ның өзіне тән ерекшелігі - бөлмелерінің ауданының кішігірім болуы. Өрт жанғыш заттардың өзара әсерлесуі, тотығуы және жану көздері болғанда пайда болатыны белгілі. ЕО-ның бөлмелерінде өрттің болуына қажетті осы үш фактордың үшеуі де бар. ЕО-дағы жанғыш құрамдастарға жатаыны: бөлмелерді акустикалық және әдемілік үшін өңдеуге арналған құрылыс, қалқалар, есіктер, едендер, перфокарталар және перфоленталар, к абельдерді оқшаулау және т.б.

Өртке қарсы қорғаныс - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті болдырмауға, таралуын шектеуге, сонымен қатар өртті ойдағыдай сөндіруге жағдайлар жасауға бағытталған болуы керек .

ЕО-да жану көздеріне ЭЕМ-ның электронды сызбалары, техникалық қызмет көрсетуге арналған құралдар, электрлік қоректендіру құрылымдары, ауаны кондиционерлеу жатады, онда әртүрлі ережелерді сақтамағандықтан жанғыш материалдардың тұтануына алып келетін, қатты қызған элементтер, электрлік ұшқындар және доғалар түзіледі.

Дамытылған ЭЕМ-да электронды сызба элементтерін орналастыру тығыздығы өте жоғары. Бір біріне тікелей жақындықта жалғастырушы сымдар, кабельдер орналасады. Олармен электр тогы жүріп өткенде біршама мөлшерде жылу бөлінеді. Бұл кезде, оқшаулығыштың балқуы мүмкін. ЭЕМ-нан бөлінген артық мөлшерін басу үшін ауаны желдендіру және кондиционерлеу жүйесі қолданылады. Үнемі жұмыс істеп тұрғанда бұл жүйелер де қосымша өртке қауіпті.

ЕО-н электрмен қамтамасыз ету трансформаторлық бекетпен және қозғағыш- генераторлы агрегаттармен іске асырылады. Трансформаторлы бекеттерде майлы суытулы трансформаторлар аса қауіп төндіреді. Осымен байланысты трансформаторларды пайдалану дұрыс болып табылады.

Қозғағыш-генераторлы агрегаттардың өрт қауіптілігі қысқа түйықталулармен шамадан тыс жүктемелермен, электрлік ұшқындаумен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіз жұмыс істеу үшін агрегаттарды дұрыс есептеу және қорғаныс аппараттарын дұрыс таңдау қажет. Қызмет көрсететін, жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізуде әртүрлі майлағыш заттар, жеңіл тұтанатын сұйықтықтар қолданылады, уақытша электрлік сымдар төселінеді, жекелеген түйіндерді дәнекерлеу және тазалау жүргізеді. Қосымша өрттен қорғану шараларын талап ететін қосымша өрт қауіптілігі пайда болады. Атап айтқанда, паяльникпен (дәнекерлегіш) жұмыс істегенде, жұмыс істемей тұрғанда колданылатын қуаттылықты азайту үшін күрделі емес саймандарды бар жанбайтын, ыстыққа төзімді астына қойғыштарды қолдану керек.

ЕО-ның басым көп бөлмелеріне өрт кауіптілігінің В категориясы калып-тастырылған.

Өрттен қорғанудың ең маңызды міндеттерінің бірі құрылыстық бөлмелердің қүлауынан сақтану және өрт кезінде жоғары температуралар әсер ету жағдайында, олардың жеткілікті түрде мықтылығын қамтамасыз ету. ЕО-дағы электронды кондырғыларының құнының жоғарылығын, с онымен қатар, оның өрт қауіптілік категориясын ескергенде, ЕО-на арналған ғимараттар және ЭЕМ-н орналастыру қарастырылған басқа мақсаттағы ғимараттардың бір бөлігі 1 және 2 дәрежелі өртке төзімді болуы керек.

Құрылыстық құрастырылымдарды дайындау үшін, ереже бойынша, кірпіш, темірбетон, әйнек, металл және басқа да жанбайтын материалдар қолданылады. Ағаштың қолданылуы шектелуі тиіс , ал қолданылған жағдайда оған өрт қорғайтын қоспалармен сіңдіру қажет. ЕО-да қалқа іспетті өртке қарсы бөгеттерді жанбайтын материалдардан машиналық заддар арасына орнатады.

Кішігірім өртті сөндіруге арналған заттарға өрттік бағаңдар, ішкі өрттік құбырлары, өрт сөндіргіштер, құрғақ қүм, асбестті көрпешелер және т. с. с.

ЕО-ның ғимараттарында өрттік крандар дәліздерде, баспалдақтардың кіре беріс алаңдарда орнатылады. Су өрт сөндіру үшін бағдарламашылардың бөлмелерінде, кітапханада, қосалқы және қызметкерлер бөлмелер қолданылады. ЭЕМ-ның машиналық залдарында, ақпараттарды тасымалдау бақылаулық-өлшеулік жабдықтар бөлмесінде өрт сөндіру үшін суды коймалар қондырғылардың зақымдалу немесе толық істен шығып қалу қаупіне байланысты өте сирек, өрт үрей туғызардай үлкен көлемде болған жағдайларда ғана қолданылады. Бұл кезде судың мөлшері ең аз болуы керек, ал ЭЕМ-н брезент немесе матамен жауып, су тиюден қорғау керек. Алғашқы кезеңде өртті сөндіруде, өрт сөндіргіштер қолданылады.

Қолданылатын өрт сөндіретін затының түріне байланысты өрт сөндіргіштердің келесі негізгі түрлерін ажыратады: көпіршікті өрт сөндіргіштер кернеулікте тұратын электрлік қондырғылардан басқа жанып жатқан сұйықтықтарды, әртүрлі материалдарды, кұрастырылымдық элементтерді және қондырғыларды сөндіру үшін қолданылады.

Газды өрт сөндіргіштер жанып жаткан сұйык және қатты заттарды, сонымен бірге, кернеулікте болатын электрлік қондырғыларды сөндіру үшін қолданылады.

ЕО-ның өндірістік бөлмелерінде ең басты көміркышқылды өрт сөндіргіштер қолданылады, олардың артықшылығы өртті сөндірудің жоғары тиімділігі, электрлік қондырғылардың сақталуы, көмірқышқыл газының диэлектрлік қасиеті электрлік қондырғыны бірден сөндіру мүмкін болмаған жағдайда да қолдануға қол жеткізеді. Өртенудің алғашқы кезеңін анықтау және өрттен қорғау қызметін хабардар ету үшін автоматты түрде іске қосылатын өрттік сигнализация жүйесі қолданылады (АӨС). Бұдан басқа, олар өрт әлі үлкен көлемдерді алмаған кезде, өздігінен өрт сөндіру қондырғыларын іске косуы мүмкін. АӨС жүйесі өртті хабарлаушылардан, байланыс торабынан және қабылдау тетіктерінен (бекеттерінен) тұрады.

АӨС жүйесін қолдану тиімділігі хабарлаушы түрін және оларды орнату орындарын дұрыс таңдаумен анықталады. Өртті хабарлаушыларды таңдауда олардың пайдаланудың нақты жағдайларын: бөлмелер мен ауа ортасының ерекшеліктерін, өрттенетін материалдардың болуын, мүмкін болатын жану сипатын, технологиялық үрдістің арнайылығын және т. б. ескеру қажет.

«Өнеркөсіп орындары үшін өртке қауіпсіздіктің типтік ережелеріне» сәйкес ЭЕМ залы, сыртқы есте сақтаушы құрылымдарға арналған бөлмелер, мәліметтерді, сервистік аппараттарды дайындау, архивтер, көшіріп-көбейтетін жабдықтар бөлмесі және т. б. түтіндік өрттік хабарлағыштармен жабдыктау керек. Бұл бөлмелерде өрт басталған кезде әртүрлі пластмасс, оқшаулағыш материалдар және қағаз бұйымдар бастағанда түтін едәуір көп бөлінеді және жылу аз болады.

Е0-ның басқа бөлмелерінде, соның ішінде машиналық залда генераторлар мен лифтілерде, трансформаторлық және кабельдік өзектерде, ауа жолдарында дизельдер болғандықтан жылулық өртті хабарлаушыларды қолданған дұрыс.

ЕО-ның объектілерінде АӨС-ден басқа стационарлы автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау қажет. ЕО-да өртті газдық сөндіру қондырғыларын қолданған мақсатты, олардың әсері бөлме ішін ауада оттегі мөлшерін бірден төмендететін өрт сөндіретін газды затпен тез толтыруға негізделген.

Әрдайым өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл аударылуы керек, өйткені ЕО-дағы өрт адам өмірімен және үлкен материалдық шығындармен байланысты .