Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Пестицидтерді қолданудағы еңбек гигиенасы

Пестицидтер – ауылшаруашылығында зиянкестермен, дақылдардың ауруын қоздырғыштарымен, әртүрлі зиянкесті жәндіктер, кемірушілер, сонымен қатар, зиянды арамшөптермен күресудегі химиялық заттар және т.б.

Әртүрлі көптеген асспектілерді қолдану және жоғары тиімділік, әсіресе ауылшаруашылығын индустрияландыруда, қолданылатын ядохими-каттардың саны, мөлшері өте үлкен, олар гигиеналық төтенше күрделі және тұрғындар денсаулығын сақтауда жауапты мәселе.

Пестицидтер өндірісімен айналысатындар, жоғарыда көрсетіл-гендерден басқа, ауылшаруашылығында қолдануымен щұғылданатындар. Ондай жұмыскерлер: қоймада, тракторларда, ауылшаруашылығындағы ұшақтарда, хабарландырушылар, агрономдар, дезинфекторлар, лаборанттар, сонымен бірге, ауылшаруашылық гигиеналық шаралармен шұғыл-данатындар, арамшөп жұлатын, егін жинайтын, өсімдіктер өнімін алатын адамдар жатады.

Пестицидтерден уыттанудан түбегейлі сақтандыру шараларының бірі дер кезінде токсикалық, гигиеналық баға беріп, жоғары қауіптігі бар препараттар қосылыстарын қолдануға рұқсат бермеу, ендірілетін препараттарды, табиғи биоценоздарды адамға қолайсыз әрекеті барларды алдын -ала қолданыстан шығарып тастау.

Қазіргі кезде ауылшаруашылығында қолданылатын жүздеген ұнтақ шығарылатын эмульсия күйіндегі химиялық заттар бар. Қолданылуына қарай бірнешеге жіктелінеді (инсектид, бактерецид, фунгицид, зооцид), сонымен бірге, өз қасиеттеріне қарай еңбек гигиенасында ерекше орын алады:

  • токсикалық (DL50) әсері, яғни, экспериментті жануарлар қарнына ендірілудегі мөлшері 50 мг/кг –дан аз , жоғары токсикалы – 1000 мг/кг;

  • теріде кері сорылу (резорбция) дәрежесіне қарай (айқын -, орташа-, әлсіз білінетіндер);

  • ұшып кету дәрежесіне қарай (өте қауіпті, қауіпті, қауіптілігі әлсіз);

  • жиынтықталу дәрежесіне (куммуляция) қарай (өте жоғары куммуляция кооэфициенті 1-ден аз, білінуі 1-3, шамалы білінуі -3-5, әлсіздігі -5);

  • тұрқтылығы бойынша (өте тұрақты – ыдырау уақыты 1-2 жыл, тұрақты - 6 айдан 1 жылға дейін, аздауы -1 айға дейін).

Ауылшаруашылығында қолданылатын пестицидтерді санитарлық қадағалау, әртүрлі мамандығы бар (еңбек гигиенасындағы маман, дәрігер, коммуналдық және азық түлікпен шұғылданатындар) немесе барлық аспектілерге аудандық, облыстық СЭС – те, тұрғындардың қоршаған ортаға әсеріне жауапты адамдар, тікелей уыттану әсерін, сауықтыру жәйін білетін, ядохимикаттармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер атқаруы керек.

Химиялық заттардың өсімдікті қорғауға қолданылатыны санитарлық, эпидемиологиялық қызметкерлер жұмысына:

  1. Жаңа пестицидтердің технологиясы, аппараттары т.б. алдын ала ескертетін санитарлық қадағалау.

  2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі нысандарға (қойма, көлік, уланды-рып ендіретін машиналар мен аппараттар, астықты уыттандыру, ерітінділерді құятын, толтыратын торап, аэродром т.б.) санитарлық қадағалау.

  3. Қолданылатын іс шаралар мен жеке қорғану құралдарын медициналық байқау, бақылау, нұсқаулар беру.

  4. Қоршаған ортаның (пайдаланатын су көздері, сумен жабдықтау, ауа атмосферасы, топырақ) пестицидтермен ластануына бақылау жасау және іс шара ұсыныстарын бер.

Ауылшаруашылығында пестицидтерді қолдану, тасымалдау, сақтау туралы заңды санитарлық қадағалау ережелері бар. Одан басқада, зиянкестерімен өсімдік ауруларынан қоғанатын химиялық және биологиялық заттар, зиянды арамшөптердің жыл бойында берілетін тізімі шығарылып тұрады.

«Селхозхимия» дейтін пестицидтерді сақтау қоймалары шаруашылықтарға арналған тарату мекемелері болады. Мұндай нысандар құрылып, салынып, жабдықталып жобаланады. Санитарлық қорғаныс аймақтарда көлемдік қоймалардың оқшауланған аумағы 200-1000 м2, әрине, қолдануға тиіс болатын ядохимикаттар алатын көлемге байланысты болады. Ондай қоймалар қоршалған, жан жағы көгалдандырылған, жататын жерлерінің үсті жабылған, машиналар келетін, кететін үлкен қақпалары бар, бүріккіш, сепкіш, шашқыш құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Химиялық заттарға арналған қоймалар бөлек секция немесе ғимараттары – аммиак силитрасына, күшті әсер етуші, жанудан, қопарылыс пестицидтерден, химиялық концентратты азықтардың қауіптілігінен қорғануы керек, сонымен бірге, санитарлық тұрмыстық бөлмелер, механикалық және табиғи желдеткіштермен, табиғи және жасанды жарық бергіштерімен (КЕО 0,2-0,25-тен), 30 кейде 100 лк жасанды шамдар, люменсцентті шамдармен жабдықталуы тиіс. Пестицидтер физикалық, химиялық, техникалық оттан қорғанып орналастырылуы керек. Пестицидтердің сақталуында қалыпты метеорологиялық жағдайды, суық және жылдың ауыспалы мерзімдерінде белгілі температура 8-10 0С , салыстырмалы ылғалдылықтың 75% ұсталуы, жел қозғалысы жылдамдығы 0,4 м\с-де болуы керек, ыдысқа құйылатын, реттелетін, оралатын орындарындағы температура – 16-23 0С, салыстырмалы ылғалдылығы 75%, жел қозғалысының жылдамдығы 0,3 м\с қалыпты жағдайда ұсталуы тиіс.

Химиялық заттардың қоймаларда жиналып тұруы аптасына бір рет, шаңды болса сорылуы, аппараттарымен жуылып зарарсыздандыру кезеңінде және дегазациялы шаралар орындалуы керек.

Пестицидтердің тасымалдау. Пестицидтердің тасымалдау арнаулы контейнерлер немесе арнайы жабдықталған белгі беретін ескертулері бар (жалауша, кузовы боялған т.б.) көліктері болады. Арнаулы пестицидтерді тасымалдау жабдықтары болмаса оларға арналған көліктер, өзіне арналған белгілермен көрсетіледі.

Бір орыннан немесе басқа жерлерге тасымалдауда жүретін жерлерін, маршруттарын СЭС белгілейді, оларды алып жүретін адамдары да көрсетіледі. Тасымалдау кезінде пестицидтер салынатын ыдыстар бүтін, сақтауға тұрарлық, алатын сусымалы, төкпелі ядохимикаттар үшін бүтін қап, қапшықтар болады. Ал кемшіліктері бар ыдыстардағы ядохимикаттар болса зарарсыздандырылуы керек.

Әрина, пестицидтер, қолданылатын азық түліктерден бөлек болады. Барлық тасымалдау көліктері, тасымалданудан соң тазаланады, зарарсыздандырылған соң, ары қарай пайдалануға рұқсат етіледі.

Пестицидтер дайындайтын ерітінділер – еріткіштермен толтырылатын торапты механизмдермен тасылады. Ертінді немесе суспензия дайындау шаралары арнайы алаңдарда арнаулы толтыру, құю станцияларында жүреді. Ерітінді толтырылып, құятын уақытша сақталатын бөлмеде жеке қорғалатын заттарға арналады (онда киім кию, демалу, душ, нұсқаулық әдістемелік материалдар, тіркеме жұмыс журналы т.б. болады). Осындай толтырылып жабдықталған орындар елді пунктерде, мал қоралардан, су көздеріне 200 м қашықтықта аулақ болуы керек.

Пестицидтерді қолдану әдістері мен тәсілдері. Пестицидтерді қолдануда әртүрлі тәсілдері бар. Оған:

  1. Өсімдіктерді таза препараттармен немесе ұнтақтармен тозаңдандырады (порошок қсынды пестицидтерді толтырып).

  2. Сулы пестицид ерітінділерді немесе органикалық ерітінділерді тозаңдандырып қолданады.

  3. Эммульсиямен, с успензиялармен тозаңдандырылады.

  4. Тұмандатып немесе түтіндетіп аэрозольдарды пайдаланады.

  5. Фумигация – газбен немесе булармен өңдеу.

  6. Топыраққа ендіру немесе пестицидтерді беру.

  7. Алдамсыратып уландыру әдісі.

Пестицидтерді (ұнтақтарды ылғалдау, концентратты ерітінділер, концентрациялы эмульсия) шашыратып пайдаланудың түрлері осы кезге дейін негізгі тәсілдердің бірі болды. Жиірек полидисперсілі аэрозольдар, монодисперсілеріде қолданылады. Өздерінің мөлшері шашыратуда ұсақ тамшылардан (51-150 мкм), орташа ( 300 мкм) болады.

Шашырылатын сұйықтықтың шығыс нормасына қарай жоғары көлемде (400-500 л/га), орташа (50-400 л/га), кішілеу (10-15 л/га), ультра аз (10 л/га) беріледі.

Препарат түрдегі пестицидтерді қолдану суда еріген немесе майлы минералды, эмульсия, суспензия, ұнтақ (дусть), түйіршік күйінде және микрогранулять түрінде де болады. Кәдімгі сұйыққа қосымша қопа (шылау, активтеу заттары, антибуланғыш) ретінде де пайдаланады. Пестицидтердің концентрациялық шегінің ауытқуы кең көлемде. Ультра, аз көлемді бүркуде пестицидтерге сұйық қосылмайтындай етіп қолданылады.

Қазіргі уақытта жер бетінде авиациялық тәсілмен пестицидтермен өңдейді.

Жер бетілік тәсіл. Тракторлар тіркемесінің агрегаттарына ілмелі етіп қолданылады. Сұйықтықты тозаңдатып гидравликалық (қысым арқылы форсункамен бүрку) жолымен іске асырады немесе желдеткіштермен (ауа ағынымен аэрозольдармен шашу).

Бүркіп және тзаңдату тәсілімен шашу машинамен орындалса да, оның бірегей ережелері болады. Пестицидтерді бүрку және тозаңдату жолымен қолдану міндетті түрде таңертеңгілік немесе кешкілік ауа ағыны баяу кездерде болады. Ұсақ тамшылармен егінді бүрку және тозаңдату кезінде жел жылдамдығы жел жылдамдығы 3 м/с аспауы, ірі тамшылар болса 4 м/с болуы керек, оның өзінде қатаң сақтықпен қолдану керек, себебі пестицидтер ағыны тек сол жерінде орындалады, адамдар, су көздері, жасыл екпелер, тұрғын үйлерге, малға т.б. жерлерге таралмауы керек.

Авиациялық тәсілмен пестицидтерді қолдану. Авиациялық тәсілмен пестицидтерді қолдану үлкен көлемді аумақты қамтиды (дала, орман т.б.), ол ұшақтармен (АН-2, АН-2М, ЯК-12) және тікұшақтарымен (МИ-1, МИ-2, КА-26, КА-15) орындалады.

Пестицидтерді авиациялық өңдеуге дайын ерітінділер толтырылып ыдыста дайындалып ұшақ немесе тікұшақтарға бекітіліп, бүркіп, тозаңдатып шашады. Аэродром аумағы пестицидтермен ластанады, жұмыс істейтіндер мен авиатехникаға қолайсыздық тудырады.

Ұшақтарға пестицидтер әсері, нашар қымталған кабиналардан келеді, оны негізгі бактары ядохимикаттармен толтырылып кабинаға жақын орналастырылады, пестицидтік материалдардың кабинаға және жабдықтарға сорылуына мүмкіндік бермеу керек.

Авиациялық өңдеуде жағдайдың төмендеуі болса хабарлаушысы болады. Хабарлаушылар механикалық түрде құрастырылуы керек. Хабарлаушылар арнайы киімдер ( алжапқыш, халат, комбинезон, етік, қолғап, көзілдірік, респираторлар) жабдықталуы керек.

Олар химиялық толқын болатын жерлердің, өңделетін учаскелерінің ығында болуы керек (оның шетінн 50 м қашықтықта). Хабарлаушыларда қолғап, жалауша, түрлі түсті шатырлары болуы керек. Химиялық өңдеу кезінде ұшақтар 5-7 м биіктікте болуы керек, оның өзі пестицидтер ұшқынының қауіптілігін, ластануын азайтады. Авиациялық тәсілді қолдануда ауылдық пункттер үстіне, өңдеу участогынан аулақ, радиусы 300 м- дей, тұрған үйлерді, мал қоралар, су көздерін ластамайтындай болуы керек.

Авиациялық өңдеуде, өздеріне тән қызметтік мекемелер басшылығымен, арнаулы ережелермен нормалануы, санитарлық қадағалануы керек. Техникалық қауіпсіздік санитарлық өндіріс мекемелерінің нұсқауымен орындалады. Медицина қызметкерлеріне нұсқаулар беріледі, авиаторлар құрамы нақтыланады, дайындайды, оқытады, қауіпсіз шаралары Денсаулық сақтау министрлігімен қадағаланады, бұйрық беріледі. Онда пестицидтер қолдану мерзімі, күн тәртібі, уақыты, ұшу биіктігі, желдің жылдамдығы көрсетіліп бекітіледі.

Тұқымды уландыру. Себуге дейінгі тұқымды уландыру орталықтандырылған, тұқым белгілі пішіні, көлемі, ірілігі, ұсақтылығы зауытта ретке келтіріледі, ауылшаруашылық мекемелерде ұйымдас-тырылып жүргізіледі.

Тұқымды уландыру технологиялық циклдан тұрады: онда тазаланады, калибрленеді тұқым уландырылады (қант қызылшасы, мақта, жүгері, күріш т.б.) гигиеналық тұрғыда уланған тұқымдарының орталықтандырылған пішіні арнаулы орындарда өткізу жеңіл, ол кеде жұмысшы еңбегінің сауықтыру жағдайы жабдықтармен қамтылады, өндірістік үдерістер механикаландырылуы қажет.

Орталықтандырылмаған жеке мекемелерде, тұқымды себуге дейін бірнеше күн қалғанда уландырылады (күздік, жаздық дақылдары, күзде және көктемде жүргізіледі).

Уландыру құрғақ, жартылай құрғақ және ылғалдандырылу жүргізіледі. Оның мәні, тұқымды аралас ұнтақ уландырғышпен анықталған қарым – қатынаста өткізу.

Сапалы уландыруды жүргізу түрлі аурулар (гоммоз, фузариоз, қаракүйе) қоздырғыштарынан тұқымды зарарсыздандыру, негізгі қолданылатындар сынапты органикалық қосындылар (гранозан, филизан 2,5, протрав Р, лейтозан, руберон, риоген, фунгимог, агронах, радософ). Соңғы жылдары кеше нді әсерлі меркуран, меркурагексан қолданылып жүр. Сынап – органикалық пестицидтердің, өндіріс орындарындағы ауаға 2-10 есеге түсу мүмкіндігін кеміту үшін тұқымды уландыру құрғақ немесе ылғалдық тәсілмен жүргізеді.

Тұқымды уландыру орындарында өте қуатты, жақсы алмастыратын желдеткіштер болуы керек. Құрғақ уландырылуда комбенезон, қолғап, арнайы аяқ киім, тыныш жолдарын қорғайтын реапиратор, пестицидтердің қолдануында тозаңдануы, газдануы қарсы паторондары болуы қажет. Жұмыс уақыты уландыру орындарындағы мерзімі 4 сағат.

Уландырылған дәндерді арнаулы қапшықтармен, шаң өткізбейтін кездемелі емес материалды қапшықтар, маркерлерген штамптары бар («Уланған у» деп жазылуы керек ) ыдыстарымен тасымалданады.

Уланған тұқымдарды себу, сынапты – органикалық препараттарын алып жүріп тұқым сепкіштер тыныс аймағына әкеледі. Тұқым сепкіш тұқымды себуге күні бұрын тексеріліп жөнделеді, сепкіш жәшіктердің қақпағы өте тығыз себу кезіндеде берік жабылуы керек.

Уландырылу жұмысы аяқталған соң, барлық себу машиналары, сепкіш, уландырғыш машиналар тазартылады, міндетті түрде зарарсыздан-дырылады.

Пестицидтермен жұмы кезіндегі қауіпсіздік щаралары. Химиялық және биологиялық заттардан қауіпсіздік сақтаудағы еңбек жұмысын жағдайын жасауға: жұмысты механикаландыру, белгілеп ұсынылған санитарлық ережелер, нұсқаулар және нормативтер, ЖҚҚ пайдалану ережелері орындалуы керек.

Барлық, химиялық және биологиялық препараттарымен жанасып жұмыс істейтіндер жеке қорғаныс құралдарымен (комбенезон, ер адамдар костюмі, халаты, резиналы етігі, кебістер, резиналы қолғап, алжапқыш, респератор, противогаз, қорғаныш көзілдірік т.б.) қамтамасыз етіледі. Арнайы киімдері, пішіні шақ, дұрыс тігілеген, денеге жабысып тұратындай, түймеленген бауы бар, еркін қимылға мүмкіндік беретіндей болуы керек.

Әр адам ЖҚҚ – дарын өз мөлшеріне лайықтап таңдап, өзіне ғана арналғандай болатын, барлық маусымды өткізу кезінде өзіне тиесілі жұмыс атқаруы керек. ЖҚҚ белгілі орында, өз шкафында, киім ілгіште, таза күйінде құрғақ бөлмелерде тұруы керек. Қорғаныш жабдықтар киімдер пестицидтер сақталатын орындарында сақтауына, тұруына арнаулы киім кешектерін үйіне алып кетуіне тиым салынады.

Шаңға қарсы жұмыс уақытында ұшпалы ұсақ ұнтақты препараттардан қорғайтын респираторлар және противогаздар патрондары, өздеріне сай қораптары болады – ұшпалы пестицидтермен жұмыс істеу кезінде қолданылады. Әрбір противогаздарды қораптардың өз төл құжаты, пестицидтердің аты жазылады, жұмыс істеуге болатын ұзақтық мезімдері көрсетіледі.

Тыныс мүшелерін қорғайтын Ф–62 Щ, У-2К, Астра-2, «Липесток-200», «Липесток -40», «Липесток -5», РПГ-67 маркалы респираторлар көмегімен іске асырылады.

Барлық санитарлық ережелерге сай, ауыл шаруашылығында сақталу, тасымалдану, ядохимикаттарды қолдану ДСМ – нің арнаулы бұйрығы арқылы, жыл сайынғы медициналық тексерулерден пестицидтермен жұмыс атқаратындар жұмысқа шақырылады, қатыстырылады.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ

Қазақстанда халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы салалары ішіндегі ең маңыздысының бірі мал шаруашылығы, оны интенсивтендіру және қоғамдық тиімділігін көтермелеу бірінші мәселе.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың ең негізгі бағыттарының бірі болып саналатыны индустрияландыруды жүйелі енгізу, өндірістік негізде фермалар мен кешендер жасау болып табылады.

Мал шаруашылығының индустриялы негізге өтуі малдардың көп шоғырланған жаңа қуатты кешендерді тұрғызумен және қолданыстағы мал фермаларын қайта қалпына келтірумен, сондай-ақ малға азық беру, суару, сауу, қилардан тазарту сияқты негізгі жұмыстарды,технологиялық үдерістерді механикаландыру арқылы жүзеге асырылады.

Мал шаруашылық кешені – ет, сүт, құс шарушылығында жұмыртқа өндірісі бойынша индустриялы түрдегі ірі мамандандырылған кәсіпорындарындағы бұндай кешендер құс фабрикалары деп аталады.

Сүт беретін малдар үшін өнеркәсіптік кешендер және фермалар сиырларды байламалы түрде ұстағанда 400, 800, 1200 басқа және байламауда 1200, 1600, 2000 басқа арналып жасалады. Ірі қара малды бордақылау кешендері 3, 6, 9 және 12 мың басқа, ал бордықылау алаңдары 1-ден 30 мың малға есептелген.

Шошқа еті өндірісінің қуаттылығын 6, 8, 12, 24, 54 және 108 мың малға арналған аяқталған өндірістік жүйесі бар мамандандырылған кешендерде жүзеге асырылады.

Өндірістік құс фабрикалары 250-500 мың мекиен тауықтарды, 3-10 млн. қоңды балапандарды, 1-1,5 млн. үйрек балапандарын, 250-500 мың күркетауық балапандарын өсіруге және асырауға есептелген.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің индустриялы әдістерге өтуімен, кешендер тек қана типтік жобалар бойынша салынады. Нәтижесінде оларды жобалау және салыну деңгейлерінде сақтық санитарлық қадағалаудың сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл мал өсірушілердің микроклимат жағдайлары, жұмыс орындарының жарықтандырылуы, малдардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын газ тәрізді өнімдерінің (аммиак, күкіртсутек, көмірқышқыл газы және т.б.) орташа мөлшері сияқты гигиеналық көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын жақсартуға септігін тигізді.

Мал шаруашылығының мамандандырылуы, технологиялық шаралардың кешенді механикаландырылуы, өндірістік үдерістің ағымды ұйымдастырылуы, мал өсірушілердің еңбек жағдайын түбегейлі түрде өзгертті, оны өндірістік кәсіпорындар жұмысшыларының еңбегіне едәуір жақындата түсті. Алайда мал өсірушілердің еңбегінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жабық ғимараттарда аумағы кішігірім , шоғырланған малдың көптеген санымен тұрақты тығыз қатынаста болуына байланысты.

Мал шаруашылығын индустриялландыру негізінде еңбек жағдайлары бойынша біршама ерекшеленеді. Мамандандырылмаған ауыр қол жұмысының үлесі азайды, еңбектің өзара қатнастық бөлінуі пайда болды, бір операторға деген мал саны күрт өсті т.б. Қазіргі мал шаруашылық кешендерінде дәстүрлі жем берумен қатар міндетті түрде теңдестірілген шоғырланған аралас біріктірілген азықтарды (комбикорм) қолдану қарастырылған. Олардың құрамына көптеген әртүрлі биологиялық қоспалы заттар кіреді. Осылай, малшылардың еңбек жағдайы ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта факторлары да біршама өзгерді. Сонымен бірге, физикалық факторлардан шаң, жұмыс орындарының ауасының, малшылардың арнайы киімдерінің және тері қабатының микробтармен ластанатынуы болатыны да ерекше көңілді бөлуді қажет етеді. Қазіргі мал шаруашылығында бөлінетін әртүрлі иістергеде көңіл, олда шешілмек өзекті мәселенің бірі. Осылай, биологиялық факторлар мал шаруашылығының өндірістік ортасындағы негізгі факторы болып табылады.

Мал шаруашылығы нысандарының әртүрлі механизмдер мен машиналардың қолдану , толықтығы шектелген деңгейден асып түсетін интенсивті өндірістік шудың пайда болуына алып келеді.

Мал күтімі жұмыстарының жоғарғы қарқындылығы өсуі, жауапкершілігі, үлкен топтағы малдармен жұмыс істегенде жарақаттанушылық қауіпі, малшылардың еңбегінде көңіл күйіне ауыртпалық түсіріп келеді. Соңында, мал шаруашылығын өндірістік негізге ауыстыру, ірі кешендерді тұрғызу, ластанудың үлкен массасын жинау, тазалау және залалсыздандырудың күрделі, яғни, қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық мәселесі бірінші жолға қойылады.

Табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, фермалар мен кешендер типтік жобалар бойынша салынуы керек.

Фермалар мен кешендер құрлыстарын салу, негізгі (сиыр, бұзау, шошқа, қой, тауық қоралары, малды жемдеу бөлмелері) және қосымша (әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар, жем цехтары) болып бөлінеді.

Санитарлық-қорғау аймағының ені фермадағы малдардың санына тәуелді: ірі қара мал ұстайтын фермаларды 100, 150, 200 м болып белгіленеді; шошқа шаруашылығы үшін -200, 250, 500 м. Санитарлық-қорғау аймағы көгалдандырылған және ыңғайландырылған болу қажет.

Бордақыланатын ірі қара малдар, 6-12 айлық төлдерге, бордақылайтын мал басына қарай және жайылатындарға да азықтық алаңы салынуы керек.

Сүт өндіру негізіндегі өндірістік кешенді ғимараттар - сауын сиырларға, мал туатын, 20 күндік жаңа туған төлдерге, сиырды сауу залы, сауу бөлмелері, жасанды ұрықтандыру пункті , жайылатын бос сиырларға да арналып салынатын албар, алаңдар болуы керек.

Өндірістік негіздегі құрлыстарды шошқаларға арналған кешен ішінде , жеке басты шошқаларға, ана бастыларға, алғаш төлдейтін буаз мегежіндерге, торайлары бар анабас мегежіндерге, анасынан бөлінген торайларға, бордақыланатын шошқаларға, албарлы жайылатын асты қатты жабынды алаңдары, сонымен қатар малдар емдейтін жас малдарға арналған орындар болады.

Құс фермалары үшін жеке павильондық немесе аралас типті құрлыстар тұрғызылады.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қазіргі заманғы мал шаруашылығық өнімдерін алу технологиясында : а) бір түрге жататын малдардардың жасы, жынысы бойынша, физиологиялық және өнімділік қасиеттеріне байланысты жүзеге асырудың арнайы принципінде (бөлек бөлме, секция, цехтарда); б) өндірістік принцип циклінде толассыз және ырғақтылығы негізінде үдерістерді барынша механикаландыру және еңбек бөлісі қарастырылады.

Сүт өндірісін тәжірибесінде сиыр күтімінің 2 жолы енгізілген – байлап ұстау мен байлаусыз бағу. Сиырды байлап ұстауда - шөп салу, суару және сиырды сауу арнайы алаңдарда жүргізіледі. Малды байлау және бос жіберу механикалы түбегейлі сенімді механикаландырылмағандықтан және күнделікті жайылуға малды бос жіберу әдістері еңбектенудің көп шығыны. Қазіргі таңдағы ең прогрессивті әдістердің бірі, бұл – сиырларды байлаусыз - бокста ұстау. Бұл бокстарда қоршалған ақырлада азықтандыру орнында, су ішетін орны бөлек, ал сиырды сауу – арнайы сауу залында жүргізіледі. 40-50 бас сиырға арналған жеке ақырларға, серуендеу алаңдарына шығатын бөлек есігі болады. Қазіргі уақытта, барлық мал-шаруашылықтарында заман талабына сай сауу арнайы сауу машиналарын пайдаланып жүргізіледі. «Елочка», «Карусель», KDU-6 және басқалар сияқты тұрақты сауу қондырғылары ең тиімді және прогрессивті сауын жабдықтары..

Сиыр желініне массаж жасау әдістері қолданады және (сауу кезінде) желінін жуып тазалау, сауу жабдығын жуып тазалау шаралары механикаландырылған қарастырылған, кейбір шаруашылықтарда арнайы құрылған.

Үлкен ірі қара мал кешендерінде кеңінен таралған бордақылау әдістерінің бірі - байлап бағу әдісі, сирек – сиырды байламай жайып бағу әдісі қолданылады.

Шошқа шаруашылығында малдарды өсірудің 2 әдісі қолданылады - байлап бағу және бос жіберу. Үлкен шошқа кешендерінде байлап бағу, топтық және малды еркін ұстау қолданыста. Тұқым беруші қабан мен буаз мегежін шошқалар арнайы мал қораға кіргізіледі, ал еметін торайлары бар шошқаны бөлек оқшауланған мал қораға кіргізеді. Бұл жағдайда, үйірге түсетін еркек шошқа арнайы бекітілген мал қораға , ал торайлары анасына қол жетімді мал қораға қамайды.

Торайлар үшін физиологиялық оңтайлы ауа температурасы (30-32 ° C), жергілікті инфрақызыл жылытқыш құралдарының көмегімен сүйемелдеп ұсталып тұрады. Ересек шошқа үшін оңтайлы температура 15-18 ° С.

Мәселен,шошқа өсіретін шаруашылықтарда өндірістің ырғақтылық циклы, көп шоғырланған мал басына арнайы шошқалар үшін өсіру ағымының көрнектілігін бақылай алады. Мысалы, 108 мыңға дейінгі мал басы бар шошқа өндіріс кешенінде өндірістің бір күндік ырғағы қолданылады.

Күніне 44 мегежін шошқа ұрықтандырылып, 33 мегежін шошқаның торайлары , жалпы алғанда 320—330 торайлар туылады. Күніне 310-315 торайлар анасынан шығарылып, салмақ қосып бордақылануына 300-310 жіберіледі, содан соң салмақ алған шошқаларды ет өңдеу зауытына өткізеді. Сыйымдылығы 54 мың шошқа өндіріс кешенінде өндірістің екі күндік ырғатылығы сақталады т.б. қолданылады. Шошқаның туылып, салмақ алып ет өңдеу зауытына өткізуге дейінгі бүкіл үдеріс толығымен 222 күнді құрайды.

Циклдық шараларға жататындар: жасына қарай туатын малдарды топтастыру, малдың салмағы бойынша (кесте), олардың нөмірлерін, піштіру жұмыстары, көрсетілген ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралары, бағалау, дезинфекциялау;