Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Ауа сынамасын алу әдістері және сынаманы талдау

Ауа сынамасын алу негізінен 2 әдіспен – аспирационды (ауаны жұтқыш орталар арқылы сору) және бір кезеңді шектелген сыйымдылықты ыдыстарға алумен іске асырылады. Бірінші әдіс, ауаның салыстырмалы аз көлемдегі зерттейтін заттарды анықтаудың жоғары сезімталдықты әдіс болмаған жағдайда қолданылады. Екіншісі, жоғары сезімталдықты әсер болған жағдайда,сонымен қатар, қысқа мезгілді технологиялық үдерістер кезінде қолданылады.

Ауа сынамасын шыны ыдыстар және пластмассалық қаптарға, сұйықтықтар, сорбенттер және сүзгіш материалдарға алынады.

Ауа сынамасын алуға арналған құралдар мен аппараттар келесі аспирациялық қондырғылар болып табылады: электрлі аспираторлар, шаң сорғыштар және басқа шығын көзі және шығын өлшегіш қондырғылары (ротаметрлер, реометрлер, газды сағаттар) бар қондырғылар.

Алынған ауа сынамасын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

  1. фотометрлік

  2. газды хромотография

  3. жұқа қабатты хромотография

  4. қағаздағы хромотография

  5. полярография

  6. экспресс әдістер:

а) стандартты шкалалар бойынша ерітіндінің колориметриясы

б) реактивті қағаз қолданылатын колориметрия

в) индикаторлы түтікшелер қолданылатын сызықты колориметрлік әдіс.

Одан басқа бүгінгі күнде ауаны талдау үшін атомды-абсорбциялық спектрофотометрия, хромато-массопектрометрия, нейтронды-активациялық, флюоресцентті, лазерлік және басқа әдістер қолданылады.

Ауа ортасының жағдайын бағалау

Жұмыс орнының ауа жағдайы санитарлық талаптарға сай бағаланады, егерде ШРЕК-тен аспайтын болса.жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы солар үшін бекітілген. Жұмыс аймағы ауасында бір уақытта әр бағыттағы бірнеше зиянды заттардың болуы әр удың қосарланған әсері оқшауланған әсерден айырмашылығы болмаса, ШРЕК-ке шамаланатын улылығы жоғары заттардың әсері басым болады. Жұмыс аймағы ауасында бір уақытта бір бағыттағы бірнеше зиянды заттардың болуы ауадағы олардың әр қайсысының концентрациясының қатынасының суммасы олардың ШРЕК 1-ден аспауы керек.

Берілген жұмыс орны ауа жағдайы ШРЕК-тен асқан жағдайда санитарлық талаптарға сай емес деп саналады, еңбек гигиенасы дәрігері жұмысшыларды қорғау және қауіптілікті болдырмау шараларын жүргізу үшін химия кәсіпорны-ның әкімшілігін хабардар етеді.

Өндірістегі әртүрлі уақыт аралығындағы (квартал, жыл) зиянды заттарды бақылау нәтижелерін салыстыру және сауықтыру шараларын бағалау үшін кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) санитарлық салауаттылық көрсеткіші қолданылады. Химия кәсіпорнының санитарлық салауаттылық көрсеткіші жұмыс

Автоматты бақылауды талап ететін жеделбағытты әсер ету механизмді заттар

Заттың аталуы

ШРЕК мг/м. куб

Қауіптілік класы

Азот тотықтары

Цианды алкил

Цианды бензил

Фторлы бор

Мырышты сутек

Фосфорлы сутек

Хлорлы сутек

Цианды сутек

Диметилсульфат Изопропилнитрит

Йод

Кадмий тотығы

Кобальт гидрокарбонил

Кобальт тетракарбонил

Метилизоцианат

Никель карбонилі

Озон

Перфторизобутилен

Күкіртсутек

Тетраэтилқорғасын

Толуиленизоцианат

Көміртегі тотығы

Фенилизоцианат

Формальдегид

Фосген

Фосфор хлороксиді

Хлор

Хлор диоксиді

m-Хлорфенилизоцианат

n-Хлорфенилизоцианат

Этиленимин

Этиленхлоргидрин

5.0

0.3

0.8

1.0

0.1

0.1

0.05

0.3

0.1

1.0

1.0

0,05

0,01

0,01

0,05

0,0005

0,1

0,1

10

0,005

0,05

20

0,5

0,5

0,5

0,05

1,0

0,1

0,5

0,5

0,02

0,5

2

2

2

2

1

1

1

2

1

2

2

1

1

1

1

1

1

1

2

1

2

4

2

2

2

1

2

1

2

2

1

2

аймағсы ауасындағы зиянды заттардың құрамы бойынша берілген учаскедегі (N), цехтағы және кәсіпорын бойынша жұмыс орнының жалпы санына ауа ортасының жағдайы (n) бойынша санитарлық шектеулердің талаптарына сай келетін жұмыс орны санының қатынасы ретінде анықталады және мына формула арқылы есептеледі:

К = n x 100,

N

мұндағы: К (санитариялық салауаттылық көрсеткіші), 100%-ке тең болуы ауа ортасы жағдайының санитариялық талаптарға сай екені туралы айтады; К өлшемі аз болған сайын бұл сәйкестік аз болады.