Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Теңіз астынан мұнай өндірудегі еңбек жағдайының ерекшелігі

Мұнайдың кен орындары құрлықта ғана емес, сонымен бірге теңіз астында да қоры бар. Бұл кен орындары қазіргі уақытта жаңа иновациялық технологиямен өңделуде.

Теңіз сұңғымалары теңіз түбінде жатқан тіректе орналасады және толқын биіктігіне байланысты су деңгейінен 6-8 м биіктікте тұрады. Су бетіндегі тіректер өзара металды фермамен байланысады, олардың беті тақтаймен қапталады. Тіректер үш типті болады: жеке (аралды), бұталы және эстакадалы. Жеке тіректерде барлық қажет жабдықтар, жұмысшылардың жылынатын және ұсталмайтын тамақ қорын сақтайтын бөлмелер орналасады. Бұталы тіректерде бірнеше {6-12} ұңғымалар бұрғыланады. Эстакада да ашық теңізге шығып тұратын 10 шақты шақырым созылған металды кемежай бар.

Теңізден мұнай өндірудегі бұрғылау және ұңғымаларды пайдаға асыру үдерісінің құрлықтағыдан айырмашылығы жоқ. Мұнайды теңізден өндіруде металды конструкцияларды (құрылымдаушы) коррозиядан (таттану) қорғау жөніндегі қосалқы жұмыстар қосылады. Теңіз астынан мұнайды өндіру кезіндегі еңбек жағдайының бір қатар артықшылығы бар:

- ауаның шаңнан тазалығы;

- кәсіпшіліктің акваториясының үлкен аэрациясы нәтижесінде ауаның газдармен ластануы кем;

- теңіз климатының сергіту ықпалы, эстакадаларда шұңқырлардың;, ойпаттардың жоқ болуы;

- тіректерді төгілген мұнайдан тазартудың жеңілдігі.

Сонымен бірге, арнайы теріс жағдайлы ерекшеліктері бар. Олар толкынды тербеліс болған жағдайда жұмыс істеу, яғни, шторм (дауылды) кезінде құрлықпен байланыс үзілуі мүмкін және де тасымаддау ерекшелігі.

Өндірістік жарақаттану теңіз кәсісіпшілігінде жоғары, мысалы, жаракаттың 24% арнайы жағдаймен (шторм, зыбь- кішкене толқын) байланысты. Теңізден мұнай өндіру кәсіпшілігінде микроклимат салқын ауаның орташа жылдық ылғалдылығы жоғары құрлықтағыдан ІЗ - 21%, желдің соғу жылдамдығы (максимальды 4-14 м/с, орташа айлық 0,7-1,7 м/с) тең.

Организмнің салқындауына байланысты аурушыаңдық жоғары. Кейінгі орында өндірістік жарақат, тері және ас қорыу мүшелерінің аурулары алады.

Металды конструкдияларды коррозия өнімдерінен тазарту мен айналысатын жұмысшыларда силикоз ауруының алғашқы белгілері анықталған,

Алдын алу шаралары. Құрлыктағы мұнай кәсіпшілігіне ұсынылган алдын алу шаралары теңізден мұнай өндірушілерге де сақталады. Бірақ организмнің салқындауымен жаракаттанудың алдын алуына көп көңіл бөлінуі керек.

Таратылған металл конструкцияларын лак бояйтын жұмысшыларды еріткіштің буларынан және киіммен денесінің ластануынан қорғау. Бояу жұмыстарын тәуліктің салқын мерзімінде жүргізу және тыныс алу жолдарарын корғайтын заттармен қамтамасыз ету. Дененің ластанбауы үшін арнайы киімдерді (мақта-қағаз матасынан) пайдалану.

Лактармен жұмыс жасайтыи жұмысшылар жылына бір рет медициналық тексеруден (қанның толық клиникалық анализінен) өтулері тиіс.

Санитарлық-тұрмыстык. қызметгің негізгі мақсаты: көліктерді ұйымдастыру, ішер сумен камтамасыз ету, жеке бас тазалығын сақтау шараларын жүргізу.

Мұнайды теңізден өндірудегі медициналық-санитарлық қыізметтің тапсырыстары мұайшылардың кәсіпшлікте болу мерзіміне байланысты шешіледі. Жұмысшылар эстакададан күнделікті қайтарылып отырса, онда жұмысшылар санына байланысты дәрігерлік немесе фельдшерлік пункттер ұйымдастырылады. Егер жұмысшылар кәсіпшілікте ұзақ, мерзім жұмыс істесе фельдшерлік пунктпеи бірге дәрігерлік пункттер ұйымдастырылады.