Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Микроклимат параметрлерін зерттеу әдістері

Ауа температурасын анықтау үшін сынап термометрі (30-35°С) және спиртті (100°С), ол сыртқы ауаның температурасын өлшеуге арналған. Одан басқа ауа температурасын өлшеу үшін психрометрдің құрғақ термометрі қолданады. Ондай жағдайда температура 45-50 °С аспау керек.

Ауа ылғалдылығын анықтау.

Зерттеуді жүргізу үшін психрометр Ассмана деген құралды қолданады. Ол темір трубкаға ұсталған екі термометрден тұрады. Осы трубка арқылы электрлі желдеткіштердің көмегімен зерттелетін ауа сорылады. Ылғал термометрдің резервуары оралған материалды пипетканың көмегімен сулап отырады. Жылдың жылы мезгілінде термометрдың көрсеткіштерді желдеткіштердің жұмыс басталғаннан 4-5 мин. кейін жазып алынады. Қыста желдеткіштерді екі рет бұрайды, бақылау уақыты 15 минутқа дейін.

Абсолютті ылғалдылықты есептеу формуласы:

Р = Рн 0,5 (Тқұрғ- Тылғ ) В/755;

Р - ауаның абсолютті ылғалдылығы,

Рн - ылғал термометрдің температурасы (максималды ылғалдылық)

0,5 - психрометриялық тұрақты коэффициенті,

Тқұрғақ - құрғақ термометрдің көрсеткіші.

Тылғ.- ылғал термометрдің көрсеткіші,

В - барометрлік қысым,

755 – орташа барометриялық қысым

Ауа ылғалдылығын келесі формуламен есептейді:

Ч = 100 х Рп/Рн%

Ч - ауаның анықталатын салыстырмалы ылғалдылығы,

Рн - құрғақ термометрдің максималды көрсеткіші,

Рп - абсолюттік ылғалдылық.

Практикада гигиеналық зерттеулер үшін қарапайым кестелер қолданылады: вертикалды (тіктен) - құрғақ термометрдің көрсеткіші, горизонталды (көлденең) – ылғал термометрдің температурасы. Вертикалды және горизонталды сызықтардың қиылысқан жері салыстырмалы ылғалдылықты анықтайды. Бұдан басқа салыстырмалы ылғалдылықты анықтау үшін гигрометр қолданылады. Ол түкті және қабықты болады. Түк пен биологиялық қабықтың гигроскопиялық қасиетіне байланысты. Ылғалды ортада ісінеді, құрғақ ортада кішірейеді. Салыстырмалы ылғалдылықтың үздіксіз өзгерістерінің тіркеу үшін гигрограф қолданылады. Ол майсыздалған шоғырынан, берілу механизмнен, айналатын барабан және ұшы бар қаламнан тұрады. Шаштың ұзындығының ұзаруы және қысқаруы ол ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты, қаламның ұшы барабан лентасында салыстырмалы ылғалдылықтың қисығын ызады.

Ауа қозғалыс жылдамдығын анықтау.

Желдің бағыты және ауа қозғалыс жылдамдығының жақындауын флюгердің көмегімен анықтайды. Ауа қозғалыс жылдамдығын анықтайтын құрал - анемометр.

Шамалы ауа қозғалысы үшін - кататермометр қолданылады. Кататермометр - ол домалақ резервуарында спирті бар термометр. Термометрдің шкаласы үш градусқа бөлінген - 35°С-тан 38°С-қа дейін. Жұмыс үшін резервуарды 700С суға салып қыздырады, капилляр үстіңгі кеңейген жердің ортасына дейін жеткенде, термометрді судан шығарып, сүртіп зерттеу орнына қояды. Содан соң, секундомермен құралдың уақытын белгілейді (Т). Ауаның салқындау күшін мына формула арқылы табады (Н):

Н = F/T

Мұндағы: Ғ - кататермометрдің факторы немесе 38°С-тен 30°С-ге дейін салқындағанда 1 см. резервуар көлемі бетінен жылу жоғалтуының көрсеткіші (құралдық шкаласында белгіленген).

Содан кейін кататермометрдің орташа температурасын (650С) және ауа температурасын (0°С) және Н-тың О-ға қатынасын табамыз. Ары қарай температураға байланысты ауаның қозғалу жылдамдық кестесін пайдаланады.

Жылу сәулеленудің интенсивтілігін анықтау

Бұл дегеніміз өндірісте кездесетін сәулелі энергияның жалпы жылулық әсерін өлшеу. Бұл мақсат үшін пайдаланатын аспапты - актинометр деп атайды. Жылу сәулеленудің интенсивтілігін ккал/м. сағ. - 1 сағатта анықталатын мәні.

Жылу реттелу үрдісін зерттеу әдістері

Цехтардағы микроклимат жағдайында СанНменЕ «_Өндірістегі еңбек гигиенасы», СанНменЕ "Өндіріс бөлмелеріндегі микроклимат" регламент-телгенімен, практикада оны физиологиялық жағынан температураның ылғалдылықтың, ауа қоэғалысының жылдамдығының қолайлы параметрлерін дәлелдеу керек. Микроклиматтың кешендік әсерін бағалау үшін негізгі үш әдіс:

1. Жұмыс істеп жатқандардың жылу сезгіштігін тіркеу және бағалау;

2. Организмдегі физиологиялық қозғалыстарды анықтау;

3. Организмнің жылу балансын бағалау ұсынылады.

Жұмысшылардың жылу сезгіштігінің көрсеткіштері бойынша микро климат жағдайын бағалау.

Жылу сезгіштік - термиялы -тітіркендіргіштің әсеріне организм реакциясының субъективті көрінісі болып табылады. Гигиеналық зерттеу практикасында жылу сезгіштікті бағалау көбіне 5 балды шкала бойынша жүргізіледі. Жылу сезгіштігі жөнінде дәрігердің қойған сұрағына зерттелуші төменгі жауаптардың бірін береді:

1-суық,

2.- салқын,

3.- жақсы (комфорт),

4.- жылы.

5.- ыстық

Бұл шкала комфорт жағдайын ғана көрсетеді, комфортқа жақын жағдай (салқын, жылы) және дискомфортты жағдай (суық, ыстық). Жылу сезгіш шкаласымен бақылау сұрақтарын жүргіэеді: "Жылырақ па, суығырақ па немесе осылай қалдыру керек пе? " деген. Бұл зерттеушіге өзінің жылу сезгіштігін айқын анықтауға мүмкіндік береді. Жұмысшылар жылу сезгіштігін сұрау мәліметтері организмнің жылулық күйін объективті зерттеу нәтижелерімен комплексті түрде ескеріледі.

Әртүрлі микроклимат жағдайлары әсерінен пайда болатын организмдегі физиологиялық қозғалыстарды бағалау әдістері.

Бұл топ әдістері өте көп. Оның ішінде кең тарағаны тері және дене қызуын өлшеу, жүрек - қан тамыр жүйесін, тыныс алу жүйесінің жағдайын бақылау. ОНЖ күйін білу {дыбысқа, жарыққа рефлекторлы реакцияның жасырын уақытын өлшеу) және газ алмасуын зерттеу.

Тері қызуын өлшеу.

Бұл үшін сынап термометрі және электр термометрі қолданылады. Өлшеу принципі: аспаптың жылу қабылдайтын бөлігі тері бетіне қойылады, біраз уақыттан соң сыртқы жағдайдың және организмнің жылу түзілу жағдайының тұрақтылығында, аспапта терден жылуды алу мен сыртқы ортада берілетін жылу арасында жылулық тепе-теңдік түзіледі. Бұл кезде шындыққа жақын тері бетінің қызуын анықтауға болады.

Дене қызуын анықтау.

Дене қызуын медициналық термометрдің көмегімен қолтық асты бөлігінен өлшейді.

Жылу жоғалтуды ескере отырып жылу балансын бағалау

Жылулық комфорт жағдайы, жылулық тепе-теңдікті сақтауға байланысты, яғни жылудың түзілуі жылуды беруге сай болғанда. Организмнің комфортты жағдайы жылу реттеу үрдістердің күштену дәрежесіне байланысты. Мысалы микроклимат жағдайында жұмыс істегенде жылу балансы бұзылмауы мүмкін, бірақ жұмысшы өз жағдайын дискомфортты деп бағалайды. Бұл жылу беру жолдарының кенеттен қайта таралуына байланысты. Сонымен, конвекция және радиация арқылы жылудың берілуі 20 рет кемуі мүмкін және де осымен бір мезгілде булану арқылы жылудың берілуі жоғарылайды. Яғни тер бөліну аппараттарына көп күш түседі және оның функциясының күштенуі дискомфортты жылулық жағдайды анықтайды. Төмен температура әсер еткенде жұмысшыларда жылу беру негізінен конвекция және радиация арқылы өтеді. Сондықтан жылу реттелу үрдісінің күштену жайлы радиация және конвекция арқылы жылу беру интенсивтілігін анықтау негізінде айтуға болады. Конвекция және радиация арқылы жылу беруді қосынды ретінде тепломермен анықтайды. Тепломер датчиктерін (тетік) дененің әр түрлі бөліктеріне орналастырады (көкірек, қол басы, балтыр) да көрсеткіштерін төмендетеді, ккал/м. сағ. Дене бетінің жалпы жылу берілуін (конвекция және радиация) есептегенде келесі формуланы қолдануға болады:

О - 0,07q (бет) + 0,05 q (көкірек) + 0,18 q (сан) + 0,20 q (балтыр)

О - дене бетінің жалпы жылу берілуі (ккал/м.сағ.);

q - дененің әр түрлі бөліктерінің жылу беруі (ккал/м.сағ.).

Кейбір жағдайларда радиация арқылы жылу берілуді анықтау керек болады, ол үшін дифференциалды радиометрді қолданады. Алынған нәтижелер дененің әр түрлі бөліктерінен радиация арқылы жылудың берілуінің бірдейлігін анықтауға мүмкіндік береді және де организмнің жалпы жылулық балансындағы және жылу беру жолдарының бөлігін анықтауды ескереді. Булану арқылы жылуды беруді "сүзгілі дәптерлі әдісімен" анықтайды. Бұл әдістер бөліну интенсивтілігін анықтауға және булану арқылы жылу берілуді есептеуге мүмкіндік береді, ескеретін жағдай булану кезінде адам 1г. термен 0,6 ккал жылу жоғалтады, 5 минутта сүхгілілі қағаздың бірнеше қабатына сіңген терді анықтау арқылы қорытынды беруге болады. Сүзгілі дәптер бетіне калька қойылған, размері 4х2см екі сүзгілі қағаздан тұрады. Анықтау алдында дәптерд і электроаналитикалық таразыда өлшейді де салмағын калькаға жазады. Кейін дәптерлерді кептіріп жұқа лейкопластырь жолағымен терінің белгілі бөліктеріне бекітеді. Дәптерлерді бекітілген реті бойынша алады, өлшеуді бірден жүргізеді. Тер бөлінудің интенсивтілігін 6 нүктеде өлшейді: маңдай, көкірек, қолдың сыртқы жағы, сан, балтыр, арқа. Тер бөлінудің орташа жергілікті ылғал жоғалтуда дене бетінің 1 м. есепте жолымен төмендегі формуламен анықтайды:

Р = К 0,07 (бет) + 0,25 П (көкірек) + 0,25 П (арқа) +0,05 П (қол басы) + 0,1 П (сан) + 0,20 П (балтыр)

Мұндағы, Р - тердің орташа мәні г/м. сағ.

К - коэффициент, 15 г/м.сағ. тең

П-мг-ғы 5 минутта бөлінген тер саны, терінің 8 см. бөлігінен.

Осы формуланы қолданып, тер бөліну арқылы жылу беруді есептеуге болады ОП, 0,6 ккал/сағ. коэффициентін қосып, булану арқылы толық жылу берілуді анықтау үшін тердің булануына байланысты жылу беруге өкпе бетінің булануынан пайда болатын жылу беруді қосады. Тер бөлінудегі жылу беруді біле отырып өкпе арқылы жылу беруді есептеуге болады.

Оөкп - Көкп х Оп

Мұндағы, Оөкп - өкпе арқылы жылуды беру, Көкп - өкпе арқылы жылуды беруді есептеу коэффициенті, ол ауа температурасына байланысты:

О0С - та 0,43 тең

18°С – 0,30

280С - 0,23

35 °С - 0,035

45°С - 0,015-тең.