Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Салыстырмалы ылғалдылық

Салыстырмалы ылғалдылық жер асты жұмыстары кен орнындағы судың көптігімен және оған қарағанда температурамен сыртқы ауаның ылғалдылығының төмендеуімен сипатталады. Салыстырмалы ылғалдылық 75-85%-ға дейін жетеді, бұл бағана жанындағы кен орнында, ал соңғы забойда 95-98%, қыста шахтада төмен ылғалдылықтағы суық ауа түседі, кейін ол жылынады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы құрғақ кен орнында төмендейді.

Қоршаған ортаның зиянды газдармен ластануы

Кенді атмосферадағы газдардың ішінде гигиеналық мәні бар - ол жарылғыш газдар. Олар азот тотығы, көміртегі тотығы. Осы газдардың мөлшері, қолданылған қопарғыш заттардың құрамына және жаруға кеткен заттарға байланысты. Ауа алмасуы нашар кен орындарында қопарғыш заттармен улану қауіптілігі жоғарылайды, әсіресе соңғы забойларда. Қопарғыш заттардан басқа, жер асты кен орындарының ауасының құрамында метан, күкіртті сутек және күкіртгі газ болады. Метан (кендік немесе сазды газ) - табиғи газ, ауадан жеңіл. Ол метан жер қойнауының шөгіп жатқан жынысына жақын орналасқан жерде пайда болады немесе көмір қабатының қатты болған жерінде кездеседі.

Күкіртті сутек - ауыр газ. Күкіртті колчеданға сумен қышқыл әсер еткенде бөлінеді, сонымен бірге, құрамында күкірті бар затқа мұнай әсер еткенде (гипс және т.б.), орман шіри бастағанда бөлінеді.

Күкіртті газ - жер асты кен орындарында өрт болған кезде пайда болады.

Қоршаған ортаның шаңмен ластануы

Пайдалы қазбаны алудағы негізгі фактор - шаң болып табылады. Ол қатты заттар механикалық ұсақталып, кеннің атмосферасына түседі. Кендегі шаң әрқашанда аралас шаң болып табылады. Оның құрамында кеннің бөлшектері мен бос жыныс болады. Әр түрлі үлкен коицентрациядағы кендегі шаңмен ұзақ, уақыт дем алу пневмоканиоздың дамуына себеп болады, соның ішінде көп тараған түрі - силикоз. Силикоз қауіптілігі, оның құрамындағы болатын кремнийдің бос қос тотығының болуына және оның жоғарғы дәрежелі полиморфизмді қасиетіне байланысты. Ол табиғатта кристалды және аморфты формада кездеседі. Кремнийдің қос тотығының ең көп тараған түрі - кварц. Кен байыту жұмыстарында силикоз кауіптілігі, ол жыныста болатын кремнийдің бос қос тотығының мөлшеріне байланысты болады. Егер 10% кем болған жағдайда да бос кремнийдің қос тотығы қауіпсіз деп айтуға болмайды, өйткені, оны өңдегенде көп мөлшерде шаң бөлінеді. Ал 10% жоғары болса, онда силикоз қауіптілігі болады. Кейбір пайдалы қазбаларды, соның ішінде силикаттар (нефелин, оливин), осы заттардың шаңының әсерінен силикатоз дамиды.

Кеннің шаңы аралас болып келеді, ол да әсер етеді. Мысалы: қорғасын, сынап, фтор, мышьяктың минералдары кремнийдің қос тотығының әсерін жоғарылатады. Кеннің шаңының құрамындағы кремнийді қос тотығының құрамына темір тотығы, кальций және алюминий қосылғанда кремнийдің зиянды әсері төмендейді. Шахтада қазіргі уақытта шаңның пайда болу көзі ретінде жару жұмыстары табылады. Тау кен өндірісінің жер асты өндіру жұмыстарында ылғалды әдісті енгізгенге дейін құрғақ пневматикалық бұрғылау әдісі қолданылғанда 85%-дай шаң шыққан. Бұрғылаушының тыныс алу аймағындағы шаңның концентрациясы таудың мықтылығына, балғамен жұмыс істейтін адамдар санына және шаңды ұстағыш заттарға байланысты. Егер жер қойнауы неғұрлым қатты болса, бұрғылаушының тыныс аймағындағы шаң жоғары болады. Жару жұмыстары басқа технологиялық, үдерістермен салыстырғанда шаңның көп бөлінуімен ерекшеленеді (бірлік уақытында). Забойда желдетілмейтін бөлмедегі ауадан шаңның мөлшері, жарғаннан кейін П. Н. Торскийдің анықтамасы бойынша 500-2000 мг/м3 жетеді. Қопарылыс жұмысы кезіндегі шаңның пайда болуы тек тау массивін ұстаумен ғана байланысты емес, өндіру кезіндегі тұрып қалған екінішілік шаңның көтерілуіне де байланысты болады. Сондықтанда, забойда жару жұмыстарының алдында интенсивті түрде суландыру жұмыстары жүргізіліп, шаңды азайтады. Жер асты өндіру жұмыстарындағы тағы бір шаңның пайда болатын көзі - тиеу және түсіру жұмыстары. Оған қолмен және механикаландырылған тиеу жұмыстары жатады. Люктардан вагонеткаға тиеу - скрепер арқылы тау жыныстарын тиейтін жерге жеткізу, горизонттан горизонтқа тасымалдау, бункерден тиеу және т.б. тұрады