Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-к.ЕГ 02.10..15 293 б.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Химия өнеркәсібіндегі сауықтыру шараларының негізгі бағыттары

Кәсіпорындардағы сауықтыру шараларының құрамында ұйымдастыру-технологиялық, гигиеналық, санитарлық-техникалық, емдеу – алдын алу сипаттағы шаралар болуы тиіс.

Қазіргі уақытта, химия өнеркәсібінде ұйымдастыру-технологиялық сауықтыру шараларының ішінде кең қолданылатыны:

а) улы заттарды улылығы аз заттармен алмастыру;

б) шаңды материалдарды өңдеудің құрғақ әдісін ылғалды әдіспен ауыстыру;

в) соңғы өнімді шаңсыз түрінде шығару;

г) жұмысшылардың зиянды заттармен жанасуын болдырмайтын өндірістің прогрессивті технологиясын қолдану;

д) өндірістік бөлме ауасы және зауыт ал жабдықтарды пайдалану;

е) технологиялық үдеріс регламентінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Еңбек жағдайын сауықтырудың радикалды жолы болып технологиялық үдерістерін зиянды химиялық компонентті толығымен алып тастау болып саналады.

Бірақ, химиялық затты зияндылығы аз затпен ауыстыру, затты толығымен алып тастау бұл барлық еңбек жағдайын сауықтыру міндеті. Өндірістік жабдықтарды және технологиялық үдерісті жетілдіру шараларын енгізу, дайындау есебінен зиянды заттардың сыртқы орта нысандарында болуын қауіпсіз шекке дейін төмендету болып табылады.

Осындай шаралар, санына өндірістің тұйық және қалдықсыз циклын қолданып, өндірістік үдерістерді автоматтандыру және кешенді механикаландыру, жетілдірілген өндірістік жабдықтарды енгізу және дайындау, қашықтан басқаруы бар үздіксіз химиялық үдерістерге ауысу немесе автоматикалық бақылауды енгізу жатады.

Вакуум немесе төмен қысымды үдерістерді қолдану, ескірген жабдықтарды өз уақытында ауыстыру, технологиялық үдерістің тәртібінің бұзылуымен күрес жүргізу және технологиялық регламенттердің қатаң сақталуына көп көңіл бөлінуі тиіс.

Гигиеналық сипатты сауықтыру шаралары химиялық заттардың жаңа токсикологиялық бағалануына, шикізат және дайын өнімді стандарттау, ауадағы зиянды заттарға әрдайым бақылау жүргізуге негізделетінін есте сақтау қажет.

    1. Химиялық өндірістің құрылысын салу және қайта құру кезіндегі сақтық санитариялық қадағалау

Сақтық санитарлық қадағалау және күнделікті санитарлық қадағалау жүргізу кезінде оптималды технологиялық шешім таңдауға, жабдықтар түрі, оны орналастырылуына, жұмысшылардың денсаулық жағдайына және еңбек үдерісі факторларына көп көңіл бөлу керек.

      1. Санитарлық қорғаныс алаңы (сқа) және бас жоспарға қойылатын талаптар

Химия өндірісінің арнайы ерекшеліктері (әртүрлі зиянды заттардың бөлінуі, жоғары өрт және жарылыс қаупі және т.б.) МСЭҚ ұйымдарының химия өндірісінің немесе химия кәсіпорындарының бас жоспарын бағалауда, СҚА ұйымдастыру және бекітуге өнеркәсіптік алаңдарды таңдауға дейін қойылуын талап етеді. Барлық химиялық кәсіпорындарға тән маңызды гигиеналық мәселе, бұл тек өнеркәсіптік алаң ауасының ғана емес, басқа да алаңдар ауасының зиянды заттармен ластануы және де айналасындағы аумақ, тұрғын массивтің ауа бассейнінің ластануы.

Химиялық кәсіпорынның алаңын жоспарлау «Өндіріс орындарының бас жоспары.Жобалау нормасы» СНмен Е-ге сәйкес жүргізіледі. Өнеркәсіптік алаңды жоспарлауға қойылатын гигиеналық талап ең алдымен өндірістің қуаты және сипатымен, атмосфераға шығатын тастамалар және өнеркәсіптік қалдықтардың сандық және сапалық құрамымен анықталады. Химиялық кәсіпорындарды тұрғын аудандардың тікелей қасында орналастыруға рұқсат етілмейді. Кейбір химиялық өндірісте қажет болған кезде санитарлық қорғаныс алаңын үш есе кеңейтуге болады, мысалы, жаңа жеткіліксіз зерттелген өндірістің құрылысын салу кезінде, шығарылатын ластанған ауаны тазалауға арналған қондырғылардың тиімділігінің жеткіліксіздігі кезінде СҚА тұрғылықты аумақ немесе химиялық кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңын кеңейтуге арналған резервті аумақ бола алмайтынын есте сақтау қажет.

Химиялық өндірістің құрылысын салу үшін жер учаскесін таңдау кезінде жел өті және ауа райы туралы мәліметтерді есепке алу қажет. Химиялық кәсіпорындар тұрғын массивке қарағанда жел жағынан орналаспауы қажет. Зиянды заттар қалдықтары көп болатын кәсіпорынды әлсіз желді, атмосфераның ұзақ инверсия жағдайы болатын, з иянды заттармен атмосфераның фондық ластануы бар аудандарда салуға болмайды. Бұдан басқа бір өндірістің басқа өндіріске теріс әсері болмауы тиіс.

Жаңа және қайта құрылып жатқан нысандарды орналастыру, жобалау, құрылысын салу, пайдалануға беру кезінде, жұмыс істеп жатқан нысандардың пайдаға асыру және техникалық қайта өңделуі кезінде селитебті ауммағының атмосфералық ауасында ластанушы заттардың ШРЕК-ң сақталуын және халықтың жалпы демалу орындарындағы 0,8 ШРЕК сақталуын қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы тиіс. ШРЕК немесе 0,8 ШРЕК-ң сақталуы заттардың биологиялық әсері немесе олардың атмосферадағы трансформациялы өнімдерінің қосындысы және де атмосфераның жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан және салынуға белгіленген нысандардың нәтижесінде ластануы есепке алынып бағаланады. 1 және 2 класқа жататын өндірісті сейсмоқауіпті және қанағаттанарлықсыз аэроклиматтық жағдайы бар алаңдарда орналастыруға тыйым салынады. СҚА кеңдігін жоғары жел бағытын (312,5%) есепке алып корректирлеу кезінде, Р 12,5% болатын бағыттар бойынша қысқартуға тыйым салынады. СҚА жайластыру және ұйымдастыру жобасы химиялық зерзат жобасымен біруақытта дайындалуы тиіс.

Химиялық кәсіпорындардың бас жоспарына баға берген кезде кәсіпорын аумағыының аймақтануына, аумақтың салыну пайызы, аймақ және өндірістің орналасуы, ғимарат осінің бағытына, олардың арасындағы үзіліске көңіл аудару маңызды. Химия кәсіпорындарында келесі аймақтарын ажыратады: өндірістік, қоймалық, қосалқы цехтар және әкімшілік-шаруашылық. Өнеркәсіптік зиянды заттардың көзін (өндірістік ғимарат және ашық алаңдардағы қондырғылар) әкімшілік-шаруашылық аймағы және зиянды зат шығармайтын өндірістік нысанға қарағанда леп соғатын жағына орналастыру гигиеналық көзқарас бойынша ұтымды болып табылады. Химиялық кәсіпорындардың бөлек ғимарат және құрылыстарын кәсіпорын алаңдарында желдету жүйесі арқылы келетін және келмейтін ауаны сору және ауаны кондиционерлеу орнында сыртқы ауадағы зиянды зат болуы өндірістік бөлменің жұмыс аймағы үшін ШРЕК-дан 30% аспайтындай етіп орналастыру қажет.

Алаңдарды желдету кезінде циркуляциондық аймақтардың маңызы ерекше, бұл ғимараттар және бөлек жабдығы бар сыртқы қондырғылардың жанында түзіледі. Циркуляциялық аймақтарда тұйық нашар желденетін аймақтар жатады. Циркуляциялық аймақтар (жел жағынан, желдің ық жағынан, бірыңғай және ғимараттар аралық) мөлшері – биіктігі 1,8 м ғимараттың биіктігі, маңдай алды бойынша ғимараттың ұзындығы (кеңдігі), тереңдігі – 4-тен 10-ға дейінгі ғимарат биіктігі. Циркуляциялық аймақта ауаға түсетін, оны ластайтын заттардың ұзақ циркуляциялануы және жиналуы болады. 11-89-80 СНменЕ-ге сәйкес қосалқы ғимараттарды 1 және 2 қауіптілік класқа жататын заттармен ластану көзі бар ғимараттар мен құрылыстардың жанында түзілетін циркуляциялы аймақтан тыс орналастыру қажет. Химиялық өндіріс нысандарында әкімшілік-шаруашылық және қосалқы алаңдарды өндірістік және көлік-қойма аймағынан үзіліс арқылы бөлу керек.

Бас жоспардың салыстырмалы гигиеналық сипаттамасы келесі көрсеткіштерді ескеруі тиіс: аймақтар арасындағы үзілістің аумақтық ауданы, жыл бойы өндірістік ғимарат және жабдығы бар сыртқы қондырғылардың циркуляциялық аймағыынан тыс болатын; жыл бойы желдетуге ұшырайтын және құрылыстан бос аумақ ауданы; ауданы негізгі ластағыш көзі болып табылатын өндіріске қарағанда жыл бойы желдің ық жағында болатын аумақ ауданы; жыл бойы циркуляциялық аймақтан тыс орналасқан жабдығы бар ашық алаңдар ауданы; пайыз бойынша циркуляциялық аймақтан жоғары түсетін желдеткіштің қалдықтардың көлемі.

Химия кәсіпорындарының бас жоспарын дайындағанда көгалдандыру (көп ауысымда 1 жұмысшыға 3 м-ден кем емес немесе кәсіпорын ауданының 15%-тен кем емес) және зауыт аумағына жайластыру, санитарлық қорғаныс аймағын қарастыру қажет.

Өндірістік бөлмелердің ішкі өңделуі және жоспарлау шешімдері

Химия кәсіпорындарының өндірістік бөлмесінің жоспарлау шешімдері еңбек қауіпсіздігі және гигиеналық жағдайына көп әсер етуі мүмкін. Кейбір жағдайда жеке технологиялық үдерстің және операциялардың оқшаулануы еңбек жағдайын сауықтырудың шешуші жалғыз шарасы болуы мүмкін.

Химия өндірісінің өндірістік жабдықтар және аппаратурасын бір, екі- және көп салалы бірқабатты ғимараттарда, павильон типті ғимаратта, ашық алаңда, сөрелерде және жеңілдетілген типті ғимараттарда орналастырады.

Бірқабатты ғимараттарды горизонтальды технологиялық үдерісті өндіріс үшін қолданылады, мысалы, жамаулық масса, таңғыш және резина-техникалық бұйымдар өндірісі.

Көпқабатты ғимараттарда вертикальды технологиялық процесті әртүрлі химиялық өндірісті орналастыру тиімді. Мысалы, органикалық синтез, органикалық қышқылдар және еріткіштер өндірісі және с.с.

Павильонды типті ғимараттарды вертикальды және горизонтальды, технологиялық үдерісті өндірісті орналастыру үшін қолданады. (Мысалы, анилинді бояулар, синтетикалық каучук және басқа өнім шығаратын кәсіпорындар).

Соңғы жылдарда технологиялық жабдықтарды ашық алаңдар немесе жеңілдетілген типті ғимараттарға шығару кең сыналып жатыр (мысалы, бутил спирті өндірісі).

Өндірістік ғимараттардың ішіндегі жоспарлау шешімдерін таңдау кезінде технологиялық цикл үдерісінде түзілетін және пайдаланатын заттардың қауіптілік және улылық дәрежесін ескеру қажет. Қазіргі уақытта химиялық өнеркәсіпте келесі жоспарлау типтері кең таралған:

1.Бір қабатты немесе көп қабатты ғимараттар тікелей бір-бірімен жалғасқан бөлмелерде бөлім және жеке цехтарды орналастыру.

2. Қабатаралық қоршаулары жоқ, яғни, қабаттар арасында қуысы бар ғимараттар.

3. Цех және учаскелердің бөлмелері бір-бірімен дәліздермен жалғасқан ғимараттар.

4.Технологиялық жабдықтар өндірістік кабинада орналасатын, технологиялық шараларды қашықтан басқару дәліздермен жүргізілетін ғимараттар.

5. Басқару пульті (тетігі) бөлек бөлмеде болатын жиі оқшауланған шығу есігі бар ғимараттар.

Бөлінетін зиянды заттардың қауіптілік және улылық дәрежесіне қарап, ұсынылатыны:

- 1, 2 типті ғимараттарда 4 қауіптілік класына (қауіптілігі аз заттар) жататын заттар қолданылатын өндірісті орналастырады.

- 3 типті ғимаратта – 3 қауіптілік класына (қауіпті заттар) жататын заттар түзілетін және пайдаланылатын өндірісті орналастырады. Бұл өндірісті егер аса қауіпті технологиялық шараларды желдетілетін кабинаға жекелейтін болса, жартылай 1 және 2 типті ғимараттар орналастыруға болады.

- 4 және 5 типті ғимаратта 1 және 2 қауіптілік класына (аса қауіпті және жоғары қауіпті) жататын заттарды пайдаланатын өндірісті орналастыру тиімді.

Жоспарлау шешімдерін талдау кезінде өндірістік қауіптілігін реакциялардың бастапқы, аралық және соңғы өнімдері бойынша бағалау керек, технологиялық үдерісті соған сәйкес орналастыру керек. Ыстық климатты аудандарға жоғары қауіпті заттар қолданылатын өндіріс үшін, басқару дәлізінің ластануын болдырмау үшін, басқару дәлізін өндірістік кабинадан толығымен оқшаулау, кабинаға ауладан кіруді қарастырып жоспарлау ұсынылады. Дәліз ауасы тек ауаны жіберу кезінде ластануы мүмкін.

Кейде пульттік бөлмелер ғимараттар жоғары қабаттарында орналасады. Пульттік бөлмеге цехтан кіреді, жұмысшылар ауа ортасы улы заттармен ластануы мүмкін өндірістік бөлме арқылы өтеді. Олар жұмыс уақытының көп бөлігінде цехта белгіленген орнында жабдық қасында болады. Бұл жағдай да пульттік басқару бөлмесіне кіру баспалдақтары немесе ластанған дәлізден болуын қарастыру қажет.

Химия өнеркәсібіндегі жұмысшылардың еңбек жағдайына жер көрсететін жоспарлау шешімі, бұл технологиялық үдеріс және жабдықты ғимараттан тыс орналастыру болып табылады. Осылай реактор және басқа вакуумда қалыпты және жоғары қысым кезінде 2-4 қауіптілік класына жататын заттар қолданылатын жабдықтар орналастырылады. Бұл кезде технологиялық жабдықтың қымтылылуы, зауыт алаңы атмосфераның ластануын болдырмау, жөндеу жұмыстарын дұрыс жасап және т.б. қарастырылады.

Қазіргі уақытта жабдықтарды ғимараттан тыс орналастырудың бірнеше нұсқалары қолданылады:

а) өндірістік ғимараттарда жалғасып тұрған сыртқы қондырғыларда;

б) бірқабатты ғимараттардың шатырында;

в) ашық алаңдарда. Жабдығы бар ашық алаңдар ғимараттар және құрылыстармен бірге технологиялық тізбекке бірігеді.

Ашық алаңда жабдықты орналастырумен байланысты өндірісті гигиеналық бағалау жұмысшылардың арнайы еңбек жағдайының (улы заттардың мүмкін әсері, қолайсыз жағдайлар), бұл өндірістің зауыт алаңы аумағының ауа ортасы жағдайына және кәсіпорынның орналасу ауданындағы атмосфералық ауаға әсерін қарастыру қажет.

Осылай жоспарлау шешімдерін дұрыс таңдауда технологиялық көрсеткіш ғана емес, гигиеналық талаптарды да міндетті түрде есепке алу керек.

Өндірістік бөлмелерді ішкі өңдеу жұмыстары кезінде қолданылатын әртүрлі құрылыстық материалдары, жабынды және лактардың үлкен гигиеналық маңызы бар, өйткені көптеген органикалық және бейорганикалық газ және бу тәрізді заттардың осы материалдармен жақсы сорбциялану (сорылып) және ауаға олардан десорбциялану қабілеті бар. Құрылыс материалдарында химиялық заттардың депосы (қоры ) түзілуі мүмкін. Десорбция процестері ауаның тетраэтилқорғасын, хлор, фтор, сынап сияқты химиялық заттармен ластануын жоғарылатуы мүмкін.

Өндірістік бөлменің ішкі өңделуіне пайдаланылатын материалдар ретінде құрылыс материалдарын нақты химиялық заттардан қорғайтын жабындыларды пайдалану керек. Тиімділігі жоғары кремний органикалық, перхлорвинилді және басқа қосылыстарды пайдаланып жасалған лак-бояу жабындыларының жаңа түрлері болып табылады. Химиялық өндіріс бөлмесінің ішкі өңдеу жұмыстарына қолданылатын материалдар тазалау, ылғалды және вакуумда жуу, жинауға қажет болған кезде дезинфекция жүргізуге төзімді болуы керек.