Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.

Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың құндылығын анықтау үшін туристік-рекреациялық ресурстарды зерттейді.

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық

қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктердің əсерінен технологиялық дəрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғи жəне антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық (мəдени-тарихи). Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, "табиғи рекреациялық ресурстар – бұл белгілі уақыт ішінде адамдардың демалысын ұйымдастыруға арналған, рекреациялық іс- əрекет үшін қомфортты қасиеттері бар табиғи жəне табиғи-техникалық геожүйелер мен табиғаттың құбылыстары".

"Əлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға" тарихи-мəдени объектілер (ескерткіштер жəне атақты жерлер, мұражайлар жəне т. б.) жəне құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік жəне т. б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан материалдық жəне рухани болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатын жəне қозғалмайтын болып жіктеледі.

Материалдық ресурстар өндіріс құралдары мен қоғамның басқа да

материалдық құндылықтарының жинағын қамтыса, ал рухани ресурстар – қоғамның жетістіктерін білім, ғылым, өнер, əдебиет жағынан қамтиды.

Қозғалмайтын ресурстар тобын тарихи ескерткіштер, сəулет өнерінің объектілері, археологиялық жəне монументтік құрылыстар құрайды.

Қозғалмалы ресурстар тобына өнер ескерткіштері, археологиялық заттар, минералогиялық, ботаникалық жəне зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер жəне оңай қозғауға болатын заттар жатады.

Тарихи жəне мəдени ескерткіштер негізгі белгілері бойынша бес негізгі түрге бөлінеді: тарихи, археологиялық, сəулет өнері жəне қала құрылыстары, өнер, деректі ескерткіштер.

Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің

дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады.

Археология ескерткіштеріне қалашықтар, ескі үйлердің орны, бекіністер, өндіріс жəне су құбырлары, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер жатады.

Сəулет өнері ескерткіштеріне сəулет ансамбльдері мен кешендер, тарихи орталықтар, алаңдар, көшелер жатады.

Өнер ескерткіштеріне бейнелеу өнері, декаративті-қолданбалы

шығармалар жəне басқа да өнер түрлерін жатқызуға болады.

Деректі ескерткіштер – мемлекет биліктерінің актілері, бейне-,

фотоқұжаттар жəне таспа жазулар, сондай-ақ көне жəне басқа қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар.

Əлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға тарихпен, мəдениетпен жəне қазіргі адамдардың іс-əрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, тамаша салынған спорт кешені, хайуанат паркі, ботаникалық бақтар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер, театрлар, этнографиялық жəне фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар, халық дəстүрлері жəне т. б.

Туризмді дамыту үшін табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық қолайлы жағдайы бар аумақтар өзінен-өзі туристік ресурс бола алмайды. Егер оған сұраныс болса жəне оны игеруге туристік шаруашылық мүмкіндіктері табылса, онда олар туристік ресурстарға айналады.

Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары:

1) ТРЖ-нің потенциалды сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері (қолайлы рекреациялық аумақтардың көлемі, туристік орталықтардың экскурсиялық потенциалы);

2) ресурстардың таралу ауданы (жағажайлардың көлемі, территорияның сулы, орманды болуы);

3) туризм мезгілін, туристік ағымның ырғақтығын анықтайтын

эксплуатациялық кезең (климаты қолайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы) туристік мезгілді;

4) көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші;

5) ақша капиталының аз жұмсалуы жəне пайдалануға кететін

шығындардың тым жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға жəне əлеуметтік-экономикалық нəтижелер алуға, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін жеке қолдануға мүмкіндік береді;

6) табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация жəне сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік-рекреациялық ресурстарды көп-теп пайдалану мүмкіншілігі.

Демалыс пен туризм үшін пайдалынатын ресурстарды тура жəне

қосымша түрлерге бөлуге болады. Біріншісіне туристердің өздері қолданатын ресурстар, яғни ландшафттың көз тартарлық ерекше сұлулығы жəне экзотикалығы, жергілікті жердің емдеу-сауықтыру қасиеті, тарихи-мəдени ескерткіштері жəне басқа да танымдық объектілері жатады. Тура туристік ресурстарды игеру үшін қосымша ресурстарды, яғни шикі-зат, энергетикалық-жанармай, материалдық, қаражат, еңбек ресурстарын тарту қажет. Туристік-рекреациялық ресурстар туризмнің аумақты ұйымдастырылуына, туристік аудандар мен орталықтардың қалыптасуына əсерін тигізеді.

15. Территорияға рекреациялық баға берудің критерийлері мен əдістемесі, табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстарға баға берудің əдістемесі, территорияның тұтас туристік потенциалы туралы түсінік.

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп,

жарамдылығын анықтау – туризм географиясының ең басты мақсаты.

Мəдени мен тарихи объектілерінің туристік-рекреациялык ресурстардағы маңыздылығына қарамай, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуына негізгі шарттар жасайды.

Сондықтан, отандық жəне шетелдік зертеушілер ертеден-ақ география əдебиетінде туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына баға берген.

Рекреациялық табиғи шарты ретінде табиғи-аумақты жəне аквальды

кешендер жəне олардың жеке қасиеттері болып табылады.

Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайларға баға беру өте қиын. Емдік ресурстарына баға беруден айырмашылығы, бұл жерде пейзаждың тартымдылығы, экзотикалығы, қайталанбайтындылығы бағаланады.

Баға субъекті мен объектінің арасындағы қатынастарды көрсетеді. Онда баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

1) баға берудің объектісін анықтау, яғни табиғи кешендердің

компоненттері мен қасиеттерін бағалау;

2) субъектіні анықтау, соның позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі қолданылады;

3) зерттеудің мақсатымен жəне субъектінің қасиеттерімен анықталатын баға берудің критерияларын жасау;

4) баға беру шкалаларының көрсеткіштерін құрастыру. Шкалалар

субъекті мен объектінің арасындағы бағалық қатынастарды көрсетеді. Бұл жағдайда шкала сатылардың саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Əрбір саты объекті мен субъектінің арасындағы байланыстың интенсивтілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін бағалаудың 5-сатылы шкаласы келесі градациядан тұрады:

1 - ең қолайлы; 2 - қолайлы; 3 - біршама қолайлы; 4 - аз қолайлы; 5 -

қолайсыз.

Туристік-рекреациялық ресурстарға баға бергенде бағаланатын объектіні (ресурстың түрі, объект немесе аумақ) жəне субъектіні (туризмнің түрі, рекреациялық шаралардың циклі, демалушылардың категориясы) ескереді.

Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар:

1. Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дəрежесін табу;

2. Психолого-эстетикалық – демалушыларға тиетін табиғат ерекшелігінің эмоциялық əсерлеріне талдау жасау;

3. Технологиялық – мамандандырылған жəне кешенді ТРЖ

қалыптасуының мүмкіндіктерін жəне туризмнің əр алуан түрлерін

ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтау.

Ресурстардың құндылығын анықтау жəне олардың түрлерін тиімді

пайдалану үшін, рекреациялық ресурстардың кешенді сипаты баға берудің үш түрін үйлесімді болуын қажет етеді.

Баға берудің медико-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам организміне əсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медико-биологиялық баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалыс пен туризм

үшін климаттық ресурстарға баға беруге əдістер жүйесін ұсынған (Чубуков, 1975). Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға əсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

Адам организмінің жақсы күйде болуы ауаның температурасы мен

ылғалдылығы келесі үйлесім бойынша анықталды .

Психологиялық-эстетикалық баға бергенде адамға тиетін табиғи

ландшафттың ерекшеліктерінің эмоциональді əсері бағаланады. Баға берудің əдістемесі өте күрделі. Сондықтан ол кез келген табиғи кешенге адамның эмоциялық реакциясымен анықталып қана қояды.

Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құндылық

ландшафтың морфологиялық құрылымына, табиғат пейзаждың əртүрлілігіне тəуелді. Осыдан "табиғат пейзаждың əртүрлілігі" деген түсінік енгізілді. Бұл түсінік 1) – табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2) – басқа да табиғи кешендермен сыртқы байланыстан тұрады.

Технологиялық баға беру адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс-əрекеттің "технологиясы" мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, бүкіл рекреациялық жүйенің жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инженерлік-құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды.