- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы мынадай анықтама берілген: бұл – материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстарды игеру мен пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтерді айырбасталуы мен қолданылуын материалды жəне материалды емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер
мен ұйымдар жиынтығы. Туризм индустриясының мекемелері мен кəсіпорындары үш топқа бөлінеді:
1. Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік-экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері.
2. Демалыс орында туристерге жəне жергілікті халыққа тұрмыстық, мəдени-танымдық, сауда қызметтерді көрсететін мекемелер.
3. Туризмнің материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркəсіп мекемелері жəне оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетін кəсіпорындар, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.
Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді:
біріншіден, туристік мекемелердің орналасуы ресурстарға бағытталады; екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден инфрақұрылымының даму деңгейіне қойылатын жоғарғы дəрежедегі талап.
Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тəн бірқатар
ерекшеліктері бар, солар арқылы туризм саласы халық шаруашылығының басқа да салаларынан бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) белгілі бір жерде өндіріледі жəне тұтынылады (тасымалдауға уақыт кетпейді). Туризмнің екінші ерекшелігі –
оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірілінге дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылығымен байланысады – турист алған өнімдерді "өзімен алып шығады", яғни жақсарған денсаулық,
көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім жəне т.б.
Туризмде ұсынылатын қызметтер территория бойынша бөлінеді.
Туристерге қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін жерлерінде көрсетіледі (ақпараттық қызмет). Басқаларын (ақпараттық, көліктік қызметтер) турист саяхат кезінде алады. Үшіншісін – туристер туристік
орталықтарда (орналасу, тамақтандыру, емдеу, көңіл көтеру) алады. Туризм индустриясы туристік өнім өндірушісі болып табылады, туризм индустрия арқылы халықтың туристік қажеттері қанағаттандырылады.
Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымдылығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі жəне жылдам таралуы да соған байланысты.
22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету – халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мəселесі. Туристер белгілі бір елдің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болып табылады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық əсерінің көтерілуіне септігін тигізеді. Əр түрлі категорияда көрсетілген сапаға талдау жасау оның мəнін түсіндіреді. Туристік салада туристердің материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер өндіріледі. Туризмде өндіру пен тұтыну процесі арнайы ресурстарды (табиғи-климаттық, мəдени-тарихи) тартумен байланысты. Ресурстар арқылы рекреациялық, іскерлік, емделу қажеттіліктері қанағаттанады. Мұндай процесте адамның эмоциялық-психологиялық қажеттілігі де қанағаттанады.
Психологиялық факторлардың əсерінен туристік қызмет көрсетудің сапасы қалыптасады. Солар арқылы туристерге сапалы қызмет көрсету деген түсінік кеңейіп толықтырылады. Туризмде жоғары сапада қызмет көрсету халықтың саяхат жасауға шығынын көтереді. Бұдан да жоғары сапада қызмет көрсету қалтасы қалың клиенттерді тартады, елімізге валютаның түсімін арттырады.
Туризмдегі сапалы қызмет екі түрлі игілікпен (тауарлар жəне қызмет) жəне екі түрлі қатынаспен (материалды жəне материалды емес) тығыз байланысады. Сапалы туристік қызметтің критериялары бір немесе көп мағыналы болуы мүмкін. Сапалы туристік қызметтің критериясы мен көрсеткішінің арасында айырмашылық болуы тиіс. Туризмнің болашақта даму бағыты мен жалпы сапалы сипаттамасы критериямен байланысады (критерий – баға беру мөлшері). Өз ретінде ол көрсеткіштер жүйесі арқылы анықталуы мүмкін. Бұл
көрсеткіштер арқылы туристік қызмет көрсетудің сапасын өлшеуге мүмкіндік береді. Көрсеткіштер арқылы туристік қызмет көрсетудің сапасын салыстыруға болады.
Орналастыру ортасының көрсеткіштері:
1) туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пəтерге тез арада орналастыру;
2) ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдын ала бөлінген нөмірге жылдам орналастыру;
3) орналастыру ортасында тыныштық сақтау;
4) орналастыру орындарында жоғарғы талаптарға сай санитарлық нормаларды сақтау;
5) қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар; 6) кең көлемде туристерге қосымша қызмет көрсету (тегін немесе ақшамен).
Орналастыру орнына берілген категория қызмет көрсету деңгейіне сай болуы керек.
Тамақтандыру сферасындағы қызмет сапасының өлшемдерінің
көрсеткіштері:
1) берілетін тағамдарды көркемдік жағынан көрсету дəрежесі, оның температурасы, дəмділік сапасы;
2) аспаздық өнімдердің, сусындардың жəне басқа да тауарлардың ассортиментінің əртүрлілігі;
3) туристерге жылдам жəне сыпайы түрде қызмет көрсету;
4) тапсырманы орындау жылдамдылығы;
5) келушілердің тамақтануы кезінде көрсетілетін қызметтің мөлшері жəне барлық ережелерді қызмет көрсету кезінде сақтау;
6) тамақтану залындағы тазалық пен жайлы жағдайды ұстап тұру дəрежесі;
7) қоғамдық тамақтандыру мекемелерде мəдени тəртіпті, міндетті
фирмалық киімдерді жəне жеке гигиенаны сақтау дəрежесі;
8) көрсетілген баға бойынша тағамдардың жəне сусындардың құрамы мен салмағын сақтау.
