Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа жəне ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тəулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тəуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық жəне мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік – ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы. Бұл туризм түрі өз кезегінде жаздық, қыстық және мезгіларалық түрлерге бөлінеді.

55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.

Ұйымдастыру жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б)əуесқой (өз жоспары бойынша); в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Турфирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен

маршрут бойынша турларды сатып алады.

Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы – əуесқой жəне жабайы

туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Əуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Əуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды. Туризм жеке жəне топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, əдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар архео-логиялық, мəдени-өнер жəне тарихи болуы мүмкін.

Алғашында барлық туристік іс-əрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нəтижесі болды. Бірте-бірте коммер-циялық туризмге қарсы əлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Əлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристік мекемелерге де өте тиімді. Сонымен, əлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз

адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет жəне мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.

56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.

Адамның саяхат жасау немесе туризммен айналысуы барысында қимыл іс-әрекетіне байланысты туризм мынадай түрлерге жіктеледі: 1.Көліксіз(белсенді)-адам өзінің физиологиялық күшін жұмсау барысында жүзеге асатын туризм түрі.Яғни аты айтып тұрғандай белсенді түрде әрекет етеді және ешқандай көлік түрін пайдаланбайды. Белсенді немесе көліксіз туризмнің көптеген түрлерін ажыратуға болады. Оған мыналар жатады: Жаяу, Таулы, Шаңғы, Альпинизм, Суда жүзу, Су астында, Спелеотуризм, Жүгіру,Конькимен жүгіру, Тау шаңғысы.

2.Моторсыз көлікті пайдалану-туризммен айналысушы өзінің қалауы бойынша моторы жоқ көлікті пайдалынып, сол көлікті игеру үшін өзінің күшін жұмсайды. Оған мыналар жатады: Велосипед, Салт атпен, Дельтапланеризм, Желкенді-ескекті, Жегу туризмі.

3.Моторсыз көлікті пайдалану(белсенді емес)-турист саяхат барысында көліктің кез-келген моторлы түрін пайдаланады. Егер белсенді туризм түрінде адам өзі тауға шығып, жарысқа қатысса, ал белсенді емес туризм түрінде адам сол жарысты көру үшін алысқа сапар шегуі мүмкін. Мысалы, қалаған футбол командасының ойынын көру үшін шет елге бару. Белсенді емес турим де өз кезегіде бірнеше түрлерге жіктеледі. Оған мыналар жатады: Авиациялық, Автобустық, Автомобильді, Теміржолдық, Теңіздік, Өзендік, Су моторлы, Мотоциклді, Буерді.

Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды.

Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз – бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында – Нью-Йорк порты. Круиздік туризммен айналысатын елдер – Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.