- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
Жалпы туризм саласына талдау жасап, оның дамуын жоспарлап тұру қажет. Осындай жұмыстармен туризм географиясы айналысады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым. Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты – туристік қозғалыстың табиғи, экономикалық, əлеуметтік жəне басқа да аспектілерін ескере отырып, оны басқарудың теориялық негіздерін құрастыру.
Сонымен, туризм географиясы келесі мəселелерді қамтиды: туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа жəне оның шаруашылық кешенінің қалыптасуына туризмнің əсерін; туризмнің дамуынан туындайтын жəне қоғамның шаруашылық іс-əрекетіне əсер етін аумақта болатын құбылыстар мен үрдістерді. Міне, осыған байланысты, туризм географиясының алдында біртұтас маңызды міндеттер тұр. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971 ж. Б.Б. Родоман дəл тауып айтқан: "Географтардың мақсаты – басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау жəне картаға түсіру бойынша əдістемелерді жасау, аумақты үнемді пайдалану, табиғатты қорғау жəне ландшафтардың рекреация үшін сұлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандарының типтік модельдерін салу, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу". Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізігі түсініктеріне көп орын бөлінген.
46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мəнін жоғалтқанда басталды деп санайды. Біздің заманға дейінгі ІV мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.
Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхат-таушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері жəне арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін əкелмеді. Жол тораптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз
мемлекеттерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды (ұзындығы 3 мың км). Бұл жолдар Вавилон, Сузы жəне Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткей аймақтарымен байланыстырып тұрды. Əрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар (керуен-сарайлар) орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды. Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция жəне Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді. Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастайды.
Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне жəне курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (V-VІ ғғ. б.з.д.) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц əйгілі
ерекшелігімен пайдаланылды.
Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.
