Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

23. Туристік өнім туралы түсінік.

Туризм индустриясы туристік өнім өндірушісі болып табылады, туризм индустрия арқылы халықтың туристік қажеттері қанағаттандырылады. Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымдылығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі жəне жылдам таралуы да соған байланысты. Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлікке бөлінеді:

- тур;

- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;

- тауарлар.

Тур келесідей бөлінеді: 1) туристік пакет жəне 2) маршрутта көрсетілетін қызметтер кешені.

Туристік пакетті туроператорлар ұсынады жəне маршрутта міндетті

түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:

– туристерді көлікпен демалыс орнына апару жəне алып қайту:

– трансфер;

– орналастыру жəне тамақтандыру;

– міндетті түрдегі экскурсиялық жəне мəдени бағдарлама.

Туроператор туризмде маңызды роль атқарады, себебі ол əр түрлі

қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру жəне т.б. қызметтерді) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.

Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік

нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің

айырмашылығы – турагент турдың сапасына жауапты емес. Өз жұмысы үшін турагент комиссиялық сыйлық алып тұрады, негізінен турдың жалпы бағасынан 7-15%.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.

Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынның құрылымы

келесідей бөлінеді:

– тур – 50%;

– қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30%;

– тауарлар – 20%.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамадакөрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойыншакөрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасынакірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны жəне т. б. Қосымша қызметтерді туристер өз ақшасына сатып алады.

Тауар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған туристік карталаржəне қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристіңтұрғылықты елдегі дефицит тауарлар жəне т.б. жатады.

Туристік сұраныс жəне ұсыныс туризмнің экономикалық құрылымның

элементі ретінде туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарлардытарату сферасын құрайды.Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің көлікке кететін шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.

24. Туризм менеджменті туралы түсінік.

Барлық қызмет жүйесі екі шағын жүйеге бөлінеді. Оның біреуі

ресурстарды өңдеп, тауарға жəне қызмет көрсетуге айналдыратын шағын жүйе, ал екіншісі – басқару жүйесі, оның міндеті – бірінші шағын жүйенің іс-əрекеттерін бақылау жəне оған жетекшілік ету. Əдебиеттерде екінші жүйені басқару жүйесі немесе менеджмент жүйесі деп атайды. "Менеджмент" деген сөз (ағылшын сөзінен – management) "басқарма" деген мағына береді.

"Менеджер" – менеджмент саласында көпжылдық дайындығы бар, білім деңгейін əрдайым көтеріп тұратын маманданған басқарушы. Қазір нəтижелі менеджмент индустриясы дамыған мемлекеттердің негізі, ал дамушы елдерде ең керекті ресурсы болып отыр. Жеке мекемелердің экономикалық жағдайын 3 негізгі фактор анықтайды: техника мен технология деңгейі; жұмыс күшінің сапасы; өндірісті ұйымдастыру жəне басқару (менеджмент). Ең соңғы фактор, яғни менеджмент алдыңғы екі

факторларға əсер етеді.

Қазіргі басқару жүйесі қарапайым жəне икемді болуы керек. Туризм сферасындағы менеджмент туристік мекемелердің іс-əрекетін жəне ұйымдастыру ерекшеліктерін ескереді.

Туризмнің бірнеше өзіне тəн ерекшеліктері бар. Туристік саланың ерекшеліктері басқару объектісі ретінде, туристік бизнестің менеджерлері келесі мəселелерді жақсы түсінуі керек: бұл сала

басқа салаларға ұқсамайды, сондықтан басқару моделін басқа бір еңбек сферасынан туризм сферасына аудара салу мүмкін емес.