- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайданы адамдар ерте заманнан байқаған. Солай болса да, тек ХІХ жүзжылдықтан ғана бастап туризм көптеген аймақтың экономикасына елеулі əсерін тигізе бастады. Туристерге көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың өсуіне байланысты, кейбір елдер мен аймақтарда ХХ ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын "туристік индустрия" деп атай бастады. Туристердің қажеттерін қанағаттандыру үшін туризм аудандарын шаруашылық жағынан игеру қажет. Туристік шаруашылық дегеніміз əр түрлі бөлімдердің белгілі бір кешені, олардың құрылуы жəне дамуы туристердің келуі жəне тұруымен байланысты. Туристік шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады. Туристік шаруашылықты тура жəне жанама түрге бөледі. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бірінші топқа туристерге ғана қызмет көрсететін мекемелер мен объектілер жатады: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар, арнайы жолдар мен көлік орталықтары жəне т. б. Олар, атап айтқанда – туристік объектілер. Екінші топқа туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер жатады, бірақ та оларды туристер
анда-санда да пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық жəне мəдениет мекемелері. Бұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаға жіктелген: түнеу (орналастыру), тамақтандыру, коммуникациялық жəне қосалқы.
Қандай бір саяхат болмасын ол туристерді орналастырудан басталады. Көп нəрсе осыған байланысты. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішіндегі бастысы – түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері, пансионаттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар, мотельдер, кемпингтер, палаткалар жəне т. б.
Туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудың да үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады. Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық, ашық жəне аралас түрлерін айырған жөн. Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте күрделі.
Туристік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда жəне ауада жүретін болып жіктеледі.
Көлік, түнеу жəне тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің ішінен, қосалқы қызметті бөліп қарау керек.
20. Туризмнің концептуалды моделі.
Кеңес кезіндегі география ғылымында территориялық рекреация жүйенің моделі жасалынған. ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында ғалымдар тобы В.С. Преображенскийдің (1975) басқаруымен, кейін Н.С.Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтардың (1981) жұмыстарында одан əрі дамытылды. Батыс елдерінде 1983 жылы Г. Гуибилатомен жасалынған, кейін
1988 жылы Г. Ваккерманмен толықтырылған туризмнің концептуалдық моделі пайда болды. Жоғарыда айтылған ғалымдардың теориясы бойынша туризм жүйесі екі шағын жүйеден тұрады (сурет): "туристік іс-əрекет субъектісі" (туристер) жəне "туристік іс-əрекет объектісі" (туристік ресурстар, туристік мекемелер мен ұйымдар). Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушы немесе сатып алушы рөлінде, ал туристік қызмет көрсетушілер – сатушылар рөлінде болады. Осылай болғанда, туристік іс-əрекет субъектісіне, яғни туриске – жүйеде қарсы
тұратын туристік іс-əрекет объектісі, яғни "туристік шаруашылық" болмақ. Туристік шаруашылық туристер тұтынатын тауар мен қызметтерді өндіреді. Туристік шаруашылық екі бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар мен туристік инфрақұрылым. Туристік инфрақұрылымға туристік мекемелер, ұйымдар жəне кəсіпорындар кіреді.
Туристік шаруашылық туристерге қызмет көрсететін басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, "туризм индустриясын" құрайды.Экономикалық, əлеуметтік, технологиялық, саяси жəне экологиялық макроорталарымен бірге туристік жүйе күрделі құрылым болып табылады. Сыртқы дүние туризм жүйесіне қатты əсерін тигізеді, оның əсері екі түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда туристік іс-əрекеттің дамуына мүмкіндіктер туғызса, басқа бір жағдайда керісінше тіптен жойылып кетуіне қауіп туғызады. Жойылып кетпей нəтижелі жұмыс істеу үшін туризм жүйесі
қоршаған сыртқы өзгерістерге бейімделіп тұру қажет.
