Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

25. Туризм маркетингі туралы түсінік.

Маркетинг – ұйым мақсаттары мен ресурстарының сыртқы ортаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне байланысты процестер. Соңғы 40 жылдың ішінде маркетинг түсінігі өзгерістерге ұшырады. Алғашқы кезде ол өндіріс пен мекемелердің өніміне бағытталған болатын. Мақсаты – кіріс, ал мақсатқа жету құралы – тауарды сату болды. Өнімнен тұтынушыларға

бағытталған маркетингтің жаңа түсінігі 1960 жылдары Батыста пайда болған; мақсаты – баяғыдай кіріс, ал оған жету жолдары кеңейіп: өнім, баға, тауарларды нарыққа жылжытуды қамтыды. 1980 жылдарда Батыс елдерінде стратегиялық маркетинг түсінігі пайда бола бастады, содан кейін эволюциялық маркетинг жалғасты. Маркетингтің стратегиялық концепциясы дегеніміз көзқарасты тауардан немесе тұтынушыдан сыртқы ортаға аудару, яғни жетістікке жету үшін тұтынушыны белгілі бір ортада зерттеу тиіс, оған əсер ететін макроортаның факторларына (экономикалық, экологиялық, саяси, əлеуметтік жəне т.б.) талдау жасау керек. Маркетинг технологиясын, қағидаларын, концепцияларын туризмде 1971 жылы алғашқы қолданған танымал швейцар зерттеушісі Х.Криппендорф болды. Бұл ғалымның туристік маркетингке берген түсінігі мынадай: "Туристік маркетинг дегеніміз туризм облысындағы жеке меншік

жəне мемлекеттік саясат, туристік мекеме іс-əрекетінің жүйелі өзгерістері мен координациясы. Бұндай өзгерістердің мақсаты – табыс түсіру мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір топ тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыру ".

Сонымен, маркетинг – бұл концепция, стратегия жəне мекеменің

нарықтағы тактикалық тəртібі. Маркетингтің мақсаты – нарықтың талабын зерттеп, қоғамның жəне қоршаған ортаның талабына сай нарықта өзінің стратегиялық тəртібін орнату.

Туристік маркетингтің ерекшелігі біріншіден, туристік өнімнің

ерекшелігімен анықталады.

Туристік маркетинг-бағдарламасында келесі кезеңдер қарастырылады:

– бірінші кезең: нарыққа талдау жасау жұмыстарының негізінде туристік өнімнің өз жəне бəсекелестік ұсыныстардың қысқа жəне ұзақ мерзімді аспектілері белгіленеді;

– екінші кезең: өзінің жеке жағдайына сəйкес жəне туристік нарыққа шығу мүмкіндігіне қарай кешенді сауда саясатының мақсаты белгіленеді;

– үшінші кезең: алға қойылған мақсатқа жету үшін əрекеттер белгіленеді. Ол үшін:

а) ұсынылып отырған туристік өнімге бейнесі жасалынады, оның

басқалардан артықшылықтары дəлелденеді; б) нарықты сегменттерге бөледі, яғни рекреациялық қажетін өтей алатын

тұтынушы топтары жинақталады;

в) туристік ұсыныстар топтастырылады, яғни туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік тауарлар мен қызметтер кешені ұсынылады;

г) туристік өнімді таратудың пайдалы түрлері таңдалады, яғни туристерге тікелей сату немесе турагенттер арқылы сату жолдарын іздестіреді;

– төртінші кезең: туристік өнімді өткізу құралдарын пайдаланады – өнімді безендіру, оған баға құрастыру, өнімді сату жолдарын іздестіру, жарнама жасау, экскурсиялық қызмет көрсету жəне т. б.

Нарық зерттеулері арқылы ақпараттар жинап, оларға талдау жасап, нарықтың жағдайы мен болашақта дамуы туралы қорытындылар жасалынады.