- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
"Туризм" т əдебиет бетінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, əсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. "Туризм" түсінігі француз тілінен келген (tour –саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсінік XVІІІ ғасырда Британ аралығында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз
білімін толықтыру үшін француздық, итальяндық, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды "grand tour" деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.
1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарға танымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсатымен жасалынатын саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда əр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай, уақытты кетіріп жүретінді турист деп атады. Ресми түрде ғылыми əдебиетте "туризм" түсінігі XX ғасырдың 30-шы
жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин
институтының журналында "Archіv fur Fremdenverkehr" (1930-1931)
мақаласының алғы сөзінде шыққан. Туризм өте кең түсінік, əдебиет бетінде туризмнің əр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар "əр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды" туризмге жатқызды. КСРО–да 1952- ші жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: "Туристік саяхат деп каникул жəне ұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің əр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен жəне мəдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, əскери жəне революциялықескерткіштерімен танысуды айтамыз" – деді. Туризмге қысқа да, сəтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңестік
Энциклопедия) берді: "туризм – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы".
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм
туралы түсінікті толықтап, "туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мəдени жəне əлеуметтік сұрақтардың жиындысы" – деп анықтама берді. Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық жəне концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, əлеуметтік, құқықтық жəне
басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мəнін көрсететін анықтама, пəнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.
38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
Туристік мекеме-бұл кәсіпорын немесе оның өндірістік қызметінің тек бір түрі ғана жүзеге асырылатын немесе қызметінің негізгі түріне қосылған құнның көп бөлігі келетін бөлігі. Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын 3 топқа бөледі:1. Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік – экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпингтер, саяхат және экскурсия бюролары, арнайы көлік тасымалдау, демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді сауықтыру орындары, сувенир мен басқа туристік тауарлармен қамтамасыз ететіндер). 2.Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени-тартымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер(жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубттар). 3.Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер. Туризм индустриясының басты құралы бұл туристік мекемелер. Туристук мекеме дегеніміз- барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп, туристерге қызмет көрсету үшін өндіріс орнын дайындайтын ұйым. Туристік мекемелер өз қызметтерін ұсынып, халықтың туристік қажетіліктерін өтейді.
Туризм жүйесінде ең күрделі орын алатын-туристік ұйымдар. Демек, туристік ұйымдар туристік басқаруларға арналған. Туристік ұйымдарды келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:
*Ұлттық аймақтық белгі бойынша: аумақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі бүкіл әлемдік, аумақтық және ұлттық сипатқа ие.
*Қызмет түрі бойынша: реттеуші, жабдықтаушылар, нарық агенттері, өңдеушілер кеңес берушілер, жобалық ұйымдар, баспашылар, кәсіптік ассоциациялар, саудалық және тұтынушылық ұйымдар.
*Қызмет сферасы бойынша: көліктік(авиациялық, автобустық, темір жол, автомобиль және круиздік), туристік агенттер, туроператорлар, жергілікті(локальды) кәсіби одақтар.
