- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
Медико-биологиялық (физиологиялық) баға беру– демалысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дəрежесін табу.Баға берудің түрі табиғи факторлардың адам организміне əсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медико-биологиялық баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарға баға беруге əдістер жүйесін ұсынған (Чубуков, 1975). Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көпжылдық режимі. Оның адамға əсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі. Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмінің жағдайы болу керек. Сондықтан, климатқа рекреациялық баға беру адам организмінің метеорологиялық факторларға байланысын тексеру болмақ.
Адам организмінің жақсы күйде болуы ауаның температурасы мен ылғалдылығы келесі үйлесім бойынша анықталды.
-
Температура,°С
Шартты
ылғалдылық, %
20
85
25
60
30
44
35
33
Комфортық жағдай-денеге өте жағымды 31-33 градус температурадағы жылы сезім,бұл жағдайда адам ыстықты да жылуды да сезбейді. Оның белгілі бір мөлшерге төмендеуі адам денесінің белгілі бір мөлшерде салқындауына әсер етеді. Ыстық ауада температураны реттеу механизмі арқылы адам терлеп-тепшісе, суық ауада тері температурасының орта өлшем мөлшерімен бағаланады. Осы соңғысына байланысты Е.М.Ратнер (1967) ауа райы түрлерін бақылауда кездесетін жағдайларды кластарға бөлді.
30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
Психолого-эстетикалық баға беру– демалушыларға тиетін табиғат ерекшелігінің эмоциялық əсерлеріне талдау жасау. Баға берудің бұл түрінде адамға тиетін табиғи ландшафттың ерекшеліктерінің эмоциональді əсері бағаланады. Баға берудің əдістемесі өте күрделі. Сондықтан ол кез келген табиғи кешенге адамның
эмоциялық реакциясымен анықталып қана қояды.
Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құндылық
ландшафтың морфологиялық құрылымына, табиғат пейзаждың əртүрлілігіне тəуелді. Осыдан "табиғат пейзаждың əртүрлілігі" деген түсінік енгізілді. Бұл түсінік 1) – табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2) – басқа да табиғи кешендермен сыртқы байланыстан тұрады.
Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафтың эстетикалық қасиетін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынды. Сонымен, АҚШ-тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғарғы тартымдылық ісер алатыны-шектік жоналар мен фокустік пунктер.Шектік зоналар деп әр түрлі екі ортаның арасындағы шекаралық сызықты айтады. Территорияның фокустік пунктеріның қанықтығы көбінесе бедерлік сипатқа байланысты.
