Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.

Демалыс үшін сапарлардың санының артуы урбандалу процесінің өсуі мен ХІХ ғасырда темір жол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристік қасиеттерді, əсіресе демалыс үшін жайлы территорияларға деген қасиеттілікті арттырды.

ХІХ ғасырда медицинаның дамуы климаттың емдік қасиеттері мен теңіз суының жоғары дəрежеде бағалануына (таулы жəне теңіз маңы) əкеліп соқты. Темір жолдардың салынуы мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік сұраныс территорияларына "жақындатты". Ал техниканың дамуы үлкен масштабты туристік инвестицияларға мүмкіндік берді. Бұл кішігірім жəне белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жағалау-ларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло, Ницца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ жүз

жылдықтың екінші жартысына жатады (И.Г. Коль). ХІХ жəне ХХ ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандалу мен туристік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею процестерінің арасындағы тəуелділікті анықтау мəселесін қарастыруға итермеледі. Сонымен, мысалы, неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің

артуымен байла-ныстырды.

" Туризм географиясы" деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-əрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік лайықтылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау керек. Туристік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мəселенің нақты талдауын тек К. Шпютцтың еңбегінде табуға болады. Отызыншы жылдары туризм географиясының əлем бойынша қатты дамуына мүмкіншіліктер туады, əсіресе Германияда (Р. Глюксман, А. Борман, Х. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В. Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р. Браун, К. Мак-Мерри).

Осындай зерттеулерге байланысты Берлинде 1929-1934 жылдары

туризмді зерттеу Институты ашылады. Дəл сонда С. Лещицкийдің алғаш туристік географиямен туризм географиясы дейтін түсінікті ғылыми түрде дəлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық əдебиеттердің өміріне туризм деген терминді енгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм деген түсінік үлкен роль атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мəдени жəне қоғамдық мəселелердің жинағы ретінде туристік қозғалыспен байланысты. ІІ Дүниежүзілік соғыс туризм географиясы саласындағы ғылыми зерттеулерді тежейді. Алайда, мұндай зерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері туристік қозғалыс үлкен қарқынмен дами бастайды. ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталығы Франция жəне АҚШ болды, 1970-ші жылдардан бастап, сондай-ақ, КСРО, Канада, Австрия, Ұлыбритания, Австралия, Жапония, Чехославакия, Югосла-вия, Болгария, Германия, Польша солардың қатарына енді. 1945-1960 жылдардың арасында жаңа термин – демалыс географиясы

пайда болып, ол туризм географиясы жəне рекреация географиясымен қатар қолданыла басталды.

1950 жылдардың аяғында Америка əдебиеттерінде жаңа түсінік – "таза ауадағы рекреация" дейтін сөздік пайда болды. Бұл терминді М. Клаусон енгізді. Бұндай демалыс деп қала сыртындағы ашық аспан астында демалуды атайды екен.