Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.

Ортағасырларда туристік қозғалыс бəсеңдей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-соңды болмаған саяси кедергілерге əкеп соқты. Туристік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауда болуына көптеген себептер əсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі,

бұрынғы жол тораптарының түгелімен жəне сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дəрежесінің төмендеуі, сонымен қатар көптеген қалалардың күйреуі.

Біздің заманның VІІ жəне VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін қайта жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар əр түрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (Сантьяго де Компостела) жəне Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады.

VІІ ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда, бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.

VІІІ ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галльск епископы – қасиетті Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған. Қажылар Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, сонымен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Əр жылы 15-ші қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдында жəрмеңке ұйымдастырылып отырды. Қажылар арасында сауда табысты болғаны

соншалықты, қалада Генуя, Венеция, Пиза жəне Марсель көпестерінің өзіндік конторалары мен бүтіндей көшелері мен қоныстары болды.

XVІ ғасырдың соңынан Англияда "гранд-тур" əйгілі бола бастады – бұл ауқатты адамдардың континентке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды.

Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер 14 ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды.Қонақ үй әсібінің дамуы, кейбір қалаларда 14 ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруға әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар 14 ғасырда Римде, Сикияда, Флоренцияда да құрылды.

48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.

Əлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғасырдың басына жатады.

XVІІ ғасырда Еуропада "таза туризм" формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың геогрпфиялық шектердің ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі орталықтар – Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, 18 ғасырда Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.

Еуропадағы ең алғашқы қонақ үйлердің бірі-«4-ші Генрихтфң отелі»Нант қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома-17500 доллар қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатын орын болы, Еуропадағы ең жақсысы болып саналды.

18 ғасырлардың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын саяхаттар әдетке айнала бастады. 18 ғасырдың екінші жартысында бұл қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып, саяхат grand tour, ал қатысушылар tourist(турист) деп аталды.

XVІІІ ғасыр Ресей курорттарының дамуының бірінші кезеңі. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр І. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдында минералды сулардың ізделуі керектігін жариялады. Бұл мəселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық),здравница мекемелерінің заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей курорттарының тарихының бастауы болып саналады.