Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.

Мамандандырылған туризм дегеніміз арнай туризм,яғни арнайы бағдарлама жəне маршрут бойынша саяхат. Оның төмендегідей түрлері болады: Іскерлік туризм, Қоғамдық, Фестивальдық, Конгрестік, Аңшылық, шопинг туризм, Оқу мақсаты, Хобби туризмі. Іскерлік туризм – бұл жұмыс мақсатымен сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға жəне көрмелерге қатысу. Іскерлік туризм – бұл туризмнің ең перспективті саласы. Конгрестік туризмді ікерлік туризмнің бір бөлшегі деуге болады. Адамдар белгілі бір мерекелік жиындар немесе думан кештеріне барғанда оны фестивальдық туризм дейді. Ал аңшылық туризм кезінде туристергу белгілі бір уақыт және территория қарастырылған. Ол кезеңді аңшылық маусымысен ұштастырады. Сауда-саттық мақсатымен саяхаттаушы адамдарға шоппинг туризм ойластырылған.Бұл кезде әрине сауда жасап пайда табу мақсатымен емес, өзіне ұнаған заттар алу арқылы адамдар рахаттанады. Оқу мақсатымен тұрғылықты жерін ауытыратын адамды да туристке жатқызамыз. Бірақ турист деген статусқа өзге жерде 1 жылдан аспайтын мерзімде ғана жүретін адамдарды жатқызамыз,яғни оқу мақсатымен жүген адам да сол ережеге сәйкес болу керек. Кез келген адамның өзінің қалаған айналысатын ісі болдаы. Оны хобби дейді. Егер адам сол хоббиі үшін саяхаттаса, онда ол хобби туризміне ұласады.

60. Туроператор мен турагенттің қызметі.

Туроператор туризмде маңызды роль атқарады, себебі ол əр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру жəне т.б. қызметтерді) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.

Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің айырмашылығы – турагент турдың сапасына жауапты емес. Өз жұмысы үшін турагент комиссиялық сыйлық алып тұрады, негізінен турдың жалпы бағасынан 7-15%.

Туристік мекемелер <туроператорлар> жөне <турагенттер> болып жіктеледі. Туроператор д/з- бұл да туристік мекеме, өзінің және басқаның қызметтерін араластырып өзінің жаңа туристік өнімін жасайды. Бұл жаңа өнімді паушальді (кешенді) тур деп атайды. Паушальді тур – бұл әртүрлі мекемелер шығарған бірнеше құрамды қызметтер жиынтығы.

Туроператорлардың өнімдері турагеттер арқылы таратылады. Ірі туроператорлардың өзінің тарату желісі – саяхат бюросы болады.