- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, əр түрлі географиялық пəндердің шеңберіне кірген еді, əсіресе халық жəне көлік географиясына. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жүмыстарын едəуір жылдамдатып, олардың теориялық жəне əдістемелік негіздерін құрай бастады. Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пəні – туризм географиясының өз алдына бөлініп шығуына əсерін тигізді. Туризм мен рекреация ұғымдарының бірдей еместігін ескерсек, туризм
географиясын қоғамдық-географиялық пəн ретінде қарастыру қажет, оның оқу объектісі – туризм болып табылады. Рекреациялық география демалыс пен туризм мəселелерін ғылыми географиялық негізінде түсіндіретін қоғамдық географиялық пəндердің ішіндегі жаңа бағыт болып саналады, ол елімізде ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында, 70-ші жылдарының басында ғана география ғылымынан туындаған. Бұрынғы КСРО-да география ғылымында оның негізін қалаушы профессор В.С. Преображенский болды.
Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына жəне соған байланысты кеңістікті өзгертетін үрдістеріне талдау жасау туризм географиясының оқу пəнін құрайды. Туризм, халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-
спорт, танымдық; сондай-ақ ішкі жəне халықаралық туризмге бөлінеді.
Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым. Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты – туристік қозғалыстың табиғи, экономикалық, əлеуметтік жəне басқа да аспектілерін ескере отырып, оны басқарудың теориялық негіздерін құрастыру.
Сонымен, туризм географиясы келесі мəселелерді қамтиды: туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа жəне оның шаруашылық кешенінің қалыптасуына туризмнің əсерін; туризмнің дамуынан туындайтын жəне қоғамның шаруашылық іс-əрекетіне əсер етін аумақта болатын құбылыстар мен үрдістерді. Міне, осыған байланысты, туризм географиясының алдында біртұтас маңызды міндеттер тұр. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971 ж. Б.Б. Родоман дəл тауып айтқан: "Географтардың мақсаты – басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау жəне картаға түсіру бойынша əдістемелерді жасау, аумақты үнемді пайдалану, табиғатты қорғау жəне ландшафтардың рекреация үшін сұлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандарының типтік модельдерін салу, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу".
Рекреациялық баға тек қана табиғи ресурстарға емес, сонымен қатар
əлеуметтік-экономикалық ресурстарға да (тарихи-мəдени объектілер мен құбылыстар, қаражат, материалдық, еңбек жəне т.б.) беріледі.
Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық
зерттеулерінде атау сөздер мен негізігі түсініктеріне көп орын бөлінген.
Туризм географиясы экономикалық пəндерге жатады. Оның зерттеу пəніне:
– шаруашылық кешеннің қалыптасуында туризм мен туристік əрекеттің ролі;
– туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық əрекеттердің
аумақтық түрлері кіреді.
Адамның кез келген іс-əрекеті, оның ішінде рекреациялық іс-əрекет те, бір жағынан кеністік пен уақытта іске асады, ал екінші жағынан осы əрекет кезінде кеңістік пен уақыттың ерекше түрлері қалыптасады. Мысалға, рекреациялық уақыт əлеуметтік уақыттың бір бөлігі ретінде, рекреациялық кеңістік – əлеуметтік кеңістіктің бөлігі ретінде қарастырылады.
Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаның рекреациялы шағын жүйесі жатады. Ал екеуінің зерттеу пəндері əр түрлі болып келеді.
Рекреациялық географияның пəніне халықтың рекреациялық əрекетін аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пəніне туристік əрекетін аумақтық ұйымдастырылуы жатады.
