Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.

Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталастар тудыруда. Профессор Бернекер австриялық туризмологтың айтуынша «Қанша авторлар бар, сонша анықтамалар ды пайда болады». Көп авторлар оның басты мəселесін бір ауыздан мақұлдайды жəне саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс мен көңіл көтеру мақсатымен саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70%-ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді.

Туристік саяхаттың мақсатына байланысты туризм типтері мынадай: 1.Рекреациялық-адамның физико-психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру.Оның көңіл көтеру, курорттық-емдік, спорттық-сауықтыру деген түрлері бар. 2.Экскурсиялық(мәдени)-адамдардың туризмнің танымдық түрін пайдалнуының арқасында жүзеге асады. Экскурсиялық туризм өз кезегінде Табиғи көркем жерлермен танысу, Шаруашылық көркем жерлермен танысу, Экологиялық туризм, Мәдени-тарихи жерлермен танысу, Этникалық туризм, Діни туризм секілді шаралармен жүзеге асады. 3.Арнайы туризм-адамның жеке мақсаттары үшін саяхаттың жүзеге асырылуы, арнайы бағдарлама жəне маршрут бойынша саяхат..Туризмнің бұл түрі мынадай компоненттерден тұрады: Іскердік туризм, Қоғамдық, Фестивальдық, Конгрестік, Аңшылық, Шоппинг туризм, Оқу мақсаты, Хобби туризмі.

Көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты ролді танымдық туризмге береді.

Іскерлік туризм – бұл жұмыс мақсатымен сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға жəне көрмелерге қатысу. Іскерлік туризм – бұл туризмнің ең перспективті саласы.

53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.

Туризм қатысушылардың жасына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: Жасөспірімдік-мектеп жасындағы балалардың туризмі.Жасөспірімдік туризм арқылы оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелейді және жас кезінен туризмнің қыр-сырын оқып үйретеді. Жастар-мектеп жасындағы балалардан үлкен,яғни жасөспірім кезден жас жағынан бір саты жоғары тұрған тұлғалардың туризмі. Жастар туризмінің ерекшелігі нағыз қызығушылық артатын кез, яғни жастар арқылы туризмнің кез-келген саласын дамытуға болады. Ересектер-жас мөлшері анағұрлым үлкен тұлғалар арасындағы туризм. Бұл тек сол жастағы адамдарға арналған туризммен айналысуға болады дегенді білдірмейді, ол тек жас мөлшері бойынша ғана жіктелу болып саналады. Ересектер туризмі өз кезегінде орта жасты және үлкен жасты болып бөлінеді.

Бірте-бірте коммер-циялық туризмге қарсы əлеуметтік топ туризмі деген түсінік пайда болды. Əлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристікмекемелерге де өте тиімді. Сонымен, əлеуметтік туризм – бұл ақшалары азадамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет жəне мемлекеткежатпайтын құрылымдар қолдайды.Туризмнің әлеуметтік топ бойынша, яғни орналасу аймағы және жанұя құрамы бойынша бөлінуі мынадай түрде болады: Қала тұрғыны туризмі, Ауыл тұрғыны туризмі, Отбасылық туризм. Классификацияның құрамының аттары айтып тұрғандай туризмнің мұндай түрлерімен қала,ауыл және отбасымен бірге адамдардың айналысады.