- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы
мамандандырылған аумақтарда тəуліктік, апталық жəне жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық жəне мəдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981).
Туризм – (француз сөзі tuorіsme – серуендеу, саяхат жасау) – бос
уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм – өте тар түсінік. Қазіргі ғылыми əдебиеттер бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау жəне тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Əрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм – бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе
одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.
Əр бір салада бірнеше кəсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бірігіп, белгілі бір функция атқарады, яғни салада шаруашылық бірліктер топтасады. Рекреациялық салаға келетін болсақ, рекреациялық саланың құрылымын анықтау өте қиын. Не себептен? 1-ші қиындығы: туризмнің мультипликаторлық эффектісі, яғни көп қосымша салалар рекреанттарға қызмет көрсетуге кіріседі; 2-ші қиындығы: рекреанттар саны нақты емес, яғни статистикалық есептің жоқтығы. Осы себептен рекреациялық саланың шекарасы нақты болмайды. Сондықтан рекреациялық саланы жоспарлауда да
қиындықтар туады. Материалды жəне материалды емес игілікті пайдалану белгісі бойынша рекреантқа қызмет көрсететін барлық мекемелерді рекреациялық салаға жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл жиындықты «туризм индустриясы» деп атайды. Бірақ, «рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын ажырата білген жөн. Рекреациялық салада негізгі техологиялық үрдістер іске асады, ал туризм индустриясында сонымен қатар, рекреантқа қызмет көрсетуді ұйымдастырғанда шаруашылық байланыстар да пайда болады. Қазіргі кезде рекреациялық саланы халық шаруашылықтың жоспарына қосу тиіс.
Рекреациялық география ТРЖ-ні бүтін бір жүйе түрінде зерттеп, оның қалыптасуын, динамикалық дамуын, əртүрлілігін, ТРЖ-нің басқа да географиялық жүйелерімен өзара əсерлерін жəне өзара байланысының заңдылықтарын анықтайды.
Демек, рекреациялық география – бұл халықтың рекреациялық іс-
əрекетін ұйымдастыруын оқып түсіндіретін интегралдық-синтетикалық ғылым. Мұндай жағдайда территориялық қоғамдық жүйенің рекреациялық шағын жүйесі (ТҚЖ немесе ойкумена) зерттеу объектісі болып қарастырылады, ал оқу пəні ретінде территориялық рекреациялық жүйе алынады. "Рекреациялық іс-əрекетті территориялық ұйымдастыру" термині қоғамдық географиядағы "қоғамның территориялық ұйымдастырылуы"
ұғымына сəйкес келеді.
Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, əр түрлі географиялық пəндердің шеңберіне кірген еді, əсіресе халық жəне көлік географиясына. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жүмыстарын едəуір жылдамдатып, олардың теориялық жəне əдістемелік негіздерін құрай бастады. Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пəні – туризм географиясының өз алдына бөлініп шығуына əсерін тигізді.Көптеген шағын салаларды тұтынушылар бір-бірін толықтыратын жүйе ретінде қарастырады. Сондықтан жалпы туризм саласына талдау жасап, оның дамуын жоспарлап тұру қажет. Осындай жұмыстармен туризм географиясы айналысады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым. Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты – туристік қозғалыстың табиғи, экономикалық, əлеуметтік жəне басқа да аспектілерін ескере отырып, оны басқарудың теориялық негіздерін құрастыру.
