Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.

ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40-шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді.

Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп ХХ ғасырдың феномені атағына ие болды.

Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 астам пайызын, және әлемдегі өндірістің әр бір тоғызыншы орнын қамтамасыз етеді.

Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдер және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 1999 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд.долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд.доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд.доллар-Италия және 24 млрд.доллар-Франция.

51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктердің əсерінен технологиялық дəрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғи жəне антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық (мəдени-тарихи). Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, "табиғи рекреациялық ресурстар – бұл белгілі уақыт ішінде адамдардың демалысын ұйымдастыруға арналған, рекреациялық іс-əрекет үшін қомфортты қасиеттері бар табиғи жəне табиғи-техникалық

геожүйелер мен табиғаттың құбылыстары".

"Əлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға" тарихи-мəдени объектілер (ескерткіштер жəне атақты жерлер, мұражайлар жəне т. б.) жəне құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік жəне т. б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан материалдық жəне рухани болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатын жəне қозғалмайтын болып жіктеледі.

Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары:

1) ТРЖ-нің потенциалды сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері (қолайлы рекреациялық аумақтардың көлемі, туристік орталықтардың экскурсиялық потенциалы);

2) ресурстардың таралу ауданы (жағажайлардың көлемі, территорияның сулы, орманды болуы);

3) туризм мезгілін, туристік ағымның ырғақтығын анықтайтын

эксплуатациялық кезең (климаты қолайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы) туристік мезгілді;

4) көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші;

5) ақша капиталының аз жұмсалуы жəне пайдалануға кететін

шығындардың тым жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға жəне əлеуметтік-экономикалық нəтижелер алуға, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін жеке қолдануға мүмкіндік береді;

6) табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация жəне сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік-рекреациялық ресурстарды көп-теп пайдалану мүмкіншілігі.