- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
Рекреациялық туризмге – емделу жəне сауықтыру үшін саяхат кіреді. Рекреациялық туризм – таза ауада бос уақыт өткізу, пикник, жылжымалы ойындар, кемпингпен бір күндік демалыс өткізу, кейде әуесқой балық аулаумен ұштасады. Демалыс мен көңіл көтеру мақсатымен саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70%-ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді.Рекреациялық география Көңіл көтеру, Курорттық емдеу, Спорттық сауықтыру деген түрлерге бөлінеді. Адамдар рекреациялық іс-әрекет кезінде көңіл көтргісі келеді және сол арқылы өздерінің шаршауларын басады. Тур барысында көңіл көтеру қызық оқиғалы және көңіл көтеру турлары болып бөлінеді. Адамдардың көпшілігі көңіл көтеру үшін туризммен айналысса, келесі бір топтары курорттық емдік мақсатта саяхаттайды. Әлемде емделіп, бір жағынан демалғысы келетін адамдарға арналған сансыз курорттар жеткілікті. Олардың емдеу курорттық емдеу түрлері әр түрлі. Оған Климатпен емдеу, Батпақпен емдеу, Бальнеологиялық емдеу жатады. Қазақстанда курорттық орындар жеткілікті. Мысалы: Сарыағаш, Мерке, Бурабай т.б. курорттары. Негізінен алғанда курорттар емдеу қасиеттеріне ие ресурстарға негізделіп орналастырады. Туристердің негізгі тобының айналсатын туризм түрі спорттық сауықтыру туризмі. Ол адамның денсаулығын, яғни физио-психологиялық күш-қуатын спорттық сауықтыру арқылы орындалады. Спортық сауықтыру шараларына мыналар жатады: жағажайда шомылу, жаяу жүру, тауда жаяу жүру, шаңғы, тау шаңғы, суда, су астында, альпинизм, агротуризм, спелеотуризм, желкенді-ескекті, жүгіру, велосипедті, дельтапландық, салт атты, мотоциклді.
58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
Экскурсиялық туризм – табиғаты мен əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатымен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Экскурсиялық туризм экскурсия деген сөзден шыккан. Ал экскурсия дегеніміз-бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын жəне түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" жəне "экскурсия" түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поез немесе кемемен саяхат жасағанда, əрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мəлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мəнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды жəне əр түрлі болып келеді. Экскурсиялық туризмнің екінші атауы мәдени туризм. Ол мынадай түрлерге бөлінеді: табиғи жерлермен танысу, шаруашылық көркем жерлермен танысу, экологиялық туризм, мәдени тарихи көркем жерлермен танысу, Этникалық туризм, діни туризм. Экологиялық туризм (экотуризм) - жақында ғана "жасыл" қозғалыс толқынында пайда болды жəне елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды, соңдықтан да оның қалыптасқан туризмнен айырмашылық-тары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер:
– экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті,
көзтартарлықтай жерлері болуы;
– туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқа-сында
қолданғанмен, тозбайтындай табиғи жəне мəдени потенциалды
территорияның болуы;
– басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды жəне
энергосыйымдылығының болуы;
– экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі – эколо-гиялық білім беру жəне экологиялық ойды қалыптастыру;
– бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың əлеуметтік-
экономикасын көтеретіндей дəрежеде болуы. Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристік ағымдарды əр түрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұсылмандардың ең басты қасиетті "хаджа" орталығы – Сауд Аравиясындағы Мекке қаласы.
