Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.

Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, əр түрлі географиялық пəндердің шеңберіне кірген еді, əсіресе халық жəне көлік географиясына. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жүмыстарын едəуір жылдамдатып, олардың теориялық жəне əдістемелік негіздерін құрай бастады. Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пəні – туризм географиясының өз алдына бөлініп шығуына əсерін тигізді. Туризм мен рекреация ұғымдарының бірдей еместігін ескерсек, туризм географиясын қоғамдық-географиялық пəн ретінде қарастыру қажет, оның оқу объектісі – туризм болып табылады. Рекреациялық география демалыс пен туризм мəселелерін ғылыми географиялық негізінде түсіндіретін қоғамдық географиялық пəндердің ішіндегі жаңа бағыт болып саналады, ол елімізде ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында, 70-ші жылдарының басында ғана география ғылымынан туындаған. Бұрынғы КСРО-да география ғылымында оның негізін қалаушы профессор В.С. Преображенский болды.

Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына жəне соған байланысты кеңістікті өзгертетін үрдістеріне талдау жасау туризм географиясының оқу пəнін құрайды. Туризм, халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-

спорт, танымдық; сондай-ақ ішкі жəне халықаралық туризмге бөлінеді.

Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым. Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты – туристік қозғалыстың табиғи, экономикалық, əлеуметтік жəне басқа да аспектілерін ескере отырып, оны басқарудың теориялық негіздерін құрастыру.

Сонымен, туризм географиясы келесі мəселелерді қамтиды: туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа жəне оның шаруашылық кешенінің қалыптасуына туризмнің əсерін; туризмнің дамуынан туындайтын жəне қоғамның шаруашылық іс-əрекетіне əсер етін аумақта болатын құбылыстар мен үрдістерді. Міне, осыған байланысты, туризм географиясының алдында біртұтас маңызды міндеттер тұр. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971 ж. Б.Б. Родоман дəл тауып айтқан: "Географтардың мақсаты – басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау жəне картаға түсіру бойынша əдістемелерді жасау, аумақты үнемді пайдалану, табиғатты қорғау жəне ландшафтардың рекреация үшін сұлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандарының типтік модельдерін салу, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу".

Рекреациялық баға тек қана табиғи ресурстарға емес, сонымен қатар

əлеуметтік-экономикалық ресурстарға да (тарихи-мəдени объектілер мен құбылыстар, қаражат, материалдық, еңбек жəне т.б.) беріледі.

Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық

зерттеулерінде атау сөздер мен негізігі түсініктеріне көп орын бөлінген.

Туризм географиясы экономикалық пəндерге жатады. Оның зерттеу пəніне:

– шаруашылық кешеннің қалыптасуында туризм мен туристік əрекеттің ролі;

– туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық əрекеттердің

аумақтық түрлері кіреді.

Адамның кез келген іс-əрекеті, оның ішінде рекреациялық іс-əрекет те, бір жағынан кеністік пен уақытта іске асады, ал екінші жағынан осы əрекет кезінде кеңістік пен уақыттың ерекше түрлері қалыптасады. Мысалға, рекреациялық уақыт əлеуметтік уақыттың бір бөлігі ретінде, рекреациялық кеңістік – əлеуметтік кеңістіктің бөлігі ретінде қарастырылады.

Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаның рекреациялы шағын жүйесі жатады. Ал екеуінің зерттеу пəндері əр түрлі болып келеді.

Рекреациялық географияның пəніне халықтың рекреациялық əрекетін аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пəніне туристік əрекетін аумақтық ұйымдастырылуы жатады.