Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

және бекітуге жатпайтын халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Президентінің үсынуы бойынша;

  1. Қазақстан Республикасының Үкімет қарауына жататын халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оларға қосылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылған халықаралық шарттарының күшін - Қазақстан Республикасы Үкіметінің үсынуы бойынша жояды.

  1. бап. Казакстан Республикасы Үкіметінін хадыкаралык дуярттардыи күшін жоюы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының тиісті министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың үсынуымен Қазақстан Республикасының ведомствоаралық сипаттағы халықаралық шарттарының күшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің келісуімен жояды.

Халыкаралык шарттарды калпына келтіру халықаралық шарттың күшін тоқтата түру немесе тоқтатудан кейін оның орекетін қалпына келтіру актісі болып табылады. Әдетте, мүндай ережелер әскери әрекеттер аяқталғаннан кейін шартты қалпына келтіруге қатысты болып келеді. Екі тарапты шарттың өрекетін қалпына келтіргенде, тараптардың өзара келісімі есепке алынады. Халықаралық қүқық доктринасында шартты қалпына келтіру туралы шешім үзарту туралы шешімді қабылдау тәртібі сияқты қабылдануы тиіс деп көзделген.

    1. Халықаралық шарттардың жарамсыздыгы

Халықаралық шартгың заіш жарамдылығы оның ерекше қасиеті болып саналады. Тек жарамды халықаралық шарт қана халықаралық қүқықтын субьектілері үшін міндетті қайнар көз болып табылады.

Халықаралық шарттардың қүқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясында жарамдылық мәселелері, нақтырақ айтқанда жарамсыздық мәселелері V бөлімде қарастырылған. Халықаралық шартгардың жарамдылығы халықаралық қүқық көздейтін заңи негіздерге ғана ие. Басқаша айтқанда, жарамдылық оның халықаралық-қүқықтық толыққандылығын, қүқыққа сай екендігін айқындайды, соның күшімен шарт оның қатысушыларының орындауы үшін міндетті және шарттың талаптарына процестің басқа қатысушыларының қосылуы үшін мүмкіндік береді. Жарамды халықаралық шартгар - бүл заңдық күшіне халықаралық қүқық түрғысынан шәк келтіруге болмайтын және оларға қарсы ешқандай халықаралық-қүқықтық қарсылықтар келтіруге болмайтын шарттар.

Халықарал ық шарттардың жарамдылық презумпциясы 1969 ж. Вена Конвенциясының 42-бабында қарастырылған. Осы бап келісуші субьектілердің арасындағы шарттық қатынастардың тұрақтылығын бскітеді, расіа зипі зегуапсіа қағидасының қолданылуын растайды. Мұндай жағдайда жарамдылықтың іс жүрғізу және материалдық аспектілері тұтастай біріккен. Іс жүргізу аспектісі шарт жасау процесінің қүқыққа сай екендігін көрсетеді, яғни тараптардың шарт процесіне қатысу қүқықтары болу керек; тараптар шартгың талаптарын орьшдауға міндетгі. Шарттық ережелердің халықаралық қүқықтық стандартқа сәйкес келуі жарамдылықтың материалдық жағын қүрайды.

  1. ж. Конвенцияның 46-53-баптары шартсубьектілеріне қатысты; халықаралық қүқық субьектілерінің ерік білдіруіне; шарттың обьектісі мен мақсаттарына қатысты жарамсыздық талаптарын айқындайды. Шарттың жарамсыздығы абсолютгі және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті жарамсыз халықаралық шарттар ең басында-ақ жарамсыз болады. Мүндай негіздерге мыналарды жатқызуға болады: мемлекет өкілін мәжбүрлеу; күш қолданамыз деп қорқыту арқылы мемлекетті мәжбүрлеу; жалпы халықаралық қүқықтың (|’из со§еп5) императивтік нормасына қайшы келу. Өкінішке қарай, халықаралық қүқықтың шарттық қатынастарының даму тарихында абсолютгі жарамсыз шарттар кездесіп түрады. Оған Г ерманияның Чехословакиядан Судет облысын алу туралы 193 8 ж. Мюнхен келісімін жатқызуға болады. Бүл шарт Гитлер үкіметінің Чехословакияда “неміс мәселесін” реттеу үшін емес, Чехословакияны жаулап алудың келесі сатысын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жасаған алдамшы айласы еді. Салыстырмалы жарамсыз шартты даулауға мүмкіндік бар. Салыстырмалы жарамсыз шарттардың негіздеріне: қателесу, алдау, өкілді сатып алу жатқызылады.

Бақылау сұрақтары

  1. Халықаралық шарттар қүқығына қандай сипат тән?

  2. Халықаралық шарт қүқығының қайнар көздерін атаңыз.

  3. Халықаралық шарт дегеніміз не?

  4. Халықаралық шарттың “қүқықтық нысаны” деген үғым нені білдіреді?

  5. Халықаралық шарт қүрылымының ерекшелігі неде?

  6. Ескертулердің өтініштен айырмашылығы неде? Ескертулердің қүқықтық табиғаты қандай?

  7. Қазақстандық тәжірибедегі халықаралық шартгардың бекітілу негіздері қандай?

  8. Уөкілеттіктерді беру және тексеру дегеніміз не?