Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

мәселеқ мемлекет органдары алдын-ала болжамдай алмаған күтпеген жағдайлар - төтенше оқиғалар.

Стихиялық апат дегеніміз мемлекеттің халықаралық міндеттемелерінің сақталуына жауапты түлға табиғат күштері немесе түрлі техникалық апаттардың салдарынан өздерінің өмірін немесе өзіне сай тапсырылған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін осындай міндеттемелерді орындамауынан көрінеді. Әдетге, жауапкершілікті болғызбайтын бүл мән-жайлар халықаралық әуе қүқығында және халықаралықтеңіз қүқығында кездеседі.

  1. Халықаралық үйымдардың жауапкершілігі

Халықаралық үйымдарға халықаралық қүқық субъектіліктің кейбір белгілері тән және оның мемлекеттердің қүқық субъектілігінен елеулі ерекшеліктері бар. Мүндай қүқық субъектілік арнаулы, шектеулі және туынды болып келеді.

Заң әдебиеттерінде халықаралық үйымдардың қүқық субъектілігі олардың басқа халықаралық үйымдар мен мемлекеттермен қатысуынақ олармен келісімдер жасасудақ олармен қарым-қатынаста белгілі бір қүқықтар мен міндеттерді алып жүруден көрінеді деген көзқарастар айтылғаа Алайда, халықаралық қүқықтың негізгі субъектісі - мемлекет- тің қүқық өкілеттігіне қарағанда халықаралық үйымдардың қүқық өкілет- тігі келісімдер мен жарғылық ережелердің аясымен шектеледі. Халық- арал ық үйымдардың жарғылық ережелерінде қүрылған үйымның қызмет тәртібі, қүқықтары мен міндеттері, оның органдарының қүзыреттері айқындалады. Басқаша айтқанда, халықаралық үйымдардың қүқықсубъек- тілігі осындай халықаралық үйымдарды қүрайтын мемлекеттер тобының ортақ ерік білдірулері арқылы пайда болады, өзгереді жөне тоқтатылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескерер болсақ, мемлекеттердің жауапкершілік институтында ірзо Гасіо (іс жүзінде) болса, халықаралық үйымдардың жауапкершілігінің ерекшелігі онда ір$о ]иге (заң жүзінде) болады деп айтуға болады. Сонымеқ егер халықаралық үйымның өзінің жауапкершілігі туралы арнайы шарттық ережелер болмаса, талаптар мүше-мемлекеттерге қойылады.

Халықаралық-қүқықтық жауапкершілік субъектілері, ең алдымен мемлекеттер болса, сонан кейін мемлекеттер арасындағы келісімдср бойынша халықаралық үйымдар халықаралық-қүқықтық жауапкерші- ліктің субъектісі бола алады. Алайда, мүндай ереже тиісті келісімдерде нақты келісілуі тиіс.

Халықаралық қүқық доктринасында халықаралық үйымдардың жауапкершілігіне қатысты мынадай көзқарастар бар: халықаралық үйымдар жауапкершілік жөніндегі халықаралық талаптардың да халықаралық деликтінің де субъектілері болуы мүмкін.