Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

  1. Халықаралық шарт мәтінін үйлестірудің қандай тәсілдері бар?

  2. Консенсус үгымына анықтама беріңіз.

  3. Депозитарийдің міндеті неде?

  4. Халықаралыққүқықтагы шартты жариялаудыңтәсілдерін атаңыз.

  5. Халықаралық шарт қалай тіркеледі?

  6. Шарттың күшіне ену негіздері қандай?

  7. Халықаралық шарттың жарамсыздық негіздерін атаңыз және сипаттап беріңіз.

  8. Қазақстан Республикасындағы шарттық процестің ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы” заң күші бар Жарлығы, 1995.

  2. Венская конвенция о правопреемстве государств в отнощении международных договоров. 1978.

  3. Венская конвенция о праве международных договоров. 1969.

  4. Евентов В.И. Многоязычные договоры в современном международном праве. -Киев: 1981.

  5. Коломкорян Р.А. Фактор времени в праве международных договоров. -М., 1989.

  6. Лукашук И.И. Структура и форма международных договоров. - Саратов., 1960.

  7. Лукашук И.И. Стороны в международном договоре. -М. 1966.

  8. Перетерский И.С. Толкование международных договоров. -М. 1958.

  9. Талалаев А.Н. Право международных договоров: договоры с участием международных организаций. -М., 1989.

  10. Талалаев А.Н. Право международных договоров: действие и применение договоров. -М. 1985.

  11. Ульянова Н.Н. Общие многосторонние договора в современных международно-правовых отношениях: некоторые вопросы теории. - Киев, 1991.

6-ТАРАУ. Халықаралық үйымдардың қүқықтары

  1. Қүқықгың бір саласы - халықаралық үбым қүқыгы үгымы.

  2. Халықаралық үйымдар ұгымы және қүқықтық табигаты.

  3. Халықаралық үйымдардың даму тарихы. Б¥¥-ныц алгашқы бейнесі - ¥лттар Л игасының қүқықтық табиғаты.

  4. Біріккен ¥лтгар ¥йымының қүрылу тарнхы, Б¥¥-ның мақсат- міндеттері, қагидалары, оган мүшелікке өту мәселелері.

  5. Біріккен ¥лттар ¥йымының қүрылымы.

  6. Қазақстан Республикасы -Біріккен ¥лтгар ¥йымының мүшесі.

  7. Тәуелсізмемлекеттердостастыгы (ТМД).

  8. Солтүстік Атлантика Одагының стратегиялықтүжырымдамасы (НАТО).

  1. Қүқықтың бір саласы - халықаралық ұйым

құқығы ұғымы

Халықаралық үйымдар халықаралық қүқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатқызылады. Олар мемлекетпен бірге доктриналық, сондай-ақ конвенциялық тәртіпте халықаралық қүқықтың субъектілері болып есептеледі. Халықаралық-қүқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық үйымдардың өзара ықпалдасуының ең бір күрделі проблемасын - мемлекеттік тәуелсіздік пен үкіметаралық үйымдардың қүзыретіндегі мемлекеттен тыс белгілердің арақатынасындағы мәселе ретінде көрсетеді.

Мемлекеттің тәуелсіздік проблемалары мемлекеттің және халықаралық үйымдар қүзыреттерінің арақатынасындағы мәселелермен айқындалады, яғни бүл мемлекеттің халықаралық үйымға өз қүзыретін ішінара беруі арқылы немесе оған белгілі бір міндеттерді атқаруына мүмкіндік беруі бойынша түсіндіріледі. Халықаралық үйымдар мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығының көп жақтылы нысаны болып табылады; оны мемлекеттер тиісті жағдайларда қүрады және ол халықаралық қатынастардың қажеттіліктерінен туындап отьфады. Мүнда баса айтатын бір мәселе, халықаралық үйымдардың қүқық субъектілігі мүше-мемлекеттердің еркін білдіруіне, осы үйымдардың мақсаттарына, қүзыреттеріне, уөкілеттіктеріне, органдарының қүрылымына, қабылданатын шешімдердің заңдық салдарына тікелей тәуелді болып келеді.

¥йым Жарғысының занды күшіне енуі белгілі бір қүқықтық салдарды қамтамасыз етеді. Мәселен, халықаралық қүқықтың жаңа субъектісі пайда болады, ол өзін қүрған мемлекеттен өзгеше сипатпен аңықталады.

Дегенмен халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъктілеріне тән маңызды ерекшелігіне - мемлекеттер, үлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін - дербестігін қорғап, күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет кез келген халықаралық үйымға кірген кезде өзінің тәуелсіз қүқықтарын жүзеге асырады. Бірақ мүндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекет- тің тәуелсіздігін толық шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік - бүл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдық сипаты, ол қүзыреттердің саяси режимі, билік тетігі сияқты қүқықтық институттар арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық үйымдардың жарғыларында бір белгі - қүзыреттер бойынша ғана шектеу қойылады (Халықаралық Даму және қайта қүру Банкінде, Халықаралық Валюта Қорында - бүл экономикапық мәселелер, БҮҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелері).

Халықаралық Үйым - халықаралық қатынастарды халықаралық- қүқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті қүбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен жағдайлар жүйесі болады. Олар мынадай:

  • шаруашылық қызметін интернационалдау;

  • ғылыми-техникалық процесс;

  • осы заманғы маңызды проблемалардың ғаламдық сипаты.

Халықаралық үйымдар мемлекеттер мен халықаралық қүқықтың

өзге де субъектілері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды қүқықтық нысанының біреуі болып табылады. Осы заманғы ғаламдық проблемаларды қарастыру халықаралық үйымдардың қызметінде бара-бара өзекті мәселеге айналып келеді. Халықаралы^ үйымдардың тәуелсіз мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық-қүқықтық ретгеуде айтарлықтай рөл атқаратыны жалпыға мөлім.

XIX ғ. ортасында қоғам дамуының табиғи қажеттіліктері түрақты әрекет ететін, халықаралық әкімшілік одақ деп аталатын хапықаралық үйымдардың пайда болуына себеп болды. Халықаралық үйымдардың қазіргі дәуірдегі дамуының кейбір заңдылықтары бар. Олар: алуан түрлі қоғамдық қүрылымды мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі, отарлық жүйенің күйреуі, шаруашылық, саяси, ғылыми және мәдени өмірдің интернационалдануы, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттердің өмір сүруі.

Халықаралық үйымдар қүрылуының объективті негізі бар және ол әлемдік бірлестіктің шынайы қажеттіліктерінен туындайды. Олар халықаралық қатынастарға қүқықтық реттеудің түтас шегінде, халықаралық ұйым аясында қүқықтық ықпал етудің арнайы әдісінен басқа ешнәрсе де емес.Халықаралық ұйым құқықтарын халықаралық

қықтың дербес саласы ретінде бөліп шыгару мәселесінде олар белгілі ШР рөл атқарады.

Халықаралық үйымдардың қүқығы күрделі нормативтік қүрылымға

Жалпы халықаралық қүқықтың қағидалары,^из со§епз қағидаларына ^^йбіт қатар өмір сүру, мемлекеттік тәуелсіздікті қүрметтеу, м емлекетгердің тең қүқықтылығы және бір-бірінің ішкі істеріне қол ^-уқпау қағидаларын, сонымен қатар халықаралық үйымдардың ^-үқықтарының қағидалары да жатады. Мәселен, аталған қағидалардың Сяпшілігі Б¥¥ жарғысындағы 2-баптың мазмүнына сәйкес келеді. Онда ^ақты халықаралық үйым қызметінің қағидалары айқындалған. Копке дейін халықаралық шарттар қүқықтарының теориясында 2 түрлі үенденция өмір сүріп келді:

  • халықаралық үйым қүқықтарының мәліметтері; бүл түжырым- даманың жақтастарының көзқарасы бойынша Б¥¥-ның төтенше ісүқықтарына жалпы халықаралық қүқықтан бөлек әрекет ететін жаңа ^үқық кіреді;

  • халықаралық үйымдар қүқықтарының үғымы, Б¥¥-ның қүқықтары ^еген үғымнан әлдеқайда кең, сондай-ак осы қүқықтың жалпы ^алықаралық қүқықтан бөлінуін және оның жалпы халықаралық і^үқықпен қатар әрекет ету мүмкіндігін мойындау.

Байқап отырғанымыздай, бүл түжырымдаманың екеуін де қазіргі заманғы халықаралық қүқықтың ғылыми жүйесі қабылдай алмайды.

Халықаралық уйымдар қүқыгы - халықаралық үйымдардың >сызметтерін және қүқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін осы заманғы ^алықаралық қүқықтың бір саласы.

Көп жағдайларда халықаралық үйым қүқығы халықаралық қүқықтың бір саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, баяғы қалпынша халықаралық-қүқықтық жүйенің ішкі қүрылымының проблемалары щешілмегеқ оның ішінде бүл жүйедегі халықаралық үйымдардың қүқықтарының алатын орны әлі айқындалмаған. XIX ғ. ортасында түрақты әрекет ететін халықаралық үйымдар пайда болғанға дейін мемлекетаралықтікелей байланыстар халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып келді. Кейінірек, халықаралық үйымдардың пайда болуына орай, халықаралық үйымдардың шеңберінде халықаралық қатынастар пайда болды, олар:

  • мемлекеттердің халықаралық үйым мүшелері есебінде өзара байланыстары;

  • мүше мемлекетгердің халықаралық үйымдармен қатынасы;

  • халықаралық үйым органдарының өзара қатынастары;

  • үйымдардың мүшелері емес мемлекеттермен халықаралық үйым- дардын байланыстары.