Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

халықаралық дауларды шешу барысында халықаралық ынтымақтастықгы жүзеге асыру;

  • осындай ортақ мақсаттарға жету жолында үлттар әрекеттерін уйлестіру орталығы болу.

БҰҰ оз қызметін жүзеге асырғанда мынадай қағидаларды басшылық- қа алады:

  1. Ұйымның барлық мүшелерінің дербес теңдік қағидасы.

  2. Өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасы.

  3. Туындаған дауларды бейбіт қүралдармен шешу қағидасы.

  4. Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.

  5. БҰҮ-ның Жарғыға сәйкес атқаратын барлық өрекеттеріне барынша көмек көрсету қағидасы.

  6. БҰҰ-ның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің БҰҰ қағидаларына сәйкес өрекет етуін қамтамасыз ету қағидасы, себебі ол бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қажет болуы мүмкін.

  7. Мемлекеттердің ішкі қүзыреттеріне жататын істерге БҰҰ-ның қол сүкпаушылық қағидасы.

Сонымеқ әмбебап халықаралық үйымның мақсатгары мен қағидалар жүйесінің халықаралық қүқықтың мазмүны мен негізгі қағидаларына қайшы келмейтінін байқауға болады.

  1. Біріккен Үлттар Ұйымының қүрылымы

Әмбебап халықаралық үйымның қүрылымы алты басты органнан және қажетгі қосалқы органдардан түрады. БҰҰ-ның басты органдары мыналар: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық жөне Әлеуметтік Кеңес, ОПЕК жөніндегі кеңес, Халықаралық Сот және Хатшылық. БҰҰ-ның артықшылықтары мен иммунитеттері туралы 1946 ж. 13 ақпанындағы Конвенцияға сәйкес, БҰҰ заңды түлға болып табылады; жылжитын және жылжымайтын мүліктер алады; мүліктерге билік етеді; сотта іс қозғайды. БҰҰ-ның өкілдері басты және көмекші органдардағы конференцияларда өздерінің қызметтік міндеттемелерін атқарғанда және мәжіліске бару-келу кезінде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. БҰҰ-ның лауазымды адамдары сот жауапкершілігіне тартылмайды және қазыналық, кедендік артықшылықтарды пайдаланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің қызмет ету кезеңінде бірінші орындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларына назарын жете аударып келеді. БҰҰ-ның бейбітшілік операциялары бейбітшілік туралы келісімдерді орындауға көмектеседі, қол жеткізілген татуластықты,

әскерй әрекеттердің тоқтатылуына көмектеседі. БҰҰ-ның өз армиясы жок бітімгершілік миссияларын жүргізу үшін оған мүше-мемлекеттер ерікт» негізде әскер мен жасақ береді. Арнайы бітімгершілік бюджетінен оларга белгілі бір етемақылар төленеді. Бітімгершілік миссияларын қауііісіздік Кеңесінің мүшелері қүрайды және айқындайды. БҰҰ-ның барЯық мүшв-мемлекеттері бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ТӘуСкелін бөліседі. 1945 жылы 110 мемлекет өздерінің персоналдарын әксЯДІ; ағымдағы бітімгершілік операцияларына ең көп әскерді Пәкстан, БаяГладеш, Иордания, Польша, Ресей Федерациясы және Канада берді. ^•т^(гершілік операцияларына бүл үйымға мүше емес мемлекеттер де ^тыса алады. Мысалы, Швейцария бітімгершілік үшін ақша, тікүшақ, ме;1цциналық және өзге де жабдықтар беріп келеді. Біріккен Ұлттар ұ^мы ірі көлемді конференциялар жүргізеді. Соның арқасында үлттық жә,іе халықаралық үйымдар, үкіметтік емес үйымдар белсенді әрекет етеД*; үлттық саясатты айқындау үшін халықаралық стандарттар мен нормаларды бекітеді; жаңа үсыныстарды талқылауға және консенсусты ізд^уге мүмкіншілдік туады. БҰҰ қызметініңтиімділігін арггыру үшін Ассамблея арнайы сессиялар өткізеді. Мәселен, ірі көлемді к0І4)еренциялар қатарына БҰҮ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі 19^2 ж. Рио-де-Жанейро конференциясын; 1993 ж. маусым айындағы а1дм қүқықтары жөніндегі Бүкіләлемдік Вена Конвенциясын; 1994 ж. ^лирде өткен халық саны және даму жөніндегі халықаралық к0нференциясын; 1995 ж. Копенгагаенде өткен әлеуметтік даму ^ніндегі Бүкіләлемдік басқасуды; 1995 ж. Пекинде өткен әйел кукықтары жөніндегі Төртінші Бүкіләлемдік конференцияны; 1996 ж. ^гамбулда өткен елді мекендер жөніндегі БҰҰ-ның Екінші к0нференциясын жатқызуға болады. БҰҰ аясында жүйелеу ь,;»селелерінде үлкен маңызы бар бірқатар көптарапты халықаралық к$лісімдер жасалды. БҰҰ-ның күрамында үкіметаралық келісімдер нггізінде қүрылған автономды халықаралық үйымдар бар, олар түрлі ^ілаларда кең көлемді қүзыреттерге ие. Бүл үйымдар Мамандандырылған ^екемелер деп аталады, олар Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес зрқыл^ы БҰҰ-мен тығыз байланысты. БҰҰ-ның орталық штаб-пәтері - [Іью-Йоркте (АҚШ), еуропалық бөлімдердің штаб-пәтерлері Женевада ^іівейцария) және Венада (Австрия) орналасқан. БҰҰ-ның жүмысын 5жыл мерзімге сайланатын, бірақ сайлауға екі реттен артық түспейтін $ас хатшы басқарады. БҰҰ тарихынан бері жеті Бас хатшы сайланған. 5үгінгі күні БҰҰ-ның ең үлкен лауазымды түлғасы - 1997 жылы ;айланған Кофи Аннан.

БҮҮБас Ассамблеясы - (БҮҮБА) оның барлық мүшелерінен түратын Біріккен Ұлтгар Ұйымының басты органы. 1944 ж. Думбартон-Оксте аткен Кеңесте Бас Ассамблеяның рөлі мен өкілеттіктеріне көп назар

аударылды. Көптеген қызу таластан кейін, Ассамблея бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі мәселелерді дербес қорғауға қүқылы деп шешілді. Сөйтіп, Қауіпсіздік Кеңесі ғана БҰҮ-ның барлық мүшелері үшін міндетті шешім қабылдау және мәжбүрлеу шараларын қолдануға қүқылы болды. БҮҮ БА-ның қүқықтықжағдайы БҮҮ Жарғысының IV тарауының 9-22-баптарымен айқындалады. БҮҮ мүшесі болып табылатын әрбір мемлекет 5 өкід 5 орынбасар және кеңесшілер мен сарапшылардың қажетті санын үсынады. Бас Ассамблея БҮҰ Жарғысының шегінде көрсетілген немесе БҰҮ-ның кез келген органына қатысты кез-келген мәселелер мен істерді талқылауға уөкілетті. БА Қауіпсіздік Кеңесінің назарын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларға, тек Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына жататын жағдайларды қоспағанда аудара алады. БА БҮҰ- ның негізгі жөне көмекші органдарының жылдық жөне арнайы баяндамаларын қабылдайды жөне қарайды. Мүнан басқа, БА Ұйымның бюджетін, мамандандырылған мекемелердің кез келген қаржылық және бюджеттік келісімдерін қарастырады және бекітеді, мүндай органдарға үсыныс жасау үшін олардың өкімшілік бюджеттерін тексереді.

БА жүмысын 17 орынбасары бар төраға басқарады. Бас Ассамблеяның қүрамында сессиялық жөне қосалқы органдар, бас комитеттер болады. Мәселен, сессиялық жөне қосалқы органдарды Бас комитет жөне өкілеттіктерді тексеру жөніндегі комитет үсынады. Қосалқы органдар қүрамына комиссиялар және комитеттер кіреді. Мысалы, адам қүқықтары жөніндегі, халықаралық сауда қүқықтары жөніндегі халықаралық қүқық комиссиялары, отарсыздандыру жөніндегі, ғарыштық кеңістікті пайдалану жөніндегі, қарусыздану жөніндегі Комиттер. БА-ның қүзыретіндегі 6 бас комитеттің зор маңызы бар: саяси мәселелер және қауіпсіздік мөселелер жөнінде, экономикалық жөне қаржылық мәселелер жөнінде, өлеуметтік, гуманитарлық жөне мәдени мәселелер жөнінде, қорғаншылық жөне өзін-өзі басқара алмайтын аумақтар жөнінде, өкімшілік жөне бюджеттік мөселелер жөнінде, қүқықтық мөселелер жөнінде.

Бас Ассамблея - сессиялық орган. Сессиялардың 3 түрі бар: кезекті, арнаулы жөне төтенше. БҮҮ БА-ның кезекті сессиясы жыл сайын қыркүйек айының үшінші сейсенбісінде шақырылады. Арнаулы сессия, егер Қауіпсіздік Кеңесі, БҮҮ-ның көпшілік мүшелері немесе арнаулы сессияны шақырту туралы талапқа БҮҮ-ның бір мүшесінің қосылғандығы туралы үйымның көпшілік мүшелері хабарлаған кезде кез келген меселелер бойынша шақырылады. Мүндай сессиялар сессияны шақырту туралы талапты Бас Хатшы алғаннан кейін 15 күн ішінде шақырылады. Ал төтенше арнаулы сессиялар БҮҮ Бас Хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінен келіп түскен жөне Кеңестің кез келген 9 мүшесінің дауысымен

мақүлданғақ БҰҮ-ның көпшілік мүшесі талап еткен немесе БҰҰ-ның көпшілік мүшелерінің БҰҰ бір мүшесінің осындай шақырту туралы хабарларын алғаннан кейін 24 сағат ішінде шақырылады. Төтенше сессиялар мынадай жағдайларда шақырылады: біріншідеқ бейбітшілікке қауіп төнсе; екіншіден, бейбітшілік бүзылса немесе басқыншылық актісі жасалса және егер Қауіпсіздік Кеңесі оның мүшелері вето қағидасына сәйкес бір пікірге келе алмағандықтан, тиісті шараларды қабылдай алмаған жағдайда.

^ БА-ның әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Бас Ассамблея маңызды мәселелер бойынша дауыс беруге жалпы қатысушылар мен нақты қатысушылардың 2/3-сінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Бүл мәселелерге мыналар кіреді: 1) Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі үсыныстар. 2) Қауіпсіздік Кеңесінің, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестердің, ОГТЕК жөніндегі Кеңестің түрақсыз мүшелерін сайлау. 3) БҰҰ-ға жаңа мүшелерді қабылдау, БҰҰ мүшелсрінің қүқықтары мен артықшылықтарын тоқтату, БҰҰ қүрамынан шығару. 4) Қорғаншылық жүйесінің қызмет етуі. 5) Бюджеттік мәселелер. Басқа мәселелер бойынша шешім дауыс беруге қатысушылардың көпшілік жай дауысымен қабылданады. Барлық сайлаулар қүпия дауыс беру арқылы жүргізіледі. Тәжірибеде Ұлттар Ұйымында Қауіпсіздік Кеңесінің түрақты бір мүшесінің БҰҰ-ға бір мемлекетті мүшелікке қабылдау кезінде қалыс қалған жағдайы да болған. Бірақ мүндай позиция қабылдауға кедергі келтіре алмайды. Мысалы, Ұлыбритания дауыс беруден қалыс қалғанымен, Израильге Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу үшін кепілдеме хат берілді. Бас Ассамблеяның рәсім ережелері бойынша, жаңа мүшелерді қабылдау үшін дауыс беруге жалпы қатысушылар мен нақты қатысушы Ассамблея мүшелерінің копшілік дауысы қажет етілетіні бекітілген. Қазіргі кезде Бас Ассамблеяда жаңа мүшелерді көпшілік дауыспен емес, ортақ келісім негізінде (аккламациялау) қабылдау үрдісі қалыптасқанын айту керек. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында мүше-мемлекеттердің бірауыздан мақүлдауы негізінде Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүшелікке қабылданған кезінде осыған үқсас рәсім болған еді. Мүнан кейін, БҰҰ Жарғысының ережелері негізінде жасалған актіні заңи түрғыда бекіту үшін қаулы қабылданды. Қүрамынан бүрынғы сессияның төрағасы сайланған делегация басшысы БА-ның кезекті сессиясын ресми ашады. Бас Ассамблея өкілеггікгерді тексеру жөніндегі комитетгі тағайындайды, төраға мен оның орынбасарларын, басты комитеттердің басқа да лауазымды түлғаларын сайлауды жүргізеді. Сессияның күн тәртібін бекіткеннен кейін, әдетте, екі-үш аптаға созылатын жалпы саяси пікірталас ашылады. Бас Ассамблеяның рәсім Ережелеріне сәйкес, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері БА-ның және оның

комитеттерінің, бөлімшелерінің ресми және жұмыс тілдері болып табылады.

БҮҮ-ның Қауіпсіздік Кеңесі - (БҮҮ ҚК) - Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы, оның құрамында 15 мүшесі бар, оның ішінде бесеуі түрақты мүшелері - Ресей, АҚШ, ҚХР, Франция, Ұлыбритания; 10-ы -түрақсыз мүшелер, олар екі жыл мерзімге мынадай квотаға сай сайланады: 3 орын - Африка мемлекеттері, 2 орын - Азия мемлекеттері, 2 орын Латын Америкасы елдері, 2 - Батыс Еуропа, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия мемлекеттері, 1 - Шығыс Еуропа мемлекеттері. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің қүқықтық негіздері БҰҰ Жарғысының V тарауында айқындалған БҰҰ Жарғысына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін басты жауапкершілік жүктелген түрақты әрекет ететін орган болып табылады.

Қауіпсіздік Кеңесі дауласушы тараптарға олардың дауларын бейбіт қүралдармен шешуді талап ете алады. Кеңестің құзыретіне мыналар кіреді: халықаралықбейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелерін қарастыру; дауларды бейбіт жолмен шешу; мәжбүрлеу шараларын қабылдау; БҰҰ- ға қабылдау, шығару жөнінде кепілдеме хат беру; халықаралық Сот мүшелерін сайлау; Бас Хатшыны тағайындау туралы қарар т.б. Қауіпсіздік Кеңесінің әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Кеңестің 9 мүшесі дауыс берген жағдайда рәсім мәселелері жөніндегі Кеңес шешімі қабылданған болып есептеледі. Дауға қатысушы тарап дауыс беруден қалыс қалуы тиіс. Кеңес мерзімдік мәжілістерге жиналады, онда оның әрбір мүшесі үкіметтің мүшесі немесе басқа да ерекше тағайындалған өкіл ретінде таныстырылуы мүмкін. Мәжіліс БҰҰ-ның мекен ететін жерінде ғана емес, сондай-ақ ҚК-нің жұмысына мүмкіндік туғызатын кез келген жерде откізілуі мүмкін. ҚК-нің мерзімдік мәжілістері Қауіпсіздік Кеңесі бекітетін мерзімдерде екі рет өткізіледі. Рәсім ережелерін Қауіпсіздік Кеңесі өзі бекітеді. Қауіпсіздік Кеңесінің жүмысын орындауға қажетті қосалқы органдар қүрылады. Оларға мыналар жатады: Әскери-Штаб комитеті, Сарапшылар комитеті, Жаңа мүшелерді қабылдау жөніндегі комитет, Кеңес мәжілістерін Орталық мекемелерден тыс жерлерде өТкізу жөніндегі және т.б. комитеттер.

БҰҰ Жарғысына сәйкес, мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесінің иелігіне қарулы күштерді Кеңестің талап етуімен ғана емес, сондай-ақ ҚК және мүдделі мемлекеттер арасында жасалатын ерекше келісімдер немесе шешімдерге сәйкес те беруге міндетті. Бейбітшілікке қауіп төнген жағдайда Қауіпсіздік Кеңесі Жарғының 40 жөне 41-баптарына сәйкес мынадай іс-шараларды үсына алады: дипломатиялық қатынастарды үзу, экономикалық байланыстарды тоқтату, әуе, теміржол, пошта және телеграф байланыстарын тоқтату, порттарды қоршау және т.б.

ЭКОӘЛК (Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес) - Бас

Ассамблеяның басшылығында жүмыс істейді, БҰҰ-ның халықаралық экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастық салаларындағы қызметтерін жүзеге асырады. ЭКОӘЛК қүзыретінде биліктік өкілеттіктер жоқ. Мәселен, ЭКОӘЛК халықаралық мәселелер жөнінде зерттеулер жүргізеді, баяндамалар жасайды, үсыныстар үсынады; конвенциялардың жобасын үсынады.

Қүрамы. Бас Ассамблея 54 мүшесін 3 жыл мерзімге сайлайды, жыл сайын Кеңестің 18 мүшесі қайта сайланады. Сайлау барысында әділ географиялық бөлініс қағидасы сақталады:

Африка континенті елдеріне - 14 орын.

Батыс Еуропаға - 13 орын.

Азия елдеріне - 11 орыа

Латын Америкасы елдеріне - 10 орын.

Шығыс Еуропа елдеріне - 6 орыа

ЭКОӘЛК-ның шығып қалған мүшесінің орнына тез арада қайта сайлау жүргізіледі. ЭКОӘЛК-ның әрбір мүшесінің бір өкілі болады.

ЭКОӘЛК түрақты әрекет етпейтіқ сессиялы орган болып табылады. ЭКОӘЛК жылына 3 сессия шақырады:

  1. - үйымдастырушылық сессиясы, қаңтар айының 2 сейсенбісі;

  2. - коктемгі, сәуір айының 2 сейсенбісі.

  3. - жазғы, шілде айының Ісәрсенбісі.

Төраға және оның 4 орынбасары сайланады, олар бірігіп президиум үйымдастырады.

ЭКОӘЛК 3 сессиялық комитет қүрады: экономикалық, әлеуметгік және бағдарлама мен үйлестіру.

ЭКОӘЛК қүрамында қызмеггік және аймақтық комиссиялар жүмыс істейді.

Қызметтік: статистикалық, халық санағы жөнінде, әлеуметтік даму, әйелдер жағдайы, есірткі қүралдары, үлтаралық корпорациялар, қылмыстың алдын алу және қылмыстық әділ сот жөнінде.

Аймақтық: Еуропа үшін экономикалық, Азия және Тынық мүхит аймағы үшін экономикалық, Латын Америкасы үшін экономикалық комиссиялар және басқалары.

Тұракты комитеттер: үкіметтік емес үйымдар бойынша, табиғи ресурстар, ғылым мен техниканы дамыту мақсатындағы комитетгер, энергияның жаңа көздерін игеру және пайдалану жөніндегі, елді мекендер бойынша және т.б. комитеттер.

600-ден астам үкіметтік емес үйымдардың ЭКОӘЛК-і де кеңесші мәртебесі бар. Олар Кеңестің және оның қосалқы органдарының ашық мәжілістеріне қатысуға өздерінің бақылаушыларын жібереді. БҰҰ-ның Жарғылық ережелеріне сәйкес, ЭКОӘЛК пікірлерді сүрата алады, үкіметтік емес үйымдармен кеңеседі. БҰҰ-ның Мамандандырылған

по

мекемелерінің ЭКОӘЛК-мен ерекше келісімдері арқылы байланысы бар.

Б¥¥-ның мамандандырылган мекемелері халықаралық ұйымдардың ерекше тобына жатады және оның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ерекше қүқықтық байланысы бар. БҰҰ Жарғысының 63- бабына сәйкес, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес - 57-бапта көрсетілген мемлекеттердің кез-келгенімен тиісті мекеменің үйымымен байланысын айқындайтын келісімдерді жасауға уәкілетті, БҰҰ-ның басты органдарының бірі.

Бүгінгі таңда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелеоінін тобына мыналар кіреді:

  1. Халықаралық Еңбек үйымы (ХЕҰ)

  2. БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық үйымы (ФАО).

  3. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бүкіләлемдік үйым (ЮНЕСКО).

  4. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау үйымы (БДСҰ).

  5. Бүкіләлемдік Банк - Халықаралық Даму және Қайта қүру Банкі (ХДҚБ)

  6. Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА).

  7. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).

  8. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ).

  9. Халықаралық азаматтық авиация үйымы (ИКАО).

  10. Бүкіләлемдік Пошта Одағы (БПО).

  11. Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО). .

  12. Бүкіләлемдік метеорологиялық үйым (БМҰ).

  13. Халықаралық теңіз үйымы (ИМО).

  14. Бүкіләлемдік санаткерлік меншік үйымы (БСМҰ).

  15. Халықаралық ауылшаруашылық даму қоры (ХАДҚ).

  16. Өндірістік және даму жөніндегі БҰҰ (ЮНИДО).

Жоғарыда аталған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің тізбесі, оның қызмет ету сапасының әртүрлілігін дөлелдейді. Оның қызметінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • халықаралық ынтымақтастықтың әлеуметтік-экономикалық салаларындағы мүше-мемлекеттердің қызметін үйлестіру;

  • көлік және байланыс, денсаулық сақтау, еңбек, мәдениет, ғылым және т.б. салалардағы халықаралық ынтымақтастықты ретгеу үшін бірыңғай ережелер мен нормалар жасау мақсатында халықаралық конвенциялар мен регламенттер дайындау;

  • даму жолындағы мекемелерге техникалық көмек керсету;

  • ақпараттық қызмет;

  • ғылыми қызмет.

Мамандандырыл ған мекемелердің қүрылымы олардың Жарғыларына не^ізделетіндіктен, олардың жүйесі бір үлғілі болып келеді. Мамандандырылған мекемелерге, мүше-мемлекеттердің барлығының ^Ицалуын қоса алғанда, басқарудың үш бөлімді қүрылымы тән. Әр ^ҮРлі үйымдардағы оның атауы да әр түрлі. Мысалы, Бүкіләлемдік п°Цгга Одағындағы мүшелердің жалпы жиналысы Конгресс деп аталады, хаЛықаралық азаматтық авиация үйымында, Бүкіләлемдік денсаулық саКтау үйымында - Ассамблея, білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бүкіләлемдік үйымда, халықаралық Еңбек үйымында - Бас Коңференция деп аталады. Жоғары органдар сияқты, атқарушы °Ртандардың түрлі атаулары бар. Әкімшілік Кенес (Халықаралық эл^ктрбайланыс Одағы), Кеңес (халықаралық азаматгық авиация үйымы, Б^Ұ-ның азық-түлік жоне ауылшаруашылық үйымы), Атқарушы Кеңес (Бүкіләлемдік Пошта Одағы). Олар жоғары органдардың сессиялары аРалығында мамандандырылған мекемелердің түрақты қызметін қаМтамасыз етеді.

Әкімшілік органда әдетте, бес жыл мерзімге сайланатын, қайта сайлану қүқығы бар бас әкімшілік түлға (директор, бас директор, бас хаТшы) басқаратын хатшылық болады. Хатшылықтың басты міндеті өзЫң қызметі жөнінде есептер, кеңестер берудеқ мәліметтерді жариялау Ү^ін қажетті қүжаттарды дайындаудан түрады.

Қамқоршылық жөніндегі Кеңес. Қамқоршылық жүйесін қадағалау ҮЧіін қүрылған. Халықаралық бақылау жүйесі бүрын мандатпен басқарылған елдердің (Ұлтгар Лигасының мандат жүйесі) тәуелді аумақ- тарын басқару үшін қүрылған болатын. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес Бас Ассамблеяның (85-бап, 87-баптың 2-тармағы) жетекшілігінде, сондай-ақ қажетті жағдайларда Қауіпсіздік Кеңесінің (83-бап) ^асшылығында әрекет етеді. БҰҰ Жарғысының 91-бабына сәйкес, 'Қамқоршылық жөніндегі Кеңес керекті жағдайларда Экономикалық ж^не Әлеуметтік Кеңестің көмегін және мүдделі болған жағдайларда тиісті мәселелер бойынша мамандандырылған мекемелердің көмегін пайдаланады”. Бас Ассамблеяның басшылығымен өрекет ететін Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері мен өкілеттіктері ^асқарушы билік үсынатын мәселелерді, есептерді қарастырудан, п^тициялар қабылдаудан және оларды қараудақ басқарушы билікпен кеңесе отырып, қамқоршылықтағы тиісті аумақтарды аралаудан, басқарушы билікпен келісілген мерзімдерде қамқоршылық жөніндегі к^лісім та лаптарына сай әрекеттерді жүзеге асырудан түрады (Нұұ Жарғысының 87-бабы).

БҰҰ Жарғысына сәйкес, “Қамқоршылық жөніндегі Кеңес Қ^мқорлықтағы әрбір аумақтағы халықтың саяси, экономикалық және ә^еуметгік дамуына қатысты, сондай-ақ олардың білім саласындағы

И2

дамуларына қатысты анкеталар жасайды, ал Бас Ассамблеяның құзыретіне кіретін, қамқорлықтағы әрбір аумақтың басқарушы билігі осы анкета негізінде Бас Ассамблеяға жыл сайын есеп беріп тұрады” (БҰУ Жарғысының 88-бабы).

Қамқоршылық жөніндегі Кеңес өзінің Төрағасын сайлау тәртібін қоса алғанда, жеке рәсім ережелерін де қабылдайды. Қамқоршылық жөніндегі Кеңес жыл сайын сессияларын өткізіп тұрады, мұнан басқа жаңартылған және арнайы сессиялар шақырылуы мүмкіа Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің мәжілісі қажетті кезде шақырылады, әдетге ол мамыр айында өткізіледі. Қамқоршылық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеті БҰҰ Жарғысының 1 және 76-баптарына сәйкес, БҰҰ-ның алдына қойған мақсаттарына көмектесу болып табылады.

Алғашқы жасалған нүсқа бойынша осы органның қүрамына 11 аумақ енгізілген болатын. Ал қазір 1990 ж. 22 желтоқсанында Қауіпсіздік Кеңесі 1947 ж. бері АҚШ басқарып келген, Тынық мұхит аралдарын (Микронезия) құрайтын төрт құрылымның үшеуін қамқорлыққа алу жөніндегі Келісімнің әрекет етуін тоқтатуға дауыс бергеннен кейін тек біреуі қалды. Бүгінгі таңда қамқорлықтағы жалғыз аумақ - АҚШ- тың қамқорлығындағы Палау ғана.

Сәйтіп, қамқорлық жөніндегі Кеңес аумақтардың дамуы мен қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.

БҮ¥ Халықаралық Соты бас сот органы ретінде құрылған, БҰҮ құрылымындағы бас органдардың бірі. БҮҮ Халықаралық Соты БҮҰ Жарғысының ажырамас болігі болып табылатын Халықаралық Сот Статутына сойкес өз қызметін жүзеге асырады. БҮҮ Жарғысының XIV тарауының 92 - 96-баптары Халықаралық Соттың қызметі туралы мәселелерді қарастырады. 92-бапта Үлттар Лигасының аясында әрекет еткен Халықаралық Статут “Халықаралық әділ соттың Тұрақты Палатасының Статутына негізделген” деп белгіленген.

БҰҮ Жарғысының 93-бабына сәйкес, “Ұйымның барлық мүшелері Халықаралық Сот Статутының қатысушылары ірзо Гасіо болып табылады”. Үйымның мүшесі болып табьшмайтын мемлекет қауіпсіздік Кеңесінің үсынысы бойынша Бас Ассамблея әрбір жағдайда жеке-жеке айқындайтын талаптарда Халықаралық Сот Статутының қатысушысы бола алады. Халықаралық Сот азаматтыққа тәуелсіз сайланатын тәуелсіз судьялар алқасынан түрады. Судьялар өз елдерінде жоғары сот лауазымдарына қойылатын талаптарға жауап беретін түлғалар ішінен немесе халықаралық қүқық саласында беделді, танылған заңгерлердің ішінен сайланады. Халықаралық Сот Бас Ассамблея және Қауіпсіздік Кеңесі 9 жылға қайта сайлану құқығымен сайлайтын 15 мүщеден тұрады. Әрбір үш жыл сайын Соттың 5 мүшесі қайта сайланада. ЬірмеЖіекеттің екі азаматы Халықаралық Соттыңмүшесі бола алмайды. Халықаралык

Соттөрағаны, вице-төрағаны және хатшыны үш жыл мерзімге сайлайды. Соттын қүрамын басты өркениет нысандарының өкілдері мен әлемнің негізгі қүқықтық жүйелерінің өкілдері қамтамасыз ету керек деген Халықаралық Сот Статутының 9-бабы ережелерінің маңызы зор. Сот- Гаагада орналаскан. Судьялар қызметгік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

Халықаралық Соттың негізгі міндеті - тараптар берген істерді халықаралық қүқық негізінде шешу болып табылады. Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің сүратуларына Халықаралық Сот Консультациялық қорытындылар беруге өкілетті. БҮҰ-ның басқа органдары, халықаралық үйымдар мен органдар консультациялық қорытындыларды Бас Ассамблеяның рүқсатымен гана сүрата алады. Халықаралық Сотгың маңызды юрисдикциялық ерекшеліктері мынада:

Халықаралық Сот мемлекетгер арасындағы дауларды ғана қарайды.

Халықаралық Сотта мүндай даулар дауласушы тараптардың келісімімен ғана қаралады.

Сот Статутының қатысушылары шартты талқылауға, халықаралық қүқықтың кез келген мәселесіне қатысты, халықаралық міндеттемелерді бүзғаны үшін төленетін ақының сипаты мен көлеміне қатысты барлық қүқықтық дауларға міндетті болатын Соттың юрисдикциясын мойындау туралы өтініш жасай алады.

БҰҰ Жарғысына сәйкес, Біріккен Ұлттар Үйымының өрбір мүшесі өзі тарап болып табылатын іс бойынша шығарылған Сот шешімін орындауға міндетті. Соттың шығарған шешімі түпкілікті болып есептеледі және оған шағым жасалмайды. Халықаралық қүқық нормаларын жасау Халықаралық Сотгың міндетіне кірмейді. Соттың міндеті оған қолданыстағы халықаралық қүқықтың негізінде берілген дауларды шешумен шектеледі.

Халықаралық Соттың шешімі қатысушы судьялардың көпшілік дауысымен қабылданады, онда Соттың тоғыз мүшесінін дауысы кворумды қүрайды. Дауыстар екіге бөлінген жағдайда, Сөттөрағасының шешуші дауыс беру қүқығы бар. Халықаралық Сот өзіне берілген дауларды халықаралық қүқық негізінде, халықаралық көнвенцияларды, қүқықтық норма ретінде танылған халықаралық дөстүрлерді; өркениетті елдер тоныған қүқықтың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып шешуге міндетті. Қүқықтық нормаларды айқындау үшін қосалқы қүрал ретінде сот шешімдері жөне анағүрлым білікті мамандар доктринасы пайдаланылады. Халықаралық Сот, егер дауласушы тараптар келіссе, істерді өділдік негізінде шешеді.

^алықаралық Сот судьяларының қүрамы камера деп аталады. Қажетгілігіне қарай, Халықаралық Сот қүрамында үш жөне одан да көп судьялар бар бір немесе бірнеше камера қүрады.

1946 ж. бері Халықаралық сот БҰҰ-га мүшелікке кабылдауға, БҰҰ қызметінде келтірілген залалдың орнын толтыруға, Оңтүстік-Батыс Африка мен Батыс Сахараның аумақтық мәртебесіне қатысты 23 консультациялық қорытынды жасапты. Мүнан басқа, консультациялық қорытындылар халықаралық әкімшілік трибуналдары шығарған шешімдерге, БҰҰ-ның кейбір операцияларының және Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық мекемелері жөніндегі Келісімнің қолданылуына қатысты болды. 1996 ж. шілде айында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау үйымының қарулы дау-жанжал кезінде мемлекеттердің ядролық қаруды қолдануының заңдылығы жөніндегі сүрауға, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассам- блеясының ядролық қарумен қорқыту немесе оны қолданудың заңдылығы жөніндегі сүрауына консультациялық қорытындылар шығарылды.

Бүгінгі таңда халықаралық сотта мынадай даулар қарастырылуда:

  • Катар мен Бахрейн арасындағы теңіз шекаралары мен аумақтық мәселелерді делимитациялау.

  • Локербиде болған Ливия Араб Жамахириясының Біріккен Корольдікке қарсы әуе қақтығысына байланысты 1971 ж. Монреаль кон- венциясын талдау және қолдану мәселелері.

  • Мүнай платформалары (Иран Ислам Республикасы Америка Қүрама Штаттарына қарсы).

  • Геноцид қылмысының алдын алу және оны жазалау жөніндегі Конвенцияны қолдану (Босния мен Герцеговина Югославияға қарсы).

  • Камерун және Нигерия арасындағы қүрлықтық және теңіз шекараларын межелеу мәселелері.

  • Балық аулауға байланысты юрисдикция мәселелері (Испания Канадаға қарсы).

  • Касикили /Седуду аралына қатысты даулар (Ботсвана /Намибия).

  • Парагвай мен АҚШ арасындағы дауларда елшілік қатынастар туралы Вена Конвенциясының нормаларын қолдану.

Хатшылық - БҰҰ-ның әкімшілік органы. Жарғының 97-бабы Хатшылық қүрамын былайша айқындайды: “Бас Хатшыдан және Ұйымға қажетті болуы мүмкін персоналдан түрады”. Хатшылық персоналын Бас Ассамблея бекіткен ережелер бойынша Бас хатшы тағайындайды. Әрбір қызметкер БҰҰ-ға қатысы жоқ қандай да бір үкіметтен немесе басқа биліктен нүсқау алмау және бермеу жөнінде ант етеді. Қызметке қабылдау барысында және оныңталаптарын айқындағанда, Жарғы еңбек қабілетгілігі, қүзіретгілік пен адалдықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігін және персонал таңдауда үлкен географиялық аумақты қамтудың маңыздылығын жетекшілік етуді көздейді.

Хатшылық өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымының органдар жүйесіне қызмет етуді қамтамасыз етуі, оның жасаған бағдарламаларын орындауы және Б^Ұ бекіткен саясатты жүргізуі тиіс.

БҰҮ Хатшылыгы, оның ішінде:

  • Б¥¥ қүзыретіне енетін түрлі мәселелер жөнінде Бас Хатшыға хабарлайды, кеңес береді;

  • Б¥¥ Бас Ассамблеясының, оның комитеттері мен органдарының қүжаттарын, баяндамаларын, қарарларын қабылдайды, аударады, тереді және таратады;

  • мәжілістерде сөйленген сөздердің ауызша аударылуын қамтамасыз етеді;

  • сессия мәжілістері туралы есеп жасайды, тереді, таратады;

  • қүжаттарды мүрағаттарда сақтайды, Б¥¥ мүше-мемлекеттеріне Бас Ассамблеяның қүжаттарын жібереді;

  • Б¥¥ мүшелері жасаған халықаралық шарттарды тіркейді және зертгейді.

Қызметкерлердіңқүқықтықжағдайы Б¥¥ Жарғысының 101-бабына сәйкес, Бас Ассамблеяның қарарымен бекітілген 1952 ж. 2 ақпанындағы қызметкерлер туралы ережемен реттеледі. Хатшылықтың қызметкерлері мамандарға, дала қызметіндегі қызметкерлерге, жалпы қызмет көрсету қызметкерлеріне және шаруашылық-техникалық қызметкерлерге бөлінеді. Мамандарға лауазымды түлғалар жатады, техникалық қызметкерлер қүрамына хатшылар, машинисткалар, курьерлер және өзге де жүмысшылар кіреді.

Хатшылыққа жүмысқа қабылдау екі түрлі жалдау арқылы жүзеге асырылады: түрақты шарт негізінде (зейнет жасына жеткенге дейін) және уақытша шарт негізінде (хатшылық қызметкерлерінің 30%-ы осы жалдау түрімен қабылданады).

Б¥¥-ның қалыптасуы мен дамуының алғашқы сатыларында хатшылықтың қызметкерлері көбіне АҚШ, ¥лыбритания, Франция өкілдерінен қүралды. Қазіргі кезде кадрларды таңдау мен орналастыруда әділ географиялық өкілдік қағидасы, сондаи-ақ жеке бас қасиеттері, адалдық, әділдік, қүзыреттілік ескеріледі. 100-бапқа сәйкес, “Бас хатшы және хатшылық қызметкерлері өздерінің қызметгік міндетгерін орындау барысында ¥йымның алдында жауапкершілігі бар халықаралық лауазымды түлғалар ретінде олардың жағдайларына әсер ететін кез- келген әрекеттерден тартынуы тиіс”.

Хатшылықты Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің үсынысымен 5 жылға тағайындайтын Бас Хатшы басқарады. Оның өкілеттік мерзімі осындай уақытқа тағы да созылуы мүмкіа Бас Хатшыны тағайындау туралы үсыныс жабық мәжілісте қаралады және қүпия дауыс беріледі. Б¥¥ Бас Хатшысының жеке басы өмбебап үйымның қызметі үшін үлкен маңызға ие. Б¥¥ Жарғысының 97-бабына сәйкес, Бас хатшы “¥йымның бас әкімшілік түлғасы болып табылады”.

Б¥¥ Жарғысының жобасын дайындау барысында Хатшылықтың

бас лауазымды түлғасын қалай атау жөнінде түрлі үсыныстар үсыИЫДД^ төреші, президент, бас директор. Рузвельт “төреші” үғымын қолдану^ Г үсынған болатын. Оның көзқарасы бойынша осы нүсқа халықзраль'-4 үйымның штаб-пәтері басшысының мақсатгарына сай келеді. Ең соНЬшЛ қүрылтайшы - елдер Хатшылықтағы негізгі орын “Бас хатшьГ Д^ , аталсын деген түйінге келді.

Бас хатшы өз қызметінде жарғылық ережелеріне сәйкес, “Б0/ Ассамолеяның, Қауіпсіздік Кеңесінің, Экономикалық және ӘлеуМетт*^, Кеңестің және Қорғаншылық жөніндегі кеңестің отырыстарына қатьісадь сондай-ақ осы органдар жүктейтін өзге де міндеттерді атқарады...” № , бап).

Бас Хатшының атқаратын қызметтерін шартты түрде саяси жән' әкімшілік деп екіге болуғе болады. Бас лауазымды түлғаның саяс* қызметтеріне мемлекеттер арасындағы дауларды реттеуге күш салУ1 \ жатқызылады. Бас хатшы Қауіпсіздік Кеңеске, өз ойы бойынша халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін кез келге* I даулар туралы мәлімдеуге қүқылы. Бас хатшының әкімшілік қызмеТГеР мынадай:

  • хатшьілықтың департаменттеріне, басқармаларына жене өзге д* бөлімшелеріне жалпы директивті нүсқаулар беру; I

  • Біріккен Үлттар Ұйымы жүйесінің барлық қызметтерін үйлестіруі

  • БҮҰ-ның бас органдарына қызмет ететін Хатшылық қызметкср- лерінің барлық жүмыстарына басшылық жасау;

  • Бас Ассамблеяға БҮҮ жүмысы жөнінде жылдық есеп беру;

  • БҮҮ басшылығымен өтетін халықаралық конференциялЗрға Біріккен Ұлттар Үйымының атынан қатысу.

Біріккен Үлттар Үйымы өрекет етіп келе жатқан кезеңдерден Р1> мынадай түлғалар Бас хатшы лауазымында болды:1

  1. Трюгве Ли (Норвегад) - 1946 ж. ақпаннан 1953 ж. сәуіріне дейін* Норвегияның мемлекетпк қайраткері, дипломат, заңгер. Ол империа“ лизм саясатын жүргізді. Корея соғысы кезінде ол бет-бейнесін аиіып алды, онда Трюгве Ли АҚШ пен оның Кореядағы одақтастарыИЫҢ интервенциясын (басқа бір елдің ішкі өміріне зорлықпен қол суғу) ақтаған еді.

  2. Даг Хаммаршельд (Швеция) 1953 ж. сәуірден 1961 ж. қыркүйеГІие дейін. Швед мемлекеттік қайраткері және дипломат. Ол дарынды а/*аМ және іскер дипломат еді. Д. Хаммаршельд Африкадағы әуе апатьлНДа

Бас хатшылары туралы толығырақ ыәлімсттсрді қараңыз: Исраэлян ЕЗ-Л. Дипломаты лицом к лицу. М., 1990; Громыко А.А. Памятиос. Т I., М.. 1990; Куэльяр Х-п* Организация Объсдинснных Нации: ссгодия и завтра; Кутаков Л. Вид с 35-го этажа. 1975; Вальдхайм К. Едииствсниал в мирс должиость. М., 1980 и другие.