- •Осы замангы халықаралық қатынастардың
- •Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық
- •1.6. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың
- •Халықаралық қүқықтағы тану институты
- •Халықаралық қүқықмирасқорлық институты
- •Халықаралық жария қүқықтың бір саласы - халықаралық шарттар қүқықтары
- •Халықаралык шарттардың құқыкгық табиғаты
- •Халыкаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары
- •Актіні тіркейтін тараптардың атауы және тіркеу датасы;
- •/Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы (қалпына келтірілуі)
- •Халықаралық шарттардың жарамсыздыгы
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
- •Қүқықтың бір саласы - халықаралық ұйым
- •Халықаралық үйымдар үғымы және қүқықтық табигаты
- •Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •Құқықтық табиғаты
- •Біріккен Ұлттар Ұйымының қүрылу тарихы, бұұ-ның мақсат-міндеттері, қагидалары, оған мүшелікке өту мәселелері
- •Біріккен Үлттар Ұйымының қүрылымы
- •Қазақстан Республикасы - Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі
- •Тәуелсіз мемлекеттер достастыгы (тмд)
- •Ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық.
- •Жанжалдардың алдын алу және дауларды шешу.
- •6.8. Солтүстік Атлантика Одагының (нато-ның) стратегиялық түжырымдамасы
- •2002 Ж. Мамырында Рейкьявикте еуроатлантикалық әріптестік Кеңесі (еаәк) қатысушы мемлекетгерінің сыртқы істер министрлерінің мәжілісі болып өтті, онда Қазақстанның нато-мен жаңа қауіп-
- •Халықаралық үйымдардың шешім қабылдау тетігі қандай?
- •Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қүрылымы қандай?
- •Вальдхайм к. Единственная в мире должность. -м., 1980.
- •7.2 Мемлекеттердің халықаралық-күқыктық жауапкершілігінің негіздері
- •Халықаралық міндетгемелерді бүзатын мемлекеттердің әрекеті бүзылған міндеттеменің объектісінен төуелсіз халықаралық қүқыққа қайшы өрекет бөлып табылады.
- •Халықаралық үйымдардың жауапкершілігі
- •Ж. Шарт; ғарыш объектілеріне келтірілген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция.
- •Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық
- •Шетел азаматтарының қүқықтық жагдайы
- •Баспана сүраушы мен оның азаматтығы бар мемлекет арасында;
- •Баспана сүраушы мен баспана беруші мемлекет арасында;
- •Адамның өзі азамат болып табылатын мемлекет пен баспана берген мемлекет арасында.
- •1 Аргумснты и факты. Казахстан. № 31 (473). 31 шілде - 6 тамыз 2002 ж.
- •1959 Жылғы Бала қүқығы Декларациясы;
- •1948 Ж. Адам қүқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы адам
- •Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекетяің қорғауында болады.
- •Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи қүқығы әрі парызы.
- •Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
- •Адамның құқықтары мен бостандықтарын
- •Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы.
- •Сыртқы қатынас органдары
- •Консулдық қүқық үгымы, қайнар көздері
- •Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
- •Дипломатия мен сыртқы саясатгың арақатынасы қандаи.
- •Ұжымдык қауіпсіздік үгымы және түрлері
- •Қарусыздану және карулануға шек қою
Барлық
мемлекеттердін халықаралық шарт жасасу
қүқықтары бар. Мүндай ереже халықаралық
шарттардың қүқықтары туралы 1969 ж Вена
Конвенциясының 6-бабында:
“Әрбір мемлекеттің шарт жасасу қүқық
қабшеттіліп бар” деп бекітілгең Сонымен
бірге, мемлекетгердің шарттардын
белгілі бір турлерін жасау қүқығы
шектелуі мүмкін Мысалы халықаралық
келісімдерге сәйкес, үдайы бейтарап
мемлекеттердің корғану сипатындағы
одақтық шартгарды жасау, әскери одақгар,
әскери көмектер туралы келісімдер
жасау қүқығы жоқ. Бүл үдайы бейтарап
мемлекеттердін қүқықтық табиғатына
байланысты.
Өздерінің
тәуелсіздігі үшін күресуші үлггардың
шарттық қүқық қабілегпліп олардың
халықаралық қүқық субъектілігінің бір
бөлігін қүрайды. Мысалы, Иорданиядағы
жағдайды қалпына келтіру туралы
ж.
Каир Келісімі; тәуелсіздік үшін қарулы
күрес кезеңіндегі алжир үлтында шартгық
қатынастар болды, олардың Алжир
Республикасы қүрылганға деиін өздерінің
қарулы күштері ғана емес, сонымен бірге
вз үкіметі де бар болатын. Ұлтгардың
отарлық режимін қандай да бір нысанынан
тәуелсіз және басқа мемлекеттердің,
оның ішінде метрополиялардың тануынан
да тәуелсіз күйде халықаралық шартгық
қатынастарға түсе алатынын халықаралық
қүқық тәжірибесі дәлелдеуде.
Халықаралық
үйымдардың шарттық қүқық қабілетгілік
сипаты халықаршіық қүқықтың негізгі
субъектілері мемлекетгердің шарттық
қүқық қабілетплігінен өзгешерек.
Халықаралық үйымдар, егер олардың
қүрылтаи қүжаттарында осындай рәсім
козделген жағдайда немесе мүше
мемлекеттердщ ерекше өкілеттіктеріне
негізделген жағдайда ғана шарттық
процеске қатыса алады.
.Халықаралық
қатынастар іс-тәжірибесінде түрлі
санаттағы субъектілер қатысатын көл
жақты шартгар кездеседі. Бүл шарттарды
өздерінің заңдықтабиғаты жағынан
аралас” немесе күрделі деп атауға
болады; Мысалы, халықаралық үйымдардың
теңіз спутниктік байланысын паидалану
туралы 1976 ж. келісімнің (ИНМАРСАТ)
қатысушылары мемлекеттер, жария және
жеке сипаттағы үлттық үйымдар болған.
Эквадор, Юнеско және Чарльз Дарвин
Федерациясы арасындағы Галапагосс
архипелагының биологиялық бірлестігін
қорғау шаралары туралы ж. үш жақты
келісімде, Ч.Дарвин Федерациясы үкіметтік
үиым болып табылмайтындықтан, халықаралық
қүқықтың субъектісі бола алмаиды. * 3
Кап^аЛЫ*а*5аЛЫҚ
ҚҮҚЫҚ
субъектілерінің арасында өзара
келісілетіннін барлығы халықаралық
шартгың объектісі немесе заты болып
табылады. матеРиалДЫҚ
және материалдық емес қүндылықтар,
әрекет немесе
Халықаралык шарттардың құқыкгық табиғаты
әрекетсіздік
болуы мүмкін. Халықаралық, сонымен
қатар ішкі мәселелер де халықаралық
шарттардың объектілері болуы мүмкін,
оларды шешу шарттық процестің барлық
қатысушылары үшін мүдде болады. Шарпық
тәжірибеде халықаралық қүқықтың барлық
негізгі қағидаларының орындалуы
міндетті. Мысалы, егер халықаралық
қүқық субъектілері мемлекетгік
шекараларды делимитациялау және
демаркациялау туралы шартқа қол қойса,
онда мүндай жағдайда аумақтық түтастық
қағидасы мен шекаралардың қол
сүғылмайтындығы қағидаларын орындау
басты орында болады. Шарттық процеске
қатысушылар экономикалық келісім
ережелерін талқылаған кезде, олардың
назары өздеріне жүктелген міндеттемелерді
адал орындау қағидасына, туындаған
дауларды бейбіт түрде реттеу қағидасына,
мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасына
аударылады. Егер шарттық ережелер
адамның қүқықтары мен бостандықтарын
қорғау мәселелеріне қатысты болса,
онда мемлекеттер өздеріне адамның
қүқықтары мен негізгі бостандықтарын
қүрметтеу қағидасына, халықтардың тең
қүқықтылығы мен өзін-өзі басқару
қағидасына сәйкес міндеттемелерді
алады.
Халықаралық
шарт объектісінен оның мақсатын айыра
білу керек, яғни ол осындай шарттардың
әрекет ету нәтижесінде мемлекеттердің
қол жеткізгілері келетін мақсаттары
болып табылады. Мақсат өрқашан да нақты
сипатта, ол көбіне-көп халықаралық
шарттың Кіріспесінде, кейде оның негізгі
бөлігінде көрсетіледі. Басқаша айтқанда,
халықаралық шарт объектісі дегеніміз
оның мақсатқа жету жолындағы қүралы
болып табылады. Халықаралық шартты
жасай отырып, онда біріккен мақсатты
көрсете отырып, келісуші тараптың
әрқайсысының жеке мақсаттары да болуы
мүмкін.
Кез
келген халықаралық шарттың ажырамас
қасиеті және оның халықаралық дәстүрден
ерекшелігі, мүнда субъектілердің еркі
анық көрсетілетіндігінде. Халықаралық
қүқық субъектілерінің еріктерінің
айқын сипат алуына көмектесетін қүралдар
мен тәсілдер халықаралық шарттың
нысанын қүрайды. Оларға ауызша түжырымдар
және анықтамалар, сондай-ақ шарттың әр
түрлі бөліктерінің орналасу арақатынасы
мен рөлі, оның қүрылымы мен атауы
жатқызылады. Белгілі болғанындай,
халықаралық шарттар жазбаша, кейде
ауызша нысанда жасалады. Мысалы,
халықаралық шарттардың қүқықтары
туралы Вена Конвенциясының шарттық
ережелері сауда шарттарының жазбаша
да, ауызша да жасалу нысандарын
қарастырады.
Халықаралық
шарт нысанының маңызды элементтерінің
бірі және оның көмегімен субъектілердің
ниеттерін айқын көрсететін нәрсе - ол
шартгық процестің қатысушылары
қолданатын тіл болып табылады. Халықаралық
шарт мәтінделген, сөзбен бекітілген
келісім түрінде болуы мүмкін. Халықаралық
шарттың қандай да бір міндетті тілі
жоқ екенін
айтуымыз
керек. Белгілі болғанындай, екі тарапты
шарттар келісуші екі тараптын білетін
тілдерінде жасалады. Екі тараптың
тілдерінде жасалган мәтіннің бірдей
заңдық күші болады, яғни олар тең. Бүл
ереже шарттың қорытынды баптарында
жиі көрсетіледі. Кейбір жағдайларда
екі тарапты шарттар екі тілде емес, үш
тілдегі нүсқада жасалуы мүмкіа Оны
тараптардың серіктестерінің тілін
білмегендіктен, екі тарапқа да белгілі
тілге жүгінуімен түсіндіруге болды.
Мүндай жағдайда, қарама- қайшылықтар
туындайтын болса, бір мемлекеттің тілі
келесі тарапқа түсініксіз болса, үшінші
тілдегі мәтін түпнүсқалық (аутентикалық)
болып есептеледі. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Балтық елдерімен шарт
жасасу тәжірибесінде шарттарды үш
тілде жасау кездеседі: қазақ тілінде
және шарт жасасушы Балтық елінің бір
тілінде
литва,
латвия, эстон тілдерінде; үшінші
қолданылатын тіл - орыс немесе ағылшын
тілдері болады. Халықаралық әмбебап
үйым - Біріккен Ұлттар Үйымының аясында
жасалатын шарттар, әдетте, осы үйымның
алты ресми тілдерінде - орыс, араб,
ағылшын, француз, испан және қытай
тілдерінде жасалады.
Халыкаралық
шарт нысанының элементтеріне оның
қүрылымын, шарттын атауын көрсететін
кіріспесін, негізгі және қорытынды
бөлімдерін жатқызады. Халықаралық шарт
қүқығы теориясында шарттың кіріспесі,
халықаралық шарттың басқа бөлімдерімен
теңдей заңдық күші бар ажырамас бөлігі
ретіндегі маңызы көпке дейін жоққа
шығарылып келді. Алайда, халықаралық
шарт қүқықтары туралы 1969 ж. Вена
Конвенциясынын 31-бабында шарттың
контексіне кіріспенің де кіретіні анық
көрсетілген. Кіріспеде келісуші
тараптардың, уәкілеттілердің атаулары,
дәлелдері және окілеттерінің жарамдылығы
ғана емес, сонымен бірге шарттың мақсаты
да көрсетіледі. Мысалы, БҰҰ-ның 1945 ж.
Жарғысының Кіріспесінде соғыстың
зардаптарынан қүтқару, адамның негізгі
қүқықтарына деген сенімді бекіту,
міндеттемелердің әділдігі мен қүрметгеуді
сақтауға шарт-жағдайлар жасауға
көмектесу және т.б. мазмүндалғаа
Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы және Өзбекстан Республикасы
арасындағы БҰҰ-ның қамқорлығындағы
үжымдық бітімгершілік батальонын
үйымдастыру және қүру туралы 1995 ж. 15
желтоқсандағы Келісімнің Кіріспесінде
БҰҰ мүшесі екендігі, барлық әлемде
бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық
қауымдастықтың жоғарғы жауапкершілігін
бөлісу туралы тезис, дағдарыстарды
реттеу, соғыс қаупінің алдын алу және
т.б. реттеудегі БҰҰ-ның күш салуына
тараптардың бірігіп үлес қосуға
үмтылулары ескеріліп өткен.
Халықаралық
шарттың орталық бөлігі бөліктерге,
тарауларға, баптарға, параграфтарға,
тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді.
Осындай бөліктерге бөлу халықаралық
шартгардың мәтінін пайдалануды, әсіресе
олар үлкен көлемді болған жағдайда
жеңілдетілді. Аталған
элементтердің
бар немесе жоқ болуы шарттың мазмұнына,
қатысушылардын санына, мақсаттарына
және өзге де факторларға байланысты,
мысалы, жоғарыда аталған 1969 ж. Вена
Конвенциясы көпжақты шартретінде
бөліктерге, бөлімдерге, баптарға,
тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді.
1949 ж. Женева Конвенциясы әрекеттегі
армиялардағы жараланғандар мен
аурулардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ
теңіздегі қарулы күштердің қүрамынан
кеме апатына үшыраған жәбірленуші
адамдардың жағдайын жақсарту туралы
мазмүны тарауларға, баптарға, тармақтарға,
тармақшаларға бөлінген. Ал дипломатиялық
қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясы,
ядролық қаруды таратпау туралы 1968 ж.
шарттың мазмүнды тек баптарға,
тармақтарға, тармақшаларға бөлінген.
Халықаралық
шарттардың қорытынды ережелерінде,
белгілі болғанындай, қол қою, бекіту,
қосылу актісі, шарттың заңды күшіне
ену негіздері, шарт жасалатын тілдер
жөнінде мәлімеггер, депозитарийді
көрсету және мәтіннің түпнүсқалығы
туралы тезис болады.
Халықаралық
Шартта қосымша материалдардан, қол
қоюдың қорытынды хаттамаларынан,
ноталар немесе хаттар алмасудан, реттеу
рәсімінің ережесінен түратын қосымшалар
болуы мүмкін. Қосымшаның кіріспеден,
негізгі және қорытынды ережелерден
өзгешелігі, ол шартта немесе қосымшада
тікелей көрсетілсе, шарттың ажырамас
бөлігі бола алады. Мысалы, БҰҰ-ның 1945
ж. Жарғысының 92-бабына сәйкес, Халықаралық
Сот Статуты Жарғының ажырамас белігі
болып табылады. Қазақстан Республикасының
үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі
арасындағы “Байқоңыр” кешенін жалға
алу туралы 1994 ж. 19 желтоқ- сандағы шартта,
аталмыш шарттың ажырамас бөлігі болып
табылатын бірнеше қосымшалар көзделген.
Мысалы, № 3 қосымшада жалға алудың
қосымша шарттары бар: визасыз режим
мәселелері, кедендік ресімдеу, түрмыстық
шарт-жағдайлар. Белгілі болғанындай,
аумақтық мәселелер жөніндегі шарттарда
топографиялық карталар, демаркациялық
(шекаралық) белгілері бар қосымшалар;
ал халықаралық экономикалық шарттарда
- техникалық стандарттары, тарифтері
бар қосымшалар болады.
Халықаралық
шарттардың нысандарын атау сияқты
элементтері де үлкен маңызға ие. Себебі,
халықаралық тәжірибеде жасалатын
шарттардың саны шексіз. Сондықтан
кездесіп отыратын шарттардың атауын
есептеу қиынға соғады. Көп қолданылатын
атаулардың түрлері мынадай: шарт,
конвенция, келісім, пакт, хаттама, жарғы,
статут, біріккен өтініш, декларация,
мазмүндама, хартия, меморандум, регламент,
акт, ноталар алмасу және т.б. Бүгінгі
таңда халықаралық шарттар атауларының
заңдық ерекшеліктері де және мүндай
атаулардың көпшілік таныған топтамалары
да жоқ. Сонымен бірге, кейбір атаулардың
іс
жүзінде үзақ мерзім пайдаланылуы
нәтижесінде біршама заңдылыққа ие
болатынын да айту өту керек. Мысалы,
халықаралық үйымдарды немесе олардын
жеке органдарын қүру туралы шарггар
жарғылар немесе статуттар деп аталады
(БҰҰ Жарғысы, ТМД Жарғысы, Халықаралық
СотСгатуты). Көптарапты шарттардын
қатысушылары, әдетте, өздерінің қүқықтары
мен міндеттерін конвенция нысанында
ресімдейді (Женева Конвенциясы, Гаага
Конвенциясы). Қалыптасқан халықаралық
тәжірибеде соғыс және бейбітшілік
мәселелері, адамның қүқықтары мен
бостандық мәселелері жөніндегі маңызды
шарттық ережелер пактімен белгіленеді
(шабуыл жасамау Пактісі, Рерих Пактісі,
адам қүқықтары жөніндегі Пактілер).
БҰҰ-ның халықаралық қүқық Комиссиясында
шарттардыңтүрлі атауларын талқылаған
кезде ноталар алмасу сияқты атау туралы
мәселе қызу талас туғызды. Комиссияның
кейбір мүшелері ноталар алмасуды
дипломатиялық қызметтің салдары ғана
деп есептейді. Алайда, Вена Конференциясы
қатысушыларының көпшілік бөлігі ноталар
алмасуды халықаралық шартты жасаудың
бір тәсілі деп есептеу керек, себебі
осындай алмасу арқылы тараптардың
келісімдері ресімделеді деп айтып
өтгі. Үкімет басшылары мен мемлекет
басшыларының өтініштері мен мазмүндамалары
сияқты шартгық актілер халықаралық-қүқықтық
қатынастарда үдемелі орын алуда. Осы
заманғы жағдайда оларда маңызды саяси,
экономикалық және әскери мәселелер
жөніндегі келісімдердің, келіссөз
жүргізудің нәтижелері көрініс табады.
Халықаралық
шарттар қүқықтарының теориялық курсы
үшін халықаралық
шарттардың жіктелуінің үлкен
маңызы бар. Жіктеуге мыналар негіз
болады:
Шартка
катысушылардын сандык күрамына
байланысты: екі тарапты және көп
тарапты. Екі тарапты шарттар, оз
кезегінде әр тарапта бір қатысушы
болатын әдеттегі екі тарапты шартгарға
және бір тарабында да, екінші тарабында
да бірнеше қатысушылары бар шарттарға
бөлінеді. Көп тарапты шарттардың ішінде
қатысушылары шектеулі шарттар (топтық
немесе шектелген деп аталатын) және
жалпы (әмбебап) шарттар болатынын айыра
білу керек.
Халыкарадыкшар.ьйбь.ектілеріиі-4
түрдерш&байлаішсты; саяси, экономикалык>
арнайы мәселелер бойынша. Шабуыл
жасамау туралы, дипломатиялық және
елшілік қатынастарды орнату жөніндегі,
аумақтық мәселелер жөніндегі шартгар
және т.б. саяси шарттарға жатқызылады.
Экономикалық мәселелер жөніндегі
шарттар санатына тауар жеткізілімі
және тауар айналымы жөніндегі,
есептік-несиелік шарттар, өндірістік
меншікті қорғау туралы, қосарланған
салықтан қүтылу үшін шарттар және т.б.
жатқызылады. Арнаулы мәселелер жөніндегі
халықаралық шарттар көлік, ауыл
шаруашылығы, ғылым және мәдениет,
денсаулық сақтау, қүқықтық мәселелер
көлемінде жасалады.
