Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

қабылдау кезіндегі 1991 ж. 21 желтоқсанындағы Хаттамага қол қойган және бекіткен мемлекеттер Достастыққа мүше бола алады. Жарғыны мемлекет басшылары қабылдағаннан кейін, бір жыл ішінде Жарғы бойынша өздеріне міндетгемелер жүктеген мемлекет-қүрылтайшылар Достастықтың мүше-мемлекеттері болып табылаць^ Осы үйымның мақсат-міндеттері мен қағидаларын бөлісетін және Жарғы бойынша өздеріне міндеттемелер алатын мемлекеттер Достастыққа мүше бола алады және Жарғыға қосылу үшін барлық мүше-мемлекетгердің келісімі қажет. ТМД-ның жеке қызмет түрлеріне қатысқысы келетіндер ассоциацияланған мүше ретінде болуы да мүмкің)| Бақылаушылар институтында да рәсім ережелері көзделген. Достастық қүрамынан шығатын кезде мүше-мемлекет депозитарийге 12 ай бүрын хабарлауы тиіс. Жарғылық ережелерді бүзған жағдайда, Достастық көлемінде жасалған келісімдер бойынша міндеттемелерді жүйелі түрде орындамаған жағдайда халықаралық қүқықта көзделген шаралар қолданылады.

Мүше-мемлекеттердің әр түрлі салалардағы арақатынастарындағы көп жақты және екі жақты келісімдер негізгі қүқықтық база болып табылады.

[^Лүше-мемлекеттердің біріккен қызмет саласы көптеген әмбебап және аймақтық үйымдардың бағдарламалық ережелерімен сәйкес келед]^ Сонымеқ ТМД Жарғысының 4-бабында козделген қызмет түрлерінің тізбесі онымен шектелмейді.ІТМД Жарғысы мүше-мемлекеттердің үш манызды бағытгары бойыншапозицияларын егжей-тегжейлі көрсетеді:

  1. Ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық.

  2. Жанжалдардың алдын алу және дауларды шешу.

  3. Экономикалық, әлеуметтік жөне қүқықтық салалардағы ынтымақтастыі^/

Халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қарулануды қадағалау саласында ТМД мүше-мемлекеттері келісімді саясат жүргізуде. Сөйтіп, жарғылық ережелерде позицияларды үйлестіру үшін өзара консульта- циялар тетігі мен төнген қауіпті жою үшін шаралар қабылдауға сілтеме- лер жасалған. Осы шаралар бітімгершілік операцияларын қолдануды және қажет жағдайда Қарулы Күштерді де қолдануды көздеуі мүмкіа

ТМД мүше-мемлекеттері адам қүқықтарын бүзуға әкеліп соғуы мүмкін жанжалдардың алдын алу үшін қолдан келген барлық шараларды пайдаланулары міндетті. Ол, ең біріншіден үлтаралық және конфессия аралық жанжалдарға қатысты. Мемлекеттер жанжалдарды шешудің бейбіт тәсілдерін, келіссөздер жүргізу және реттеудің басқа да үқсас тәсілдерін қолдануға міндеттенеді. Егер дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері жеткіліксіз болса, онда мемлекеттер дауды мемлекет басшыларының Кеңесіне береді.

Экономикалық, әлеуметтік және қүқықтық салалардағы

ынтымыақтастық жалпы экономикалық кеңістік құруға, әлеуметтік саясатты үйлестіру, ортақ әлеуметтік бағдармаларды жасауға және әлеуметтік шиеленісуді төмендету жөніндегі шараларды жасауға көмектеседі. Осы қызмет түріндегі елеулі маңыз табиғатты бірлесіп қорғау шараларын жүзеге асыруға, экологиялық апаттар мен өзге де төтенше жағдайлардың салдарын жоюға өзара көмек көрсетуге берілгеа Мүнан басқа, м үше-мемлекеттер қүқық саласында да ынтымақтастықты жүзеге асырады. Бүған қүқықтық көмек көрсету туралы көпжақты және екіжақты шарттар жасау арқылы қол жеткізуге болады және ол үлттық заңдардың жақындасуына да көмектеседі.

үДәуелсіз Мемлекеттер Достастығының органдар жүйесі мынадай болып көрсетілген:

  1. Мемлекет басшыларының Кеңесі Достастықтың жоғары органы болып табылады. Оның қүзыретіне мүше-мемлекеттердің ортақ мүдделеріне қатысты қызметтеріне байланысты негізгі мәселелерді талқылау және шешу жатады. Мемлекет басшылары Кеңесінің мәжілісі жылына екі рет жиналады. Мүше-мемлекеттер бастамасымен кезектен тыс мәжілістер шақырылуы мүмкіа

  2. Үкімет басшыларының Кеңесі Достастықтың атқарушы органы болып табылады. Кезектен тыс мәжілістер мүше-мемлекеттердің біреуінің бастамасымсн шақырылуы мүмкін.

Мемлекет басшылары Кеңесі мен үкімет басшылары Кеңесінің шешімдері ортақ келісім негізінде - консенсус арқылы қабылданады. Біріккен мәжілістер өткізулері де мүмкін. Мемлекет басшылары Кеңесі және үкімет басшылары Кеңесі түрақты және уақытша негізде жүмысшы және қосалқы органдар қүрады.

  1. Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі мүше-мемлекеттердің сыртқы саяси қызметін, олардың халықаралық үйымдардағы қызметін қоса алғанда үйлестіруді жүзеге асырады; өзара мүдде түрғысындағы әлемдік саясат мәселелерінде ақыл-кеңес беруді үйымдастырады.

  2. Үйлестіру-консультациялық Комитеті Достастықтың түрақты әрекет ететін атқарушы және үйлестіруші органы болып табылады. Оның қүзыретіне мыналар жатады: Достастық аясындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде үсыныстар жасау және енгізу, әлеуметтік- экономикалық байланыстарды дамыту; экономикалық ынтымақ- тастықтың нақты бағытгары жөнінде келісімдерді жүзеге асыру; мемлекст басшылары Кеңесі мен үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісіне үсынылатын қүжаттар жобасын дайындау үшін өкілдер мен сарапшылардың жиналысын үйымдастыру; мемлекет басшылары Кеңесі мен үкімет басшылары Кеңесінің мәжілістерін өткізуді қамтамасыз ету; Достастықтың озге де органдарының жүмысына көмектесу. Үйлестіру- консультациялық Комитеті Достастықтың әрбір мүше-мемлекеттерінін

екі-екіден түрақты өкілетті өкілдерінен және мемлекет басшылары Кенесі тагайындайтын Комитет үйлестірушісінен түрады. Комитет хатшылығы Достастықтың барлық органдарының үйымдастыру- техникалық жүмысын қамтамасыз етумен айналысады.

  1. Қорғаныс министрлерінің Кеңесі мемлекет басшылары Кеңесінің аскери саясат және әскери қүрылыс мәселелері жөніндегі органы болып табылады.

  2. Біріккен Қарулы Күштердің Бас қолбасшылығы Біріккен Қарулы Күштерді, сондай-ақ әскери бақылаушылар тобын және бейбітшілікті колдау жөніндегі үжымдық күштерді басқарады.

  3. Шекаралық әскерлерді басқару Кеңесі мемлекет басшылары Кеңесінің мүше-мемлекетгердің сыртқы шекаралық мәселелері жөніндегі органы болып табылады. Бүл қүрылымдық бөлімшенің міндеті - сыртқы шекаралардың түрақтылығын қамтамасыз ету.

  4. Экономикалық Сот Достастық шеңберінде экономикалық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің кепілі.

  5. Адам қүқықтары жөніндегі Комиссия Достастықтың консультациялық органы болып табылады және адам қүқықтары жөніндегі мінеттемелердің орындалуын қадағалайды.

  6. Салалық ынтымақтастықтың келісілген қағидалары мен ережелерін жасауды жүзеге асыратын және оларды жүзеге асыруға көмектесетін салалық ынтымақтастық органын қүру мүмкіндігі де бар.

  7. Парламентаралық Ассамблея ТМД мемлекетаралық органы ретінде ерекше орын алады. Оның қүзыретіне Парламентаралық консультациялар өткізу, Достастық аясында ынтымақтастық мәселелерін талқылау, үлттық парламент қызметінде біріккен үсыныстар жасау кіреді/

Достастық органдарының тармақталған жүйесіне қарамастан, интеграциялау процесі баяу жүруде, әрі ТМД институттары да тиімсіз жүмыс істеп келеді. 1994 ж. Н.Ә. Назарбаев ТМД-ға қатысушы мемлекетгер ішінен жаңа бірлестік, Еуразиялық одақты (ЕАО) қүруды үсынған болатын

Қазіргі болмыстағы еуразиялық доктринаның үдемелі белгілері Еуразиялық Одақтың түжырымдамасында көрініс тапты. Неге осындай түжырымдаманы үсыну қажеттігі туды?

Социалистік жүйенің ыдырау кезеңі жаңа мемлекеттердің пайда болуымен ғана емес, сондай-ақ әлемдегі күштердің ғаламдық өзгерістерге үшырауына да ықпал етгі. Осы күштердің қалыптасу процесі бүгінгі күнге дейін жалғасуда. КСРО-ның тез ыдырауы, қауіпті үрдістерді, оның ішінде славяндық және түркі-исламдық одақтардың қүрылу қаупін тудырды, олай болғанда жағымсыз, теріс салдар болмай қалмас еді. Қазақстан мемлекетінің басқа мемлекеттердің қолдауымен Беловеж келісіміне қол қоюға қатыспағандықтарынан осындай теріс үрдістердің алдын алуға мүмкіндік туды.