Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;

  1. егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған қүжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;

  2. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

  3. егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде түрақты түратын адам дәлелсіз себептермен бес жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе айьфылады.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, басқа мемлекеттердің азаматтары асырап алған бала, егер олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде түрақты түратын болса, сондай-ақ баланың бірге түратын ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, түрақты түруға республикадан тыс жерлерге кетіп қалса, асырап алушылардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыға алады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңның 5-тарауында Қазақстан Республикасы Президентінің және ішкі істер органдарының, сыртқы істер министрлігінің, елшілік өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өкілеттіктері айқындалған.

Бүрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша Азаматтық турал ы Заңның талаптарына сәйкес, оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін.

  1. Шетел азаматтарының қүқықтық жагдайы

Халықаралық-қүқықтық доктринада “шетелдік” жөне “шетел азаматы” деген терминдер қолданылады. Олар үқсас үгымдар ма, әлде олардың бір-бірінен өзара айырмашылықтары бар ма? Кейбір мемлекеттердің заңдарында осы үғымдардың мазмүны кең мағынада беріледі, яғни шетелдік азаматтар деп өз елдерінің азаматтары болып табылмайтын және шетел мемлекетіне тиесілі екендіктеріне дәлелдері бар азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 19 маугымындағы “Шетел азаматтарының қүқықтық жағдайы туралы” заң күші бар жарлығының 2-бабына сәйкес, Қазақстан заңдарында шетел азаматтары мен азамат- тығы жоқ адамдарға бірдей мәртебе қолданылады. Жоғарыда аталған Жарлықтың 2-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Респуб- ликасының азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады. Тар мағынасындағы “шетелдік” үғымы тура мағынасында, яғни шетел азаматы деген мағынаны береді.

Шетелдіктердің қүқықгық мәртебесін қамтамасыз ету мәселелерінде өзінің азаматтарының негізгі қүқықтары мен бостандықтарының кейбірі беріледі. Әрі, мүндай жағдайда кемсітушілік элементтері болмайды. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары барлық қүқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген міндеттердің бәрі жүктеледі, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бүған жатпайды.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және үлтқа жататынына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, шүғылданатын қызметі мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бірдей болады. Шетел азаматтарының өздерінің қүқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне оның азаматтары мен басқа адамдардың қүқықтары мен заңды мүдделеріне нүқсан келтірмеуі тиіс және мүны олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белғіленген міндеттерін орындауынан бөліп қарауға болмайды.

Шетел азаматтарының қүқықтық режимін, яғни олар орналасқан мемлекеттің аумағындағы қүқықтары мен міндеттерінің жиынтығын әрбір мемлекет өзінің халықаралық міндетгерін ескере отырып, заңымен айқындайды. Халықаралық қүқықтық тәжірибеде шетел азаматгарының қүқықтық режимінің мынадай түрлері кездеседі:

  • шетел азаматтарын өзінің азаматгарының қүқықтық мәртебесіне теңестіру - үлттық режим деп аталады. Ұлттық режим қүқықтық реттеудің жеке салаларында кездеседі, мысалы, мүрагерлік саласы;

  • арнайы режим - шетел азаматтары үшін қандай да бір салаларда ерекше қүқықтар, міндеттер, жеңілдіктер немесе шектеулер қою. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгіленген негіз бен тәртіпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметімен шүғылдана алады. Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметінің белгілі бір түрімен, егер бүл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрімен шүғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шүғылдана алмайды. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары өкілді және басқа сайланбалы мемлекеттік органдарға және қызметке сайлай да, сайлана да алмайды, сондай-ақ респубикалық референдумдарға қатыса алмайды. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік Қазақстан Республикасының аумағында түрақты түратын немесе уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды;

  • ең қолайлы жағдай режимі - қандай да бір мемлекеттің азаматы

үшін қүқыкгар мен міндеттер саласында кез-келген үшінші мемлекеттің азаматтарына қолайлылық белгіленгендей бекіту. Қүқықтықрежимнің осы түрі шарт негізінде жүзеге асырылады.

Шетелдіктердің азаматтықтарындағы мемлекеттер мен орналасқан мемлекеттерінің арасындағы өзара қатынастардың сипаты қандай? Шетел адамдарының қос бағыныстылықта болатынын айту керек. Бір жағынан алғанда, олар аумағында түратын мемлекетке бағынуға міндетті, яғни мүнда аумақтың қарауына жатады. Екінші жағынан, шетел азаматтары өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің қорғауында болады, яғни жеке қарауына қарасты болады деген сөз. Сонымен қатар, орналасқан мемлекет шетел азаматтары үшін қүқықтық режим бекіткенімен, халықаралық қүқықгың көпшілік таныған қағидалары мен нормаларына қайшы келмейді.

Халықаралық қүқықта шетел азаматтарының екі түрі бар: Қазақстан Республикасында түрақты түратын және уақытша жүрген шетел азаматтары. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 19 ма>сымындағы “Шетел азаматтарының қүқықтық жағдайы туралы” заң күші бар жарлығының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында түрақты түрушылар деп оған ішкі істер органдары беретін рүқсат пен түрақты тұруға белгілі қағазын алған шетел азаматтары танылады. Қазақстан Республикасындағы өзге заңды негізде жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша болушылар деп саналады. Олар белгілі тәртіппен тіркелуге және белгілі болу мерзімі откен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

Қазақстан Республикасында түрақты түратын шетел азаматтары түрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының қүқықтарын пайдаланады және солар сияқты міндеттерге ие болады.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары жеке меншік қүқығында түрғын үйге (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) және басқа мүлікке, ғылым, әдебиет пен онер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық үсыныстың, өнеркәсіптік үлгінің авторлық қүқығына, сондай-ақ өзге де мүліктік және мүліктік емес қүқықтарға ие бола алады. Қазақстан Респуб- ликасында өздерінің мүліктік және жеке мүліктік емес қүқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген негіздер мен тәртіпте мүліктік және жеке мүліктік емес қүқықтарды пайдалануға қүқылы.

Қазақстан Республикасында түрақты түратын шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей білім алуға қүқылы.

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған тәртіпте, сондай-ақ оқу орындарымен жасасқан шарттар мен контрактілер бойынша Қазақстан Республикасында білім алуына болады.

Оқу орындарына қабылданған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оқушылар мен студенттердің қүқықтарын иеленіп, міндеттерін орындайды.

Қазақстан Республикасында түрақты түратын шетел азаматтары саяси мақсаттарды көздейтін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден баска қоғамдық бірлестіктерге, егер бүл олардың жарғыларына (ережелеріне) қайшы келмейтін болса, кіруге қүқылы.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматгары өздерінің мүліктік және мүліктік емес қүқықтарын қорғау үшін сотқа және басқа мемлекеттік органдарға өтініш жасауға қүқылы. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларда сотта Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей іс жүргізу қүқықтарын пайдаланады.

Шетел азаматтарының жауапкершілік мәселелері заңдық тәртіпте бекітілген. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бүзған, яғни түруға қүқық беретін қүжаттарсыз түрған немесе жалған қүжаттар бойынша түрып жатқан, тіркелудің немесе жүріп-түру мен түрғылықты жер таңдап алудың белгіленген тәртібін сақгамаған, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту ережелерін орындамаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту ережелерін өрескел бүзуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының қүқықтық жағдайы туралы заңдарды бүзған шетел азаматына оның Қазақстан Республикасында болу жөнінде белгіленген мерзімі қысқартылуы мүмкін. Шетел азаматының Қазақстан Республикасында болу мерзімі одан әрі болуы үшін негіздері қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының шегінен шетел азаматы мына жағдайларда қуылады:

а) егер оның іс-әрекеті мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса;

б) егер бүл халықтың денсаулығы мен адамгершілік қасиетін сақтау,

Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;

в) егер ол Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының қүқықтық жағдайы туралы заңдарды, Қазақстан Республикасының кедендік, валюталық немесе өзге де заңдарын бүзса, Қазақстан Республикасының шегінен қуылуы мүмкіа

Қуып жіберу туралы шешімді Қазақстан Республикасының бүған уәкілдік берілген мемлекеттік органдары қабылдайды. Шетел азаматы осы шешімде корсетілген мерзімде Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті. Кетуден жалтарушылар мүндай жағдайда прокурордың санкциясы бойынша үсталуға және ықтиярсыз қуылуға жатады. Бүл орайда қуып жіберу үшін қажет мерзімге үстап қалуға жол беріледі.

Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбеген болса, шетел азаматтары қолданыстағы төлқүжат немесе оны алмастыратын қүжатгар бойынша Қазақстан Республикасына келе алады. Қазақстан Республикасына келу шетел азаматына мынадай жағдайларда:

а) мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделеріне қарсы болса;

б) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса; оның аумағының бірлігі мен түтастығын бүзуға шақыратын болса;

в) егер ол мемлекетаралық, үлтаралық және діни дүшпандықты өршітетін болса;

г) егер ол Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың қүқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшіи қажет болса;

д) егер ол террористік әрекеті үшін сотталған болса немесе сот оны аса қауіпті баукеспе деп таныған болса;

е) егер ол бүрын Қазақстан Республикасынан қуылған болса;

ж) егер Қазақстан Республикасында бүрын болған кезінде Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының қүқықтық жағдайы туралы заңдарды, республиканың кедендік, валюталық немесе өзге де заңдарын оның бүзу фактілері анықталған болса;

з) егер келу туралы отініш жасалған кезде ол өзі жайында жалған мәліметтер хабарлаған болса, немесе қажетті қүжаттарды тапсырмаған болса, рүқсат етілмеуі мүмкін.

Келу визаларын немесе соларға сәйкес келетін басқа қүжаттарды Қазақстан Республикасының бүған арнайы уәкілдік алған өкілдері береді. Қабылдаушы тараптардың шақыруы және егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бүған уәкілдік алған органдарының рүқсатгары виза беру үшін негіз болып табылады.

Шетел азаматтары қолданыстағы шетелдік төлқұжаттар немесе Қазақстан Республикасының бүған уәкілдік алған мемлекеттік орғандары берген кету визалары болған жағдаида сол төлқүжаттарды алмастыратын қүжаггар бойынша, егер тиісті елмен жасалған келісімде өзгеше тәртіп белгіленбесе, Қазақстан Республикасынан кетеді. Қазақстан Республикасынан кету шетел азаматына мынадай жағдайларда:

а) егер оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздер болса - істі жүргізу аяқталғанға дейін;

б) егер ол қылмыс жасағаны үшін сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейін;

в) егер ол сот жүктеген міндеттемелерді орындаудан жалтаратын болса - міндеттемелер орындалғанға дейін;

г) Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген өзге де негіздер бойынша рүқсат етілмейді.

Шетел азаматының Қазақстан Республикасынан кетуі ол Қазақстан Республикасы азаматгарының, басқа жеке және заңды түлғалардың елеулі мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттемелерді орындағанға дейін кейінге қалтырылуы мүмкіқ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетел азаматтары белгіленген маршрут бойынша Қазақстан Республикасынан кетудің шекаралық мекеніне транзиттік жүріп өту ережелерін сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бүған уәкілдік алған мемлекеттік органдары берген рүқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттік визаларында көрсетілген мекендерде ғана аялдай алады.

  1. жылдың 28 қаңтарындағы “Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын қүқықтық реттеудің жекелеген мәселелері” атты №136 қаулысымен шетелдік азаматтардың Қазақстан Республи- касына келуінін және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі бекітілген.

  1. Баспана қүқығы және босқындардың құқықтық жағдайы

Франция Конституциясында 1793 ж. алғаш рет өз отандарынан қуылған шетелдіктерге баспана беру қүқығы бекітілді. Кейінірек, осы қүқықтық институттың дамуы үлттық заңдар аясында, сондай-ақ халықаралық деңгейде жүріп жатты.

Халықаралық қүқық нормаларына сәйкес, мемлекеттер өздерінің саяси сенімдері мен саяси қызметтері үшін түрақты түратын мемлекеттерінде немесе өз мемлекеттерінде қудалауға үшырайтын немесе қудалануы мүмкін адамдарға саяси баспана беруі мүмкін. Әрбір