- •Осы замангы халықаралық қатынастардың
- •Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық
- •1.6. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың
- •Халықаралық қүқықтағы тану институты
- •Халықаралық қүқықмирасқорлық институты
- •Халықаралық жария қүқықтың бір саласы - халықаралық шарттар қүқықтары
- •Халықаралык шарттардың құқыкгық табиғаты
- •Халыкаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары
- •Актіні тіркейтін тараптардың атауы және тіркеу датасы;
- •/Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы (қалпына келтірілуі)
- •Халықаралық шарттардың жарамсыздыгы
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
- •Қүқықтың бір саласы - халықаралық ұйым
- •Халықаралық үйымдар үғымы және қүқықтық табигаты
- •Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •Құқықтық табиғаты
- •Біріккен Ұлттар Ұйымының қүрылу тарихы, бұұ-ның мақсат-міндеттері, қагидалары, оған мүшелікке өту мәселелері
- •Біріккен Үлттар Ұйымының қүрылымы
- •Қазақстан Республикасы - Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі
- •Тәуелсіз мемлекеттер достастыгы (тмд)
- •Ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық.
- •Жанжалдардың алдын алу және дауларды шешу.
- •6.8. Солтүстік Атлантика Одагының (нато-ның) стратегиялық түжырымдамасы
- •2002 Ж. Мамырында Рейкьявикте еуроатлантикалық әріптестік Кеңесі (еаәк) қатысушы мемлекетгерінің сыртқы істер министрлерінің мәжілісі болып өтті, онда Қазақстанның нато-мен жаңа қауіп-
- •Халықаралық үйымдардың шешім қабылдау тетігі қандай?
- •Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қүрылымы қандай?
- •Вальдхайм к. Единственная в мире должность. -м., 1980.
- •7.2 Мемлекеттердің халықаралық-күқыктық жауапкершілігінің негіздері
- •Халықаралық міндетгемелерді бүзатын мемлекеттердің әрекеті бүзылған міндеттеменің объектісінен төуелсіз халықаралық қүқыққа қайшы өрекет бөлып табылады.
- •Халықаралық үйымдардың жауапкершілігі
- •Ж. Шарт; ғарыш объектілеріне келтірілген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция.
- •Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық
- •Шетел азаматтарының қүқықтық жагдайы
- •Баспана сүраушы мен оның азаматтығы бар мемлекет арасында;
- •Баспана сүраушы мен баспана беруші мемлекет арасында;
- •Адамның өзі азамат болып табылатын мемлекет пен баспана берген мемлекет арасында.
- •1 Аргумснты и факты. Казахстан. № 31 (473). 31 шілде - 6 тамыз 2002 ж.
- •1959 Жылғы Бала қүқығы Декларациясы;
- •1948 Ж. Адам қүқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы адам
- •Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекетяің қорғауында болады.
- •Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи қүқығы әрі парызы.
- •Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
- •Адамның құқықтары мен бостандықтарын
- •Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы.
- •Сыртқы қатынас органдары
- •Консулдық қүқық үгымы, қайнар көздері
- •Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
- •Дипломатия мен сыртқы саясатгың арақатынасы қандаи.
- •Ұжымдык қауіпсіздік үгымы және түрлері
- •Қарусыздану және карулануға шек қою
Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекетяің қорғауында болады.
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи қүқығы әрі парызы.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасының 1999 ж. “Неке және отбасы туралы” Заңының 52-бабында былай деп айтылған:
Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге қүқығы, өзінің ата-анасын білуге қүқығы, олардың қамқор- лығына қүқығы, өзінін мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге түруға қүқығы бар.
БҰҮ Бас Ассамблеясының49-сессиясында қабылданған БҰҰ адам қүқықтары саласының қүрылуының онжылдығына арналған 1995-2004 жж. іс-әрекетгер жоспарында: ‘ЧЗнжылдық... адам қүқықтары саласындағы халықаралық қүжаттар ережелеріне, адам қүқықтары саласының қүрылуына қатысты ережелерге аса мән беріле отырып, Адам қүқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 26-бабын, Экономикалық, әлеуметтік, мәдени қүқықтар туралы халықаралық Пактінің 13-бабын, Бала қүқығы туралы Конвенцияның 29-бабын қоса ала отырып негізделеді...”- деп көзделген.
Адам қүқықтары жөніндегі Еуропа Конвенциясының 8, 12-бап- тары, №7 Хаттаманың 5-бабы отбасының мән-маңызын, отбасы ыдырауының қүқықтық салдарын, некесіз туған балалар мәртебесін айқындайды (Қазақстан заңдарында заңды некеден туған және некесіз туған балаларға теңдей қүқық қамтамасыз етілғен).
Өмір сүру қүқығы. Өмір сүру қүқығы - бүл адамның негізгі қүқығы болып табылады. Өмір сүру қүқығы - бүл әрбір адамның ажырамас қүқығы. Мемлекет адамның өміріне қол сүғудан кез келген адамды қорғауға кепілдік береді.
Өмір сүруге деген қүқықты қорғау мемлекетгің міндеті екендігіне қарамастан, ол көбінде бүзылып жатады. Қамауда үсталатын адамдардың өлімі туралы, сондай-ақ жоғалып кетуі туралы анық мәліметтер бар. Өкінішке қарай, мүндай жағдайлар саны кеміп келеді деп айта алмаймыз. Осындай жағдайлар, сондай-ақ азаптау, зорлық-зомбылық көрсету адам қүқықтарын өрескел бүзатындықтан, халықаралық қауымдастықтың назарын үдайы аударып келеді. Өмір сүру қүқығы -бүл адамның негізгі
күкыгы.
Бүл
адам қүқықтарының барлық жүйесінің
қисынды алғышарты. Екінші дүниежүзілік
соғыс кезінде көрініс тапқан адам
өміріне деген күрметсіздікті ескерсек,
соғыстан кейінгі кезеңдегі адам
қүқықтары жөніндегі қүжаттардың өмір
сүру қүқығынан басталғаны өз-өзінен
түсінікті болар. Мысалы, Адам қүқықтарының
жалпыға бірдей Декларациясының 3-бабЫнда
өмір сүру қүқығы, қол сүғылмаушылық
бостандығы айқындалған. Бірақ, 1948 ж.
Декларацияда, 1950 ж. Еуропа Конвенциясында
да өлім жазасын алып тастау туралы
ереже жоқ. Азаматтык
және
саяси қүқықтар туралы Пактінің
6-тарауында
өлім жазасына
кесу
туралы үкімдер шығаруға бірқатар
шектеулер қойылған. Өлім жазасын алып
тастау туралы ең алғашқы қүқықтық ереже
1985
ж. Еуропа
Конвенциясының №6
хаттамасынан орын алды. Адамның өмір
сүру қүқығын бүзу оны өмірінен айырудан;
лайықты деңгейдегі өмірге деген қүқығын
қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік
шаралардың болмауынан көрінеді.
Қазақстан
Республикасы Конституциясының
15-бабында: “Ешкімнің 03
бегінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
Өлім жазасы ерекше ауыр кылмыс жасағаны
үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен
белгіленеді, ондай жазаға кесілген
адамға кешірім жасау туралы арыздану
қүқығы беріледі’- деп жарияланған.
Мүндай
ең жоғары жаза көптеген елдерде бар,
өйткені өлім жазасы кісі өлтіргендердің
ең өділ жазасы және ол осындай қылмыс
жасау- шыларды қорқытады деген пікір
қалыптасқан. Өлім жазасы қылмыс- тылыктын
алдын ала ма? Бүл жауабы күрделі мәселе.
Өлім жазасы қорқытудың тиімді қүралы
деуге сенімді дәлел жоқ. Мәселенің тағы
бір жағы бар, ол үкім шығарған кезде
қате кетсе, оны түзеудің қиын болатындығы.
Өлім
жазасын қолдайтын немесе сынайтын
қоғамдық пікір жағдайға байланысты
үнемі өзгеріп түрады. Кінәсыз адамдарға
өлім жазасын қолданатын сот қателіктері
көбейіп кетсе, өлім жазасына қарсы
шығушылар саны бірден артып кетеді. Ал
егер асқан қатігездікпен бір ғана
қылмыс жасалса, қоғамдық пікір
қарама-қарсы жаққа ойысып кетеді. Немесе
тікүшақтарды айдап кету, саяси терроризм
не адамдарды үрлау сияқты “жаңа
қылмыстар” пайда болады.
Өлім
жазасы жөніндегі мәселелерде қоғамдағы
адамдардың көңіл- күйіне сезімдік
факторлар өте қатты әсер етеді және
үкіметтің ағымдағы жағдайға қарай заң
қабылдауы кездесіп түратынын айту
керек. Мысалы, мемлекетте төтенше жағдай
енгізілсе немесе қоршауда қалатын
жағдайлар болса, өлім жазасына кесетін
үкімдерді шығару қүқығы әскери
трибуналдарға немесе үкіметке беріледі.
Өлім
жазасы ертеде де аз қолданылған жоқ,
ал қазіргі кезде репрессиялық режимді
үстанатындар кез келген оппозицияны
басып
тастау
үшіқ әлеуметтік әділетсіздікті сақтап
қалу үшін қолданып отыр. Өлім жазасы
туралы проблеманын адам қүқықтарынын
халықаралық денгейде қорғалуына тікелей
қатысы бар. Бүл проблеманы әлеуметтік-
экономикалық, саяси-қүқықтық және
рухани адамгершілік факторла- рының
өзара тәуелділік түрғысынан қараудың
маңызы зор.
Эвтаназия
проблемасы
қоғамымызда көп пікірталас тудырып
жүр. “Эвтаназия” сөзі еи - жақсы және
Іһапаіоз - өлім деген грек сөздерінен
шыққақ оның мағынасы ауру адамның өз
өлімін тездетуді сүраған өтінішін
қандайда бір әрекеттер немесе қүралдар
арқылы қанағаттандыру дегенді білдіреді.
Сондай-ақ өмірді жасанды түрде үстап
туру шараларын тоқтатуды да осыған
жатқызуға болады. Азаматгардың
денсаулығын қорғау жөніндегі Қазақстан
заңдарында медицина қызметкерлеріне
эвтаназияны қолдануға тыйым салынған.
Бүл ережелер бүзылған жағдайда қылмыстық
жауапкершілік туындайды.
Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңдарында
өлім жазасы - ең жоғары жаза деп
белгіленген. Өлім жазасы ату арқылы
орындалады. Ату жазасы тек ерекше ауыр
қылмыстар үшін ғана ең ауыр жаза ретінде
қолданылуы мүмкін. Оларға мыналар
жатады:
адам
өміріне қол сүғатын қылмыстар;
соғыс
кезінде немесе үрыс жағдайында жасалған
қылмыстар;
мемлекеттік
сатқындық;
бейбітшілікке
және адамзат қауіпсіздігіне қарсы
қылмыстар;
ерекше
ауыр әскери қылмыстар.
Өлім
жазасы:
әйелдерге;
он
сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған
адамдарға;
сот
үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа
толған еркектерге тағайындалмайды.
Кешірім
жасау тәртібімен өлім жазасы жазаны
ерекше режимдегі түзеу колониясында
өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан
айырумен немесе жиырма бес жылға бас
бостандығынан айырумен ауыстырылуы
мүмкін. Өлім жазасы туралы үкім ерте
дегенде ол күшіне енген сәттен бастап
бір жылдан кейін орындалады. Ең жоғары
жаза - ату жазасына кесілген адамның
кешірім өтінуге қүқығы бар. Қазақстан
Республикасында Адам қүқықтары жөнінде
арнаиы комиссия қүрылған, оған көрнекті
қоғамдық және саяси қайраткерлер мүше.
Комиссия мүшелері келіп түскен барлық
өтініштерді қарастырады. Ең соңғы
шешімді Қазақстан Республикасының
Президенті қабылдайды.
Өмір
сүру қүқығына байланысты мәселелерді
қарастырғанда адамзат алдында адам
өмірінің басталу сәті мен өлім сағаты
жайында көптеген пікірталастар туындап
жатады. Адам өмірінің басталу сәті
туралы мәселе өте күрделі, себебі бүл
сүраққа медицинада біржақты жауап жок.
Адам
өмірінін
басталу сәті деп нені айтамыз: бала
бойға біткен кезеңді ме; әЛде
адам
ұрығының белгілі бір апталық дамуын
ба; немссе туылу сәтін бе? Ал, өлім
сағатына келсек, ол да әлі бір түйінге
келген жоқ. Жүректің соғуынын
тоқтау
сәті өлім сағаты деген туралы пікір -
көнерген уғымдардын бірі. Жоғарыда
аталған пікірталастар адамзат
қоғамында
жана
проблемалардың
туындауына әкеп соғады, атап айтқанда,
адам органдарын
трансплантациялаудың
қүқыққа сай болу мәселелері. Трансплантация
(Ігапзріапіаге
деген латын сөзі
-
көшіріп қондыру мағынасында) бір адамның
немесе басқа адамның денесіне органдарды
немесе
тіндерді
көшіруді білдіреді. Көпшілік мойындаған
халықаралық тәжірибеге орай, тірі
донордан немесе мүрдеден трансплаіггациялау
баска медициналық қүралдар өмірді
сақтап қалуға немесе денсаулықты
калпына
келтіруге
кепілдік бере алмаған жағдайларда ғана
қолданылуы мүмкін. Тірі донордан
органдарын немесе тіндерін алу егер
оның денсаулығына
айтарлықтай
зиян
келмейтін
болса ғана рүқсат етіледі. Жоғарыда
аталғандар трансплантациялауды қүқықтық
реттеудің
кажеттілігін,
алып-сатуға қүқықтық тыйым салу
керектігін қуаттайды.
Лайыкты
өмір деңгейіне деген қүкыкты қамтамасыз
етудегі тиісті мемлекеттік шаралардың
болмауы. Қазіргі кезеңде өмір сүруге
деген конституциялық күқық әлдеқайда
кеңейтіліп қарастырылады. Оның мазмүнына
жаңа түжырымдаманы атап айтқанда,- өмір
сүру сапасын жақсартуды енгізуде.
Сөйтіп, өмір сүру қүқығын кең мағынасында
- өмір сүру деңгейін түрақты түрде
жоғарылату ретінде қарастырады. Өмір
сүру сапасы түрлі элементтерден
қүралады: денсаулық пен білім, қалыпты
түрғын үй және тамақтану; түрақты жоне
таза қоршаған орта, әділдік, жыныстар
тендігі, қоғамдық омірге қатысу,
сондай-ақ адамгершілік пен қауіпсіздік.
Кейінгі жылдары даму түжырымдамасы
өмір сүру қүқығының негізгі компоненттерінің
бірі ретінде қызу талқыланып жүр.
Өркениетті
әлем жасау үшін тағы бір қадамға жол
беру керек, ал халықаралық қауымдастық
басты бір нәрседен келіп шығуы тиіс,
ол: өмір
сүру сапасы адамзат келешегін алдын
ала анықтайды.
Өмір
сүру сапасының маңыздылығын мойындау
дегеніміз омір сүру сапасын түрақты
жақсартуға қол жеткізу үшін күш жинау
деген сөз. Өмір сүру сапасын түрақты
жақсартуды қамтамасыз етудің іс
жүзіндегі, шындықты стратегиясы
мыналарға негізделуі тиіс:
барлық
елдерге қолданылатын өмір деңгейінің
ең төменгі стандарттарын бекіту;
осы
ең төменгі стандарттарды әрбір адамға
жеткізу қажеттігі;
осы
халықаралық стандарттарды әрбір
мемлекеттің орындау мүмкіндіктеріне
негіздеу.
1948
ж. Адам қүқықтарының жалпыға бірдей
Декларациясының
1-бабында:
“Барлық адамдар тумысынан азат және
қадір-қасиеті мен қүқықтары тен болып
дүниеге келеді” деп паш етілген.
Еуроп^қүжагта- рында осы конституциялық
қүқық істің әділ қарастырылуына деген
қүқықты айқындайды. Бүл ережелер адам
қүқықтарын қорғау жөніндегі Еуропа
Конвенциясының 6-бабында,
№ 7 хаттаманың 2, 3, 4 және 7-баптарында
орын алған. Теңдік қағидасы негізгі
жағдайлардың теңдік қүқығымен
айқындалады.
Бір
мемлекеттегі азаматтар теңдігі жынысына,
нәсіліне, үлтына, тіліне, тегіне, дінге
көзқарасына, нанымына, әлеуметгік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына,
түрғылықты жеріне байланысты немесе
кез- келген өзге жағдаяттар бойынша
демократияның негізін қалайтын қағидалар
мен элементтердің бірі ретінде
азаматтардың теңдігі айқындалады. Оның
мағынасы азаматтардың
мемлекет, заң және сот алдында
теңдігін ресми мойындау дегенді
білдіреді. Азаматтардың теңдік қағидасы
буржуазиялық революциялар кезеңінде
пайда болып, феодалдық қоғамның ташық
қатынасының орнын басқанын айту керек.
Нәсілдік
белгілері бойынша немесе түрлі топтардың
туа бітті теңсіздігі туралы түсініктер
бойынша кемсіту мүлдем қисынсыз пікір.
Кемсітушілік немесе дискриминация
- гіізсгітіпаііо деген латын сөзінен
шыққан - айырмашылық мағынасында. Бүл,-
әдетте, біреулердің басқа біреулердің
қүқықтарына қысым жасауын білдіретін
жалпы құқықтық термин. Негізінде ішкі
қүқықта да, халықаралық қүқықта да
кемсітушілікке тыйым салынған.
“Заң
алдында барлық адамдар тең”, “Заңмен
қорғалу қүқығы” және “Кемсітуге тыйым
салу” терминдерінің өрқайсысы өз
алдына дербес термин болып табылады.
Адам қүқықтары жөніндегі Еуропа
Конвенциясы адам қүқықтары жөніндегі
заңи міндетті халықаралық қүжаггардың
алғашқыларының бірі болғандықтақ
кейінірек қабылданған халықаралық
қүжаттарға қарағанда, онда теңдік пен
кемсітпеушілікке шектеулі түрде, аз
коңіл бөлінген. Конвенцияның 14-бабы
кемсітуге тыйым салады. Бұл бап
мемлекеттер үшін жалпы сипаттағы
кемсітпеушілікке кепілдік беруді емес,
ал осы қүқықтар мен бостандықтарды
кемсітпеу жолымен қамтамасыз етуге
кепіл беру міндеттерін жүктейді.
Кемсіту қашан да адам қүқықтарына қысым жасауға байланысты болады. Көбіне-көп кемсітушілікке әйелдер үшырап жатады. БҰҰ-ның адам қүқықтары жөніндегі Комитеті бірқатар сот істерін қарастырған кезде, мемлекетгердің ерлер мен әйелдердің теңдік қағидасын бүзатынын анықтады. Мысалы, Комитет Маврикия мемлекетінің заң ережелері осы қағидаға сай келмейді деген түйінге келді, өйткені Маврикия азаматының шетелдік зайыбы Маврикияда автоматты түрде түруға рүқсат ықтиярхат алатын болса, Маврикия азаматшасының шетелдік жұбайы өзіне түруға
рұқсат
ықтиярхат беру туралы өтінішпен
қайырылуы тиіс. Нидерлаіь дының
әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы
заңдарында тұрмыстағы әйелдер үйленген
еркектерге қарағанда тиімсіз жағдайда
қалдырылған: жүмыссыздык бойынша
жәрдемақы алу үшін әйел “асыраушы”
екенін дөлелдеуі тиіс, ал үйленген
еркектер үшін ешқандай шарт қойылмаған.
Бүл жыныстарға бөлу арқылы кемсітудің
бір көрінісі. 60-жылдары Лондонда жалға
берілетін жеке пөтерлердің 11 пайызы
ғана қара нәсілді жалға алушыларға
берілетін еді. Түрғын үйді жалға беру
туралы қүлақтандыруларда тікелей
“Ақтарға ғана” деп көрсетілетін.
Сөйтіп,
адам мен азаматтың қүқықтары мен
бостандықтарының теңдігі жеке адамның
конституциялық мәртебесінің негізін
қалайтын қағида болып табылады. Бүл
қағиданың мазмүны мынадай болып келеді:
нақты
индивидтің қүқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыру басқа азаматтардың
қүқықтары мен бостандықгарын бүзбауы
тиіс, өйткені ол қүқықтық теңсіздікке
әкеледі;
осы
теңдік заң мен сот алдындағы теңдікке
де таралады. Кез келген мемлекет осы
ережелерге кепілдік беруге міндетті;
адам
және азаматтың қүқықтары мен
бостандықтарының теңдігі олардың
әрекетгерімен қамтамасыз етіледі;
осы
қағида мазмүндалған заңдардың мәнін,
мазмүнын және қолданылуын айқындайды
және оны мемлекет қамтамасыз етеді.
Осы
заманғы мемлекеттердің конституциялық
нормалары азаматгардың қүқықтары мен
міндеттерінде кейбір айырмашылықтардын
болуы мүмкіндігін мойындайды. Алайда,
мүндай ерекшеліктер табиғи сипатта
болуы керек. Бүл жерде артықшылықтар
туралы соз қозғап отырмыз, яғни
мемлекеттің заңдары бойынша берілген
ерекше қүқықтар, артықшылықтар, жақсы
жағдайлар, мүқтаж адамдарға көмектесу.
Оларға мыналар жатады: әлемдегі
мемлекеттердің көпшілігінде әскери
борышты өтеу ер адамға жүктелген;
мүгедектерге; балаларға; әйелдерге;
байырғы халықтардың көпшілік өкілдеріне
ерекше конституциялық қүқықтар беріледі.
Адамдардың
қүқықтық жағдайларында айырмашылықтардың
болуына жол беріледі және ол заңға сай
болуы мүмкін, егер ен алдымен түтастай
қоғамның мүдделерін қамтамасыз етуді
көздейтін болса. Мысалы, белгілі бір
психологиялық немесе дене кемістіктері
бар адамдарды тіқүшақ командирі немесе
теңіз кемесінің капитаны мамандықтарына
жіберуге болмайды немесе керісінше,
сурет салуға бейімі бар түлғаларды
көркемсурет мектебіне артықшылықпен
қабыл- дау.
Адам
қүқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының
16- бабында әйелдер мен ерлер бірдей
құқықтарды пайдаланады деп жарияланған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында
“Тегіне, әлеуметтік,
