Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құлжабаева Халықаралық жария құқығы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
331 Кб
Скачать
☆

лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, үлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, түрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бөйынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды” деп жарияланған.

Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция отбасылық жағдайынан тәуелсіз түрде, ерлер мен әйелдер қүқықтарының теңдігі негізінде және саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және кез-келген басқа салалардағы негізгі бостандықтары арқылы әйелдердің қүқықтарын пайдалануын немесе жүзеге асыруын жоққа шығаруға немесе әлсіретуге бағытталған жынысы бойынша кез келген айырмашылықтар, ерекшеліктер немесе шектеулер түріндегі кемсітуді айқындайды. Нәсілдік кемсіту деп:

  1. Нәсілдік, тері түсіне, тектік, үлттық немесе этникапық тегінің белгілеріне негізделген кез келген ерекшеліктерді, айырмашылықтарды, шектеулер немесе артықшылықтарды;

  2. Саяси, әлеуметтік-мәдени немесе қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы бостандықтары мен адам құқықтарының теңдік негіздерінде мойындауды, пайдалануды немесе жүзеге асыруды жою мақсатында немесе кемсіту мақсаттарын айтамыз.

Нәсілдік кемсітушілік мәселелеріндегі қүқық бүзушылықты бақылау үшін Комитеттің Нәсілдік кемсітуді жою жоніндегі 4 жылға сайланатын 18 сарапшыдан түратын мекемесі бар. Конвенцияның қатысушы мемлекеттері комитетке Конвенция ережелерін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы баяндамалар жасап түруға міндетті. Комитет бас Ассамблеяға жыл сайын өз қызметі туралы баяндама жасайды және Конвенция қатысушыларының баяндамалары мен хабарламаларының негізінде үсыныстар жасайды. Осы Конвенцияны қабылдау бостандық сүйгіш халықтар мен мемлекеттердің үлкен жетістігі болып табылады.

  1. Адамның құқықтары мен бостандықтарын

қоргау тетігі

Біріккен Үлттар Ұйымы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы мөселені халықаралық қауымдастықтың “адамзаттың барлық мүшелеріне тән қасиеттерді және адамның тең әрі ажырамас қүқықтары бостандықтың, әділдіктің және жалпы әлемнің арқауы екендігін мойындауымен” тікелей байланыстырады. Б¥¥-ның алдына қойған мақсатгарының тізбесіндегі “Нәсілдік, жыныстық, тіл және діндік ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдардың қүқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді қолдау мен дамытудағы” халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруы халықаралық әмбебап

ұйымның адам құқықтарын жүзеге асыруға адалдығын бейнелейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан жинақталған ащы тәжірибеден кейін халықаралық қауымдастық адам құқықтарын халықаралықтиімді қорғау халықаралық бейбітшілік пен прогрестің маңызды шарттарының бірі деген түйінге келді.

Адамның қүқықтары мен негізгі бостандықтарының проблемалары БҰҰ Жарғысының бірқатар баптарында көрініс тапқан. Оның Кіріспесінде халықтар “адамның негізгі қүқықтарына, жеке адамның қүндылыгы мен ар-намысына, әйелдер мен ерлер теңдігіне, көп және аз үлттар қүқықтарының теңдігіне деген сенімді орнықтыруға” бел байлағаны бейнеленген. БҰҰ Жарғысының 8- бабында “Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің басты және қосалқы органдарында әйелдер мен ерлердің ксз келген нысанда және жағдайларда қатысуы үшін ешқандай шектеулер қоймайтынын бекіткен” деп көрсетілген. 56-бап БҰҰ-ның барлық мүшелерін ортақ мақсаттарға жету үшін Ұйыммен ынтымақтастықта біріккен және дербес әрекеттерді жүзеге асыруға, оның ішінде “барлық адамдардың нәсілдік, жыныстық, тілдік және діндік ерекшеліктеріне карамастан, қүқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай қүрметтеуге және сақтауға” көмектесуге міндеттейді.

БҰҰ Жарғысының 13-бабына сәйкес, Бас Ассамблеяның экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу қызметі жөне нөсіліне, жынысына, тіліне жөне дініне қарамастан, барлық адамдардың қүқықгары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыруға көмектесу қызметі бар. 1948 ж. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қабылданғалы бері БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөнінде көптеген декларациялар мен конвенциялар қабылдады. Олар ішінара геноцид, нәсілдік кемсіту, апартеид, шетелдіктердің құқықтық жағдайы, апатридтер, өйелдер қүқығы, балалық шақты қорғау және халықтың басқа да санаттарына қатысты болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитеті негізінен адам қүқықтарына қатысты әлеумегтік, гуманитарлық жөне мәдени сипатгағы мөселелермен айналысады. Адам қүқықтары жөніндегі мөселелерді карастырған кезде туындайтын өкімщілік және бюджеттік мөселелерді Бесінші комитет қарайды. Бас Ассамблеяның органдар жүйесінде адам қүқықтарымен айналысатын қосалқы органдар болады. Оларға мыналар жатады: отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларацияны жұзеге асыру барысындағы мәселелер жөніндегі арнайы Комитет; Намибия жөніндегі БҰҮ Кеңесі; апартеидке қарсы арнайы Комитет; Адам құқықтарына қатысты басып алынған аумақтардағы Израиль өрекеттерін зерттеу жөніндегі арнайы Комитет; Палестина халқының ажырамас қүқықтарын жүзеге асыру жөніндегі Комитет.

қҮКықта'НЫҢ ономик?лыК және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОЭЛК) адам коишч*.. Н қолдаУ жөніндегі экономикалық және әлеуметтік салаларда ^Үкықта* КҮрады’ Жарғысының 62-бабына сәйкес ЭКОЭЛК “адам Қолдау иЫ М6Н нег*зг* бостандықтарының сақталуы мен ережелерін

ҚатыстьіМчаКСаТТ3^ЫНДа ҮсыныстаР” жасай алады. Адам қүқықтарына ^ҮҚЫіста МӘселеі?еРд1 карастыру кезінде көмек көрсету үшін Кеңес Адам комиссиРЫ Жөніндег* комиссияны және Әйелдер жағдайы жоніндегі Аз ҮлттаНЫ Қ^РДЫ*. ^дам күқықтары жөніндегі комиссия, өз кезегінде к°миссиянІЫқКеМС,ТУДІҢ алдьш алУ және корғау жөніндегі шағын

бері Жыл^,қтаРЬІ Ж0ніндегікомиссия 1946ж. қүрылды,солуақыттан

адам к Саиын комисрияның сессиялары өткізіліп келеді. Комиссия

күқықт^ҚЫҚТа^Ы жөніндегі ^ас °Ргаи болып табылады және осы

адам к қатысты 'ПФ-лі мәселелермен айналыса алады. Осы орган

Кужатта ж°ніндегі зерттеулер жүргізеді, халықаралық

^коном ЫЦ ^СЬІНЫСтаРы мен жобаларын жасайды, Бас Ассамблея мен

0Рында'ИКаЛЫК және әлеУмсттік Кеңестің арнайы тапсырмаларын

°тінішт с°ндай-ақ адам қүқықтарының бүзылуына қатысты

мәселе РДІ *аРанды Комиссия қүзыретгеріне адам қүқықгары жөніндегі

ьінтм^ к1Ретін ЬҰҮ-ның басқа органдарының барлығымен тығыз ‘мақтастық жасайды.

тУралыГауІЫНДа Комитет КҮРамындағы 18 адамымен адам қүқықтары Адам қ алықаРалық биллді дайындаумен айналысты. Бүгінгі таңда °лар ^қықтаРы жөніндегі комиссия мүшелерінің саны 43-ке жетгі, МерзімгеЖЫЛДЫҚ меРзімге сайланады. Олар жыл сайын алты апталық Мемлек ЖННалып*өз сессияларын өткізіп түрады, комиссия кез келген өРканл *'ГП °СЬІ мемлекеттін ерекше қызығушылығын туғызатын с°ндайЗИ ,м^селелеР бойынша өз жүмысына қатысуға шақыра алады, ^кілдеп*^ Ассамблея мойындаған үлт-азаттық қозғалыстардың да Үкім Ш ШақьіРал^* Мамандандырылған мекемелер мен бірқатар басқа ж°нінл ҮиымДар олардың мүдделеріне қатысы бар мәселелер

экоңомеГ1 комиссияның жҮргізетін талқылауларына қатыса алады, ал мәРтебИК,агЫҚ және әлеУметтік Кеңес жанындағы консультативтік мәжіліст01 * * ^ ҮкіметаРалыК емес үйымдар комиссияның ашық алады еР1н1ң жҮмысын бақылау үшін ресми өкілдерін тағайындай

өзінЫбГ қүқықтаРЬІ жөніндегі комиссия бірқатар елдер мен аумақтарда КатыстыРНСШе қосалқы ^ргандарын қүрды, сондай-ақ өзініңқүзыретіне Күқықт МӘСелелеР^жонінДегі органдарын қүрды. Қазіргі таңда, адам тобы- еаРЫНын Үдаиы °рескел бүзылу жағдайларын зерттейтін жүмыс ж°ніңпР1КСІ3 т^де немесе зорлықпен күштеп жоғалып кету мәселелері Дегі жүмыс тобы; даму қүқығы жөніндегі үкіметтік сарапшылардын

жұмыс тобы бар. Сондай-ақ, комиссия адамның бұзылған құқықтарын қарастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін белсенді тұрде қолданып келеді, мәселен адам құқықтары саласындағы немесе белгілі бір елдердегі немесе адам қүқықтарыныц нақты бұзылуына байланысты жағдайларды зерттеу ұшін сарапшылар тобының мәліметтерді жинауын айтуға болады. Мүндай құқық бұзушылықтар, әдетте сот талқылауынсыз жазалауға, діни жаппай кырып-жоюға, жалдамалы кісі өлтіруге қатысты болады. Адам құқықтары жөніндегі комиссия халықаралық декларациялар мен конвенцияларды дайындауға көмек көрсететін жүмысшы топтарын құрады.

1947 ж. Аз ұлттарды кемсітудің алдын алу және қорғау жөніндегі шағын комиссия қүрылды. Адам қүқықтары жөніндегі комиссия сияқты, ол да Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің қызметтік комис- сияларының рәсім ережелеріне сәйкес әрекет етеді. Шағын комиссия ұш жұмыс тобын құрды, олар жыл сайынғы әрбір сессияның алдында, бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға көмектесу үшін жиналады. Мысалы, хабарламалар жөніндегі жұмыс тобы адам құқықтарының бұзылуына қатысты және адам құқықтарын жүйелі түрде өрескел бүзуды растайтын мәліметтерді қарастырады. Қүлдық мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құлдық және қүл саудасы саласындағы оқиғалар барысық бала еңбегін пайдалануды қоса алғанда қарастырады. Байырғы халық мәселелері жөніндегі жұмыс тобы байырғы халықтың қүқықтарын қорғау саласындағы оқиғалар барысын қарастырады.

Совымен бірге, бағынысты комиссияның қүрылымында адам қүқықтары жөніндегі, үстау және түрмеде қамау мәселелері жөніндегі, психикалық ауруларына байланысты ұсталатын адамдар мәселелері жөніндегі қүжатгарды қабылдауға көмектесу мәселелерімен айналысатын сессиялық жүмыс топтары бар.

1977 ж. Адам қүқықтары жөніндегі комитет қүрылды. Ол Азаматгық және саяси қүқықтар туралы халықаралық Пактінің 28- бабына сәйксс құрылған болатын Оның құрамы Пактіге қатысушы мемлекеттердің жоғары моральдық қасиеттері бар және адам құқықтары саласында құзыреттері мойындалған 18 азаматтан түрады. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Факультативтік хаттамасына сәйкес, Пактіде мазмұндалған қүқықтардың біреуі бүзылғаны туралы арыз жасаған және қолда бар барлық ішкі мемлекеттік қүралдарды қолданып болған жеке түлғалар адам құқықтары жөніндегі комитеттердің қарауына жазбаша хабарламалар бере алады. Мұндай хабарламалар Пактінің және Факультативтік хаттаманың қатысушы мемлекеттерінен ғана қабылданады. Комитет өзінің әрбір сессиясында қатысушы мемлекеттердің Пактіде көзделген құқықтарды өмірде іске асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы және осы қүкықтарды

пайдаланудың нақты нәтижелері туралы, сондай-ақ Пактіде мазмүндалған қүқықтарды іске асыруға әсер ететін кедергілер мен факторлар туралы жасаған баяндамаларын қарастырады.

Әйелдер жағдайы туралы комиссия өз қызметін 1946 жылдан бастап ЭКОЭЛК-нің қызметтік комиссиясының рәсім ережелеріне сәйкес жүзеге асырып келеді. Оның тікелей міндеттері: саяси, экономикалық, азаматтық, әлеуметтік салалардағы және білім берудегі әйелдер қүқықтары туралы үсыныстар мен баяндамаларды дайындау, сондай- ақ шүғыл қарастыруды талап ететін әйел қүқықтары саласындағы маңызды проблемалар жөнінде үсыныстар беру. 1982 ж. әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөнінде 23 сарапшыдан түратын комитет қүрылды. Конвенцияның 17-бабына сәйкес, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндамаларды қарастыру комитеттің негізгі міндеттеріне жатады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1951 ж. босқындар мәселесі жөніндегі (БЖКБ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссар Басқармасын қүрды, ол БҰҰ қамқорлығымен босқындардың халықаралық қорғауын қамтамасыз етуге уәкілетті болады. Ол былайша жүзеге асады:

  • босқындарды қорғау туралы халықаралық конвенцияларды жасауға және бекітуге көмектесу, осы конвенциялардың қаулыларының орындалуын бақылау және оларға керекті түзетулерді енгізуді үсыну;

  • босқындар жағдайын жеңілдету және қорғауға мүқтаж босқындар санын қысқарту мақсатында кез келген шараларды орындау жөнінде үкіметтермен арнайы келісімге келуге көмектесу;

  • босқындардың ерікті түрде репатриациялануын қолдауға немесе олардың жаңа елдерде ассимиляциялануына бағытталған күштерге көмектесу;

  • босқындардың басқа мемлекеттердің аумағына баруын жеңілдету;

  • үкіметтерден олардың аумақтарындағы босқындар саны мен олардың қүқықтық жағдайына қатысты мәліметтер алу;

  • босқындар мәселелерімен айналысатын мүдделі үкіметтермен, үкіметаралық үйымдармен тығыз қатынас орнату және оны қол- дау.

БЖКБ Бас Ассамблеяның рүқсат беруімен репатрациялау жөне орналастыруға байланысты міндеттерді атқара алады, сондай-ақ азаматсыздықты қысқарту туралы конвенцияға сәйкес азаматтығы жоқ адамдарғй көмек көрсету жөнінде белгілі бір қызметтер атқарады.

БҰҰ-ныңліамандандырылған мекемелер жүйесі өз жүмысын адамның негізгі қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағыттайды.

Мысалы, 1919 ж. Ұлтгар Лигасына байланысты автономды үйым ретінде қүрылған Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) еңбек саласындағы халықаралық нормаларды түжырымдау мен оларды тиімді жүзеге асыруды өзінің негізгі міндеті ретінде таниды. Еңбек саласындағы халықаралық конвенциялар мен үсыныстар мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, кәсіподақтар қүқығын қоса алғанда, үйымдасу қүқығын қорғау; еңбек саласындағы кемсітуді жою, ерлер мен әйелдердің тең еңбекгеріне теңдей ақы алу қағидасын қолдану, еңбеклен толық қамтуды қолдау, еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру сияқты адам қүқықтарына қатысты болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдени мәселелер жөніндегі міндеттері өзінің Жарғысына сәйкес “бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға көмектесу, БҰҰ Жарғысында танылған нәсіліне, жынысына, тіліне немесе дініне қарамастан, барлық халықтар үшін әділдік, заңдылық, адамның негізгі қүқықтары мен бостандықтарын көпшіліктің қүрметтеуін қамтамасыз ету үшін білім, ғылым және мәдениет жолымен халықтар ынтымақтастығын күшейтуден түрады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау үйымының (БДҰ) кіріспесіне сәйкес, жоғары деңгейдегі денсаулыққа ие болу кез келген адамның негізгі қүқықтарының бірі және үкімет өз халқының денсаулығы үшін жауап береді, әрі ол денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында тиісті шараларды жасаған уақытта ғана сақтала алады. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық үйымы (ФАО) әлемдік экономиканың дамуына және адамзатты ашаршылықтан қорғауға өз үлесін қосып келеді. Бүл үйым негізінен алғанда тамақтануды жақсарту мен өмір сүру деңгейін арттыруға байланысты, еңбек өнімділігін көтеруді және ауыл шаруашылығының азық-түліктері мен онімдерін тиімді бөлуді қамтамасыз ету, ауыл түрғындарының омір сүру жағдайларын жақсарту мәселелерімен айналысады және сол арқылы әлемдік экономиканың дамуына үлес қосады, оның қызметі адамзаттың жиі кездесетін проблемаларының бірі, атап айтқанда, әлемдік азық-түлік проблемаларын шешуге көмек көрсетуге бағытталған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі үйым (ЕҚЬІҰ) қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жалпы еуропалық үйым болып табылады. Бүл аймақтық үйым дау-жанжалдардың алдын алу, одан сақтандыруды, Еуропадағы дағдарысты және жанжалдан кейінгі жағдайды қалпына келтіруді реттеуді қамтамасыз етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЕҚЫҰ қадамдары жан-жақтылы сипагга болып келеді. Ол қарулануды бақылауды қоса-алғанда, қауіпсіздікті орнықтыруға, превентивті (ескерту) дипломатияға байланысты мәселелермен, сенім мен қауіпсіздікті нығайту шараларымен, адам қүқықтары, сайлау барысын бақылаумен, сондай-ақ экономикалық және

экологиялық қауіпсіздікпен айналысады. Түтастай алганда, ЕҚЫҰ қызметінін жоғарыда аталған барлық бағыт-бағдарлары қандай да бір қатынастар саласында адамдардың негізгі қүқықтары мен бостандықгарын қамтамасыз етеді. Тікелей алғанда, бүл демократиялық институттар мен адам қүқықтары жөніндегі Бюроның (ДИ АҚБ) қызметімен қамтамасыз етіледі. ЕҚЫҰ-ның бүл қүрылымдық бөлімшесі сайлау өткізуді бақылайды және үлттық сайлау органдары мен адам қүқықтары жөніндегі институттардың калыптасуына көмектеседі.

Бақылау сүрақтары

  1. Мемлекеттегі халықтың қүрамы қандай болып келеді? Мемлекеттердегі хальпстар тобының мәртебесі қандай халықаралық және ішкі мемлекеттік нормалармен қамтамасыз етіледі?

  2. Азаматтыққа анықтама беріңіз.

  3. Азаматтық алудың халықаралық қүқықтағы негіздері қандай?

  4. Халықаралық қүқықта азаматтық алудың қандай әдістері бар?

  5. Қосарланған азаматтық қандай жағдайда пайда болады және халықаралық бірлестіктің бипатризм мәселелеріне деген көзқарасы қандай?

  6. Апатризм институты дегеніміз не ?кәне оның қандай қүқықтық салдары болады?

  7. Қазақстан Республикасында азаматтық алу рәсімі қандай?

  8. Қазақстандық іс-төжірибедегі азаматтықтан айыру нысандары қандай?

  9. “Шетелдік азамат” үғымын айқындап беріңіз және қүқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін белгілеңіз.

  • Шетел азаматтарының қүқықтық режимдерінің қандай түрлері бар?

  • Баспана қүқығы дегеніміз не және оның қандай белгілері бар?

  • Қазақстан Республикасында саяси баспана беру тәртібі қандай?

  • Адам қүқықтарын қүрметтеу қағидасының қүқықтық мазмүны қандай?

  • Адам қүқықтарына қатысты халықаралық-қүқықтық актілер жүйесі қандай?

  • 1948 ж. Адам қүқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының тарихи маңызы неде?