- •Осы замангы халықаралық қатынастардың
- •Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық
- •1.6. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың
- •Халықаралық қүқықтағы тану институты
- •Халықаралық қүқықмирасқорлық институты
- •Халықаралық жария қүқықтың бір саласы - халықаралық шарттар қүқықтары
- •Халықаралык шарттардың құқыкгық табиғаты
- •Халыкаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары
- •Актіні тіркейтін тараптардың атауы және тіркеу датасы;
- •/Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы (қалпына келтірілуі)
- •Халықаралық шарттардың жарамсыздыгы
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер
- •Қүқықтың бір саласы - халықаралық ұйым
- •Халықаралық үйымдар үғымы және қүқықтық табигаты
- •Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •Құқықтық табиғаты
- •Біріккен Ұлттар Ұйымының қүрылу тарихы, бұұ-ның мақсат-міндеттері, қагидалары, оған мүшелікке өту мәселелері
- •Біріккен Үлттар Ұйымының қүрылымы
- •Қазақстан Республикасы - Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі
- •Тәуелсіз мемлекеттер достастыгы (тмд)
- •Ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық.
- •Жанжалдардың алдын алу және дауларды шешу.
- •6.8. Солтүстік Атлантика Одагының (нато-ның) стратегиялық түжырымдамасы
- •2002 Ж. Мамырында Рейкьявикте еуроатлантикалық әріптестік Кеңесі (еаәк) қатысушы мемлекетгерінің сыртқы істер министрлерінің мәжілісі болып өтті, онда Қазақстанның нато-мен жаңа қауіп-
- •Халықаралық үйымдардың шешім қабылдау тетігі қандай?
- •Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қүрылымы қандай?
- •Вальдхайм к. Единственная в мире должность. -м., 1980.
- •7.2 Мемлекеттердің халықаралық-күқыктық жауапкершілігінің негіздері
- •Халықаралық міндетгемелерді бүзатын мемлекеттердің әрекеті бүзылған міндеттеменің объектісінен төуелсіз халықаралық қүқыққа қайшы өрекет бөлып табылады.
- •Халықаралық үйымдардың жауапкершілігі
- •Ж. Шарт; ғарыш объектілеріне келтірілген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция.
- •Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық
- •Шетел азаматтарының қүқықтық жагдайы
- •Баспана сүраушы мен оның азаматтығы бар мемлекет арасында;
- •Баспана сүраушы мен баспана беруші мемлекет арасында;
- •Адамның өзі азамат болып табылатын мемлекет пен баспана берген мемлекет арасында.
- •1 Аргумснты и факты. Казахстан. № 31 (473). 31 шілде - 6 тамыз 2002 ж.
- •1959 Жылғы Бала қүқығы Декларациясы;
- •1948 Ж. Адам қүқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы адам
- •Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекетяің қорғауында болады.
- •Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи қүқығы әрі парызы.
- •Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
- •Адамның құқықтары мен бостандықтарын
- •Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы.
- •Сыртқы қатынас органдары
- •Консулдық қүқық үгымы, қайнар көздері
- •Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
- •Дипломатия мен сыртқы саясатгың арақатынасы қандаи.
- •Ұжымдык қауіпсіздік үгымы және түрлері
- •Қарусыздану және карулануға шек қою
және
бейбітшілікті үжымдық қорғау жүйесін
қалыптастыруға көп күш жүмсады.
Ұлтгар
Лигасы өзінің әрекет еткен кезеңінде
қандай да бір маңызды дау-жанжалдарды
шеше алмады, тіпті жаңа әлемдік соғыстың
алдын алуға да дәрмені жетпеді. Сөйтіп,
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге бағытталған халықаралық
үкіметаралық үйымды қүрудағы алғашқы
қадам сәтсіз аяқгалды. Ұлттар Лигасының
үйымдық- қүқықтық, заңдық тетігі өте
жетілмегені себепті мүше мемлекеттер
арасындағы даулы сөтгерді тиімді шешуге
халықаралық қатынастарды дамыту үшін
бейбіт қадамдарды іздеп табуға жол
бермеді.
Біріккен
Үлттар үйымы (БҮҮ) - қүрамына 189 мемлекет
кіретін әмбебап халықаралық үйым.
Қүрылып, қалыптасқалы бері БҮҮ үдайы
даму үстінде. Бүгінгі таңда оның
мүшелерінің 2/3-сі бір кезде отарлық
тәуелділікте болған, қазіргі кезде
даму жолындағы мемлекеттер. Дегенмен,
Біріккен Үлттар Үйымы абсолютті мінсіз
үйым емес. Бүл үйым 1945 ж. 51 мемлекетті
біріктіріп, бүгінгі күнге дейін өз
қүрылымын сақтап қалды, мүшелерінің
үш еседей артуына қарамастан, өз
жүмысында бәз-баяғы рәсімін қолданып
келеді. Бүкіләлемдік үйымның барлық
қызметі бір проблеманы шешуге бағытталған:
ол - өзіне мүше әрбір мемлекеттің үлттық
мүдделері мен түтастай алғандағы
халықаралық бірлестік мүдделерінің
арақатынасын шешу. Осы негізгі проблема
шеңберіндегі Біріккен Үлттар Үйымының
қызметін үш негізгі бағытқа болуге
болады:
Біріншісі
- халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдау.
Екіншісі
- БҮҰ-ның өлемді қайта қалыптастырудағы
күнделікті өрекеттері.
Үшіншісі
- адамзаттың болашағын халықтар
арасындағы ғаламдық ынтымақтастықты
реттеу арқылы жоспарлау немесе болжау.
Бүгінгі
күннің ірі саяси халықаралық үйымы
болып табылатын БҰҮ екінші дүниежүзілік
соғыс барысында басқыншылық пен фашизм
күштерін күйрету нәтижесінде пайда
болды. Антигитлерлік одақ державаларымен
соғыс жылдарында БҮҰ-ны қүруға дайындық
жүріп жатты және ол соғыстан кейінгі
кезеңдегі бейбітшілікті қамтамасыз
ету жолындағы аса маңызды шаралардың
бірі болатын. Әлем халықтары Ұлттар
Лигасы ыдырағаннан кейінгі салдардың
залалын бастан кешіп жатқан кезеңде
БҮҮ қүрылды (негізінде,
Біріккен Ұлттар Ұйымының қүрылу тарихы, бұұ-ның мақсат-міндеттері, қагидалары, оған мүшелікке өту мәселелері
Ұлттар
Лигасы 1940 жылы-ақ өз әрекетін тоқтатқан
еді, ал қағаз жүзінде 1946 жылы ыдырады).
Ұлттар
Лигасының екінші дүниежүзілік соғыстың
алдын алуға шамасы келмеді, сөйтіп үйым
ретінде алдына қойған басты мақсаты
халыкаралық қауіпсіздікті қамтамасыз
ете алмады. Сол кездері Ұлттар Лигасындай
кемшіліктері жоқ, халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
тиімді қүралы бола алатын жаңа халықаралық
үйым қүру қажеттіғі сезіле бастады.
Біріккен
Ұлттар Ұйымы қүрылудың алдында мынадай
конференциялар болған еді:
1941
ж. 12 маусымда Лондонда Одақтық
декларацияға қол қойылды, онда
одақтастардың “бейбітшілікте де,
соғыста да еркін халықтармен бірге
жүмыс істеуге” деғен үмтылысы өз
неғізін тапты. Осы кездесу БҰҰ-ны
қүрудың алғашқы қадамы болды. Кеңес
үкіметі екінші дүниежүзілік соғыстың
алғашқы сатыларында-ақ, соғыстан
кейінгі кезеңде қауіпсіздіктің тиімді
халықаралық үйымын қүрудың мақсатқа
сай келетіні туралы мәселе қозғаған
болатын.
1941
ж. 14 тамызда Атланта хартиясына қол
қойылды. АҚШ Президенті Рузвельт пен
Британ корольдігінің премьер-министрі
Черчилль халықаралық ынтымақтастық
және бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдау қағидаларының топтамасын
үсынды.
1942
ж. 1 қаңтарда Вашингтонда БҰҰ Декларациясына
қол қойылды. Оған Атланта хартиясының
ережелерін қолдаған 26 мемлекеттің
өкілдері қатысты. Президент Рузвельт
үйымға “Біріккен Ұлттар” деген жаңа
атауды қоюды үсынды. Біріккен Ұлттар
Декларациясында осы ресми атау бірінші
рет қолданылды.
1943
ж. 30 қазанында Мәскеу Декларациясына
КСРО, Біріккен Корольдік, Қүрама Штаттар
және Қытай үкіметтері қол қойды. Бүл
қүжатга бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдау үшін тезірек халықаралық үйымды
қүру қажеттігі айтылды.
1943
ж. 1 желтоқсанында Қүрама Штаттардың,
КСРО мен Біріккен Корольдіктің басшылары
Тегеран конференциясын өткізді, онда
тағы да бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қолдау үшін халықаралық үйымды тезірек
қүру мәселесі қозғалды.
1944
ж. 21 қыркүйегі - 7 қазан аралығында
Думбартон - Оксте өткен екі сериялы
мөжілісте (Вашингтон) КСРО, Біріккен
Корольдік, Қүрама Штатгар және Қытай
осы үйымның мақсаты, қүрылымы және
қызметтері туралы мәселелер жөнін
талқылады. Конференцияда “Қауіпсіздіктің
жалпыға бірдей халықаралық үйымын
қүруға қатысты үсыныстар” жасалды.
Ұсыныстарда үйымның қүрылымы, мақсаты,
қағидалары, мүшелік, басты органдарының
қызметтері анықталды. Сөйтіп, үйымның
қүрылымы былайша айқындалды: Басты
органдар -
Бас
Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі - түрақты
және түрақсыз мүшелерден қүрылуы тиіс
болды; Хатшылық, Халықаралық сот,
Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес.
Халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті
қолдау жөніндегі басты органдардың
бірі - Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру
тәртібі туралы мәселе ашық күйінде
қалды. Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік
мүдделеріне немесе қандай да бір
мемлекеттердің заңды мүдделеріне қарсы
қолданылмауын бекітетін тәртіпке қол
жеткізуі керек болды. АҚШ делегациясының
басшысы мәжбүрлеу шарттарын қолдануга
қатысты шешім қабылдағанда үйымның
барлық түрақты мүшелерінің бір-ауыздылығы
қағидасы жүзеге асырылсын деп үсынды.
Америка Қүрама Штаттары вето қүқығының
бастаушысы болды. Түрақты мүшелердің
біреуі дауласушы тарап жағына шыққанда,
шешімді талқылау барысында Кеңес
қатысушыларының пікірі бірікпей қалып
жүрді. КСРО Қауіпсіздік Кеңесі кез
келген саяси шешім қабылдағанда түрақты
мүшелерінің бірауыздылғы қағидасы
сақталуы тиіс деген көзқарас үстанды.
Әйтпегенде, бүл қағиданы елемеу БҰҮ-ның
Ұлттар Лигасы сияқты ыдырауына әкеліп
соғуы да мүмкін. Ал АҚШ болса, дауласушы
тарап жағындағы Кеңестің түрақты
мүшесінің беретін дауысы дауыс беруде
есептелмесін деп талап етті. Кеңес
Одағы мүндай тәртіптен бас тартты,
өйткені мүндай тәртіп асыра сілтеушілікке
кепіл бола алмас еді. Қауіпсіздік
Кеңесінде дауыс беру мәселесі сол күйі
шешілмей қалды. Ұйымның атауына 1942 ж.
1 қаңтарындағы Декларацияда енгізілген
“Біріккен Ұлттар” терминін қалдыру
үсынылды.
1945
ж. 11 ақпанында президент Рузвельт,
премьер-министр Черчилль және Сталин
Ялтада бас қосты. Мемлекеттер басшылары
“бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау
үшін жалпыға бірдей халықаралық үйым”
қүруға бел байлағандарын жариялады.
Осы бас қосуда Қауіпсіздік Кеңесіндегі
дауыс беру рәсімі туралы мәселе тағы
да қозғалды. Негізінен, көпшілігі
Рузвельттің үсынған формуласын жақтады,
ол формулада дауларды шешу барысында
Кеңестің мүшесі оның қатысушысы
болғанда жөне рәсім мәселелерін
қоспағанда, барлық саяси мәселелерді
шешу кезіндегі Кеңестің бсс тұрақты
мүшесінің ауызбірлігі көзделген.
1945
ж. 25 сәуірінен 26 маусымына дейін
Сан-Францискода Біріккен Ұлттардың
халықаралық үйымдар мәселелері
жоніндегі Кеңесінің конференциясы
болды. “...50 мемлекеттен 282 делегат
келді. Конференция жүмысына барлығы
5 мыңнан аса адам ат салысты. Бүл
конференция одақтық державалардың
бірлігі деген үранмен өткізілді. Олар
КСРО, АҚШ, Англия. БҰҰ Жарғысы үш үлы
державаның басшылары қатысқан
Думбартон-Окстегі Кеңес және Ялтадағы
келіссөздер барысында жасалған
түжырымдамада бекітілді...” - деп осы
тарихи оқиғаны БҰҰ Бас Хатшысының
саяси мәселелер және Қауіпсіздік
Кеңесінің
істері жөніндегі орынбасары қызметін
атқарған Л. Кутаков осылайша сипаттадьГ1.
Сан-Франциско
конференциясы екі ай бойы жүмыс істеп,
БҰҰ Жарғысын қабылдаумен аяқталды.
Конференция делегаттары халықаралық
әмбебап үйымының 111
баптан түратын қүрылтай қүжатын
дайындайды, ол 1945 ж. 25 маүгымында
бірауыздан қабылданды. Келесі күні,
яғни 26 маусымда соғыс ардагерлері
мемориалының ғимаратында БҰҰ Жарғысына
қол қойылды. 110-баптың 3-тармағына сәйкес,
“Осы Жарғы Қытай Республикасы, Франция,
Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағы, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі,
Солтүстік Ирландия, Америка Қүрама
Штаттары және Жарғыға қол қойған басқа
мемлекеттердің көпшілігі бекіту
грамоталарын сақтауға бергенде өз
күшіне енеді...” Егер мүны арифметикалық
тәсілмен есептеп көрсек, онда “басқа
мемлекеттердің көпшілігі” дегеніміз
- бүл 24 мемлекет (51-5=46:2+1=24). Осы көпшілік
мемлекет санына баптың мазмүнында
бекітілғен бес мемлекеттің дауысы да
қосылады. Сөйтіп, БҰҰ-ның қүрылтай
қүжатының заңды күшіне енуі үшін 29
бекіту грамотасын жинау қажет еді. Ең
соңғы бекіту грамотасы 1945 ж. 24 қазанында
тапсырылды. Жоғарыда аталған баптың
талаптары бойынша осы күн Біріккен
Ұлттар Ұйымының қүрылған күні болып
есептеледі.
БҰҰ-ға
алғашында 51 мемлекет мүше болды. БҰҰ-ға
мүшелікке өтудің талаптары мынадай:
мемлекет
тәуелсіз, бейбітшілікті сүйгіш болуы
тиіс;
мемлекет
жарғылық талаптарға орай өзіне
міндеттемелерді жүктеуі тиіс;
мемлекет
өзіне жүктелген міндеттемелерді
орындай алады және орындағысы келеді.
Ұйымға
мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесінің
үсынысымен Бас Ассамблеяның қаулысы
арқылы мүшелікке қабылданады. БҰҰ
қағидаларын жүйелі түрде бүзған
мемлекеттерді Қауіпсіздік Кеңесінің
үсынысымен Бас Ассамблея БҰҰ-ның
қүрамынан шығарады. Қауіпсіздік
Кеңесінің осы мәселеге қатысты үсынысы
ауызбірлік қағидасының негізінде
қабылданады, яғни Қауіпсіздік Кеңесінің
бес түракты мүшесінің дауысын қоса
алғанда, Кеңестің 9 мүшесінің дауысы
қажет. Жарғының ережелерінде үйымның
қүрамынан өз еркімен шығу тезисі
көзделмеген. Сан-Францискода Уругвай
делегациясы БҰҰ-дан шығуға тыйым салу
керек деп үсынған болатын. Бүл үсынысты
конференция қатысушылары жақтамады.
1960 ж. Индонезия мемлекеті БҰҰ-дан шығу
туралы өтініш жасады. Барлық міндеттемелерді
орындау үшін мемлекетке бір жыл уақыт
берілді. 6
ай өткен соң Индонезия өтінішін қайтарып
алды.
1 КутАков
Л. Вид с 35-го этажа. Записки советского
дипломата. М.: 1975, 8-бст.
Бүгінгі
таңда
Біріккен
Ұлттар Үйымына
191 мемлекет
мүше.
Бүл үйым мемлекеттердің мүшелік жарнасы
есебінен күн көреді. БҮҮ-ны қаржыландыру
мүше елдердің жарнасына тәуелді болған
соң, ақша қаражаттарының жетіспеушілігі
таңсық проблема емес. Бүл проблема БҮҮ
қүрылған сәттен бастап, оның қыр соңынан
қалмай келеді. Көптеген мемлекеттер
әр түрлі себептерге байланысты жарналарын
уақытында және толық төлей алмауда,
оған техникалық бюджеттік проблемаларынан
бастап кедейшілік те себеп болуда.
БҮҮ-ның қаржылық дағдарысы күннен-күнге
өсіп келеді. Мәселен, БҮҮ-ның Қазақстандағы
өкілдігінің мәліметтері бойынша 1998 ж.
30-қыркүйегіне дейін мүше елдер БҮҮ-ға
ағымдағы және бүрынғы жарналары есебінен
2,5 миллиард доллар, оның ішінде:
бітімгершілік күштерінің мақсатына
1,8 миллиард доллар, БҮҮ-ның реттеу
бюджетіне 683 мла
доллар,
халықаралық трибуналдарға 22 мла
доллар
қарыз болған. Тек 100 мемлекет қана
өздерінің жарналарын уақытында толық
төлеген. АҚШ сол кезеңде ағымдағы және
бүрынғы жарналық сомаларынан 1,6
миллиард
доллар қарыз болған, яғни ол БҮҮ-ның
барлық қарызының үштен екісін қүрап
отыр. АҚШ 1998 ж. 228 млн. доллар, төлегеніне
қарамастан, оның ішінде реттеу бюджетіне
563 мла
доллар,
бітімгершілік операцияларына 1,04
миллиард доллар төлесе де, қарыздарын
түгел жапқан жоқ. БҮ Ү реттеу бюджетінің
шығындарын жабу үшін бюджеттен қарыз
ақша алуға мәжбүр болып отыр. Осыған
байланысты, Біріккен Үлттар Үйымы
бітімгершілік максаттары үшін жеке
әскери қүрал мен жабдықтар беретін
елдердің қарыздарын уақытында бере
алмауда.
ж.
БҮҮ әскери контингент және жабдықтар
берген 70 елге 864 мла
доллар
қарыз болды. БҮҮ Жарғысының 19-бабына
сәйкес, егер жыл басында мемлекет
бүрынғы екі жыл үшін жалпы қарызының
жартысын нсмесе жартысынан көп сомага
қарыз болса, онда сол мемлекет Бас
Ассамблеяда дауыс беру қүқығынан
айрылады. Алайда, Бас Ассамблея БҮҮ-ға
мүше-мемлекет өзіне қатыссыз себептерге
байланысты төлем уақытын өткізіп
алғанын мойындаса, онда дауыс беруге
қатысуға рүқсат бере алады.
1-бапқа
сәйкес, БҮҮ-ның мақсаттары мынадай:
халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;
бейбітшілікке
қауіп келтіру мен басқыншылық актілерінің
алдын алу және жою үшін тиімді шараларды
қабылдау;
халықаралық
дауларды немесе оқиғаларды бейбіт
қүралдар арқылы шешу;
халықтардың
теңқүқылық және өзін-өзі басқару
қағидасының негізінде халықтардың
достық қарым-қатынасын дамыту;
экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық
сипаттағы
