Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

15.Басты және кіші литосфералық плиталар

Жоғарыда айтылғандай ең ірі басты плиталармен бірге кіші плиталар белгіленеді.

Тынық мұхит плитасы мұхиттық литосферадан тұрады. Ол Тынық мұхит түбінің көпшілік аумағын қамтиды – оңтүстік-шығыс Тынықмұхитттық көтерілімнен мұхитттың солтүстік және бастыс шетіндегі тереңсулы науаларға дейін созылады.

Наска плитасы шығыс Тынықмұхиттық көтерімнен шығысқа қарай Перу-Чили тереңсулы науаға дейін орналасқан. Солтүстік жағынан Галагапос жотасының рифт белдеуімен шектелген. Кокос плитасы батысында шығыс Тынықмұхитттық көтеріліммен, оңтүстігінде Галапогос жотасымен шектелген , шығыс және солтүстік бағытта орталық-американдық тереңсулы науаға созылады.

Солтүстік Америка плитасы Сан-Андреас терең жарылымы бойымен Тынық мұхит плитасымен шектеседі, оңтүстігінде Кариб плитасы орналасқан шығысында Орталық-Атлантика жотасының рифт белдеуі арқылы Евразия плитасымен шектеседі.

Оңтүстік Америка плитасы Барракуда трансформдық жарылымы бойымен Солтүстік Америка плитасымен шектеседі. Шығысында Орталық – Атлантика жотасының рифт белдеуі арқылы Африка плитасымен шектеседі, батыс шекарасы Перу-Чили тереңсулы науа бойымен өтеді. Евразия плитасы континенттік және мұхиттық литосферадан тұрады. Батысында Орталық-Атлантика жотасының рифт белдеуі арқылы Африка плитасымен шектеседі, батыс шекарасы Перу-Чили тереңсулы науа бойымен өтеді.

Евразия плитасы континенттік және мұхитттық литосферадан тұрады. Батысында Орталық Атлантика жотасының рифт белдеуі арқылы, солтүстігінде Гаккель жотасы бойымен солтүстік Америка плитасымен шектеседі, оңтүстігінде Азор-Гибралтар жарылымы арқылы Африка плитасымен шектеседі, әрі қарай шығыс бағытта шекарасы Альпі –Гималай планетарлық сығылу белдеуі бойымен өтеді, шығысында Тынық мұхитының батыс шегіндегі тереңсулы науалармен шектеледі.

Үнді-Австралия плитасы батыс және оңтүстік бағытта Үнді мұхиты жоталарының өстік сызықтары бойымен Африка және Антарктида плиталарымен шектеседі. Солтүстігінде Альпі-Гималай сығылу белдеуімен, солтүстік шығысында Зонд аралдық доғалар, трансформдық жарылымдар және тереңсулы науалар бойымен шектеледі.

Антарктида плитасы барлық жағынан мұхиттық жоталармен шектелген. Африка плитасы батысында Атлантика орталық-мұхит жотасының өсі бойымен Оңтүстік Америка плитасымен шектеседі. Солтүстігінде Азор-Гибралтар трансформдық жарылымы бойымен және Альпі-Гималай қатпарлы белдемі арқылы Евразия плитасымен шектеседі. Оңтүстігінде және шығысында Үнді мұхиты орталық жоталры бойымен Антарктида және Үнді-Австралия плиталарымен шектеседі. Солтүстік – шығысында Араб плитасы орналасқан.

Кіші плиталарға Филиппин, Охот теңізі, Кариб, Скош, Араб плиталары, сонымен бірге Сомали, Амур және Қытай плиталары жатады.

Бір жағынан Евразия, екінші жағынан Африка және Үнді плиталарының шекарасы болатын Альпі-Гималай белдеуінде батыстан шығысқа қарай бірнеше шағын плиталар белгіленеді: Эгей, Түркия, Қара теңіз, Оңтүстік Каспий, Иран, Ауған, Тәжік, Фергана, Жоңғар, Монғол, Тарим, Тибет.