Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

21.Обдукция туралы түсінік.

Мысалдар

Обдукция дегеніміз – мұхиттық литосфераның континенттік қыртысқа жылжуы. Оның дәлелі; континенттердің активті және пассивті шеттерінде шөгінді және жанартаулық формациялар бетінде, ондаған және жүздеген кмге жететін, тектоникалық жамылғылар ретінде жақсы сақталған мұхиттық литосфера бөліктері. Бұл өте сирек кездесетін процесс. Қазіргі кезде бұл процесс Оңтүстік Американың оңтүстік – батыс жағалауында байқалып жатыр.

Обдукция терминін 1971 жылы Р.Колман енгізген.

Обдукция негізінен динамотермалық метаморфизм әсерінен жүреді.

Обдукция механизмі:

  1. континеттік активті шеттің спрединг жотасымен соқтығысуы;

  2. континеттік пассивті шеттің мұхиттық аралдық доғамен соқтығысуы;

  3. мұхиттық типті бассейндердің жабылуы.

Мысалы: Анд активті шеті мен Чили спрединг жотасының соқтығысуы; Арабия жарты аралы; Жерорта теңізі –гималай бассейнінің жабылуы.

22.Коллизия процесі. Мысалдар

Коллизия дегеніміз – литосфералық плиталардың соқтығысуы. Континеттер бір – ьбіріне жақындай түскен кезде жеңіл сиалды таужыныстар мантияға батпайды да активті механикалық байланысқа түседі. Қарқынды сығылудың не қысылудың нәтижесінде күрделі құрылымдар мен таутүзілу жүреді.Бұл процесс қазіргі кензде Жерорта теңізі – Гималай қатпарлы белдемінде анықталып жатыр. Континеттердің өзара соқтығысуынан өзге, континент пен аралдақ доғаның немесе екі аралдық доғаның соқтығысуы енәтижесінде байқалатын коллоһизиялар да бар. Коллизия процесі көбінесі Альпі – Гималай белдеміне тән.Сондай – аө коллизия қызылтеңіз типті бассейндердің сығылуы нәтижесінде де қалыптасуы мүмкін, бұл процесс Австралия мен Еуразия плиталарының шекарасында байқалған.

23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы

Теңіз астындағы континент шеті пассивті (атланттық) және активті (Тынық мұхиттық) болып ажратылады. Біріншісі Солтүстік Мұзды мұхит, Атлант мұхиты, Үнді мұхитының (Зонд архипелаганың басқа) жағалауларында орын алады, ал екіншісі Тынық мұхитына тән.

Пассивті континент шеті морфологиясына сай материктік қайраңға (шельфке), материктік беткейге, материктік етекке жіктеледі.

Материктік қайраң құрлықтан басталып теңіздің таяз сулы бөлігін қамтиды, оның еңкіштігі көп жағдайда 10 шамасында. Шельфтің мұхит жағындағы жиегі 200 м тереңдікте орналасқан, кейбір жерлерде 300-500 м-ге дейін барады. Орташа ені 65-80 км, нақтылы мөлшері ондаған км-ден 800-1000 км-ге дейін өзгереді. Қазіргі шельфтің пайда болуын әдетте 10-15 мың жыл бұрын басталған төрттік мұз басу мұхдықтарының еруімен байланыстырады. Бұған дәлел – шельф бетінен бұрынғы жер бетіндегі бедерлерді, мысалы, су астындағы өзендер арналарының жалғасы, өзен террасалары, ежелгі су жағалауы, мұз тектес пішіндерді байқайтынымыз. Шельфтің қалыптасуы-теңіз трансгрессиясы мен абразия әсерінің, тектоникалық төмен майысу және шөгінділер шоғырларының біріккен әрекетінің нәтижесі.

Материктік беткейдің ені тар (8-10 км-ден 250-270 км-ге дейін), тереңдігі 2500-3000 м-ге дейін тарайды. Беткей еңкіштігінің орта шамасы 3-40, кейде 10-150. Беткей бетінде су астындағы терең (1000 м) тік жарлы каньондар кездеседі, олар материктік етекке шейін жетеді. Кейбір каньондар шельфте басталып үлкен өзендердің (мысалы, Гудзон, Конго) аңғарларының жалғасы болып келеді. Материктік беткей бойымен (2500 м) геофизиктер континенттік және мұхиттық жер қабығының шекарасын жүргізеді.

Тектоникалық жағынан пассивті континент шетінің шельф зонасы Әлемдік мұхит суы басқан континенттік платформаларға (көне және жас) жатады. Бұлардың тектоникалық құрылымдары өзінің геологиялық-геофизикалық сипаттамасы бойынша кәдімгі платформалық құрылымдарға сай келеді (антеклизалар, синеклизалар, дөңбек күмбездер және ойпаңдар, бел-белестер және ойыстар). Пассивті шеттердің бір ерекшелігі олардың аумағында тарамдалған рифт жүйелері кең дамыған. Олар теңіз түбі бедерінде науалар, аралдар арасындағы бұғаздар түрінде көрінеді.

Материктік етек деп беткей мен мұхит табанының түйіскен жердегі жатық, кейде шамалы бұйратталған жазықта айтады. Ені ондаған-жүзденген км, тереңдігі 2500 метрден 3500 метрге жетеді. Материктік етектің маңызды ерекшелігі дәл осында құрлықтан әкелінген шөгінді материал өнімді шоғырланады. Осымен байланысты аккумулятивтік процестер тектоникалық бедер пішіндерінен басым болып, етек бедері тегістелген байыпты пішінмен сипатталады. Соған қарамастан сейсмикалық зерттеулер етек бойында ірі тектоникалық ойыстар бар екенін белгіледі. Олар жүздеген кейде мыңдаған км-ге созылған, тереңдігі 10 км-ге жетеді. Бірақта теңіз түбі бедерінде бұл ойыстар байқалмайды, олар қалың қабатты шөгінділермен толтырылған. Материктік етектің бедері негізінде аккумулятивтік тектес.