Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі

Қатпарлық – негізінен тектоникалық қозғалыстар (ара- тұра экзогендік процестер) əсерінен туындайтын, таужыныс қатқабаттарында түрлі масштабты жəне алуан түрлі пішінді қатпарлардың (иілімдер жүйесінің) қалыптасуын қамтамасыз

ететін, жер қыртысында кеңінен етек алған деформация түрі. Қатпарлық – майыспалы деформация (пластическая деформация) өкілі болып табылады, яғни мұндай деформация нəтижесінде таужыныс қабаттары өздерінің тұтастығын сақтайды, тек қана пішіндік өзгерістерге ұшырайды. Қатпарлардың басты екі түрі болатындығы белгілі, олар – антиклиндер мен синклиндер. Кез келген қатпарлық көптеген антиклиндер мен синклиндердің жиынтығынан тұрады (3.4-сурет). 3.4-сурет. Қатпарлықтың сырт көрінісі (қима) Қатпарлар жүйесінің қалыптасу механизмі белгілі бір бағытта туындаған қарқынды қысымның (стрестің немесе бүйірлік қысымның) əсерімен, осының нəтижесінде таужыныстардың сығымдала иіліп-жанышталуымен түсіндіріледі (3.5 жəне 3.6-суреттер). Осылайша сығымдалу нəтижесінде туындаған қатпарлардың пішіні мен мөлшері бір топ сырт жағдайларға байланысты алуан түрлі болып келеді. Аталған жағдайлардың бастылары – қатпарлыққа ұшыраған таужыныстардың риологиялық жағдайы («ағуға» бейімділігі), қатпарлану аймағының кинематикалық жəне динамикалық жағдайы, сол аумақта туындаған кернеулер сипаты жəне сырт ортаның ерекшеліктері. Жоғарыда аталған жағдайлардың ішіндегі ең бастысы – таужыныстың реологиялық жағдайы, яғни оның «босаңсуға», яғни «ағуға» («иілуге») бейімділігі

Жер бетіне шығып жатқан қатты да берік таужыныс қабаттарының өз тұтастығын сақтай отырып, «иілу» процесін көз алдына елестету қиын, себебі олар жоғары дəрежелі сығымдау кернеулері жағдайында «бір рет иілгенше, мың рет жыртылған (сынған) болар еді». Олай болса, Геотектоника жəне геодинамика 71 қатпарлық процесі негізінен жер қойнауларында, яғни жер қыртысы қимасының тереңдіктері деңгейінде өтетін процесс. Аталған тереңдіктер деңгейіндегі таужыныс қабаттарының жыртылуға емес, иілуге бейім болу себебі – сол деңгейлердегі температура мен қысымның жоғары болуынан, осының салдарынан таужыныстардың «босаңсуынан» деп түсіну қажет. Мұндай қатпарлар тобын əдетте «тереңдік қатпарлары» деп атайды. Тереңдік қатпарлары (глубинные складки) – дегеніміз бүйірлік қысым (стресс) жағдайында, жоғары температуралар мен қысымдардың əсерінен «ағуға» бейімделген таужыныс қабаттарында ұшырасатын қатпарлар түрі. Мұндай қатпарлық түрлері көне платформалардың жəне фанерозойлық қатпарлы белдеулердің кристалдық іргетасын құрайтын жаралымдарда ұшырасады. Бүйірлік қысым жағдайында туындайтын, алайда жер қойнауының тереңдіктерінде емес, беткі қабатында көрініс беретін тағы бір қатпарлар тобын даралауға болады, оларды шартты түрде «жамылғы қатпарлығы» деп атайды. Жамылғы қатпарлығы (покровная складчатость) – аймақтық қысым қатпарлығы, мұндай қатпарлық көлбеу (горизонталь) бағытталған стресс əсерінен қат-қабатталған таужыныс жиынтығының созылымдық иілуге ұшырауы нəтижесінде қалыптасады. Мұндай қатпарлық əдетте кристалдық іргетас жаралымдарының беткі бөлігіне жəне сол жаралымдарды көмкеріп жататын шөгінді тыс қатқабаттарына тəн. Қатпарлықтың үшінші тобы «экзогендік қатпарлық» деп аталады. Экзогендік қатпарлық (экзогенная складчатость) – əртүрлі экзогендік күштер (кернеулер) əсерінен жер бетіне жақын орналасқан шөгінді таужыныс қатқабаттарына тиесілі қатпарлар тобы.