- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
Субдукция континенттердің активті шеттерінде байқалады.
Континенттердің активті шеті Тынық мұхитына тән, оларға Атлант мұхитының Антиль және Оңтүстік-Антиль шеттері және Үнді мұхитының Зонд шеті жатады. Бұл шеттер шеткі теңізден, аралдық доғадан және тереңсулы науадан тұрады.
Шеткі теңіздер – кең аумақты жайпақ, кейде нашар бұйратталған түпті, пішіні изометриялы, овалды, тереңдігі 3-5 км депрессиялар. Жер қабығы мұхиттық типке жақын не аралық типке жатады. Мұхиттық қабықтан басты өзгешелігі қалың, 10-12 км-ге дейін шөгінді қабаттың болуы. Шеткі теңіздер екі типке ажыратылады: континенттік қайраң мен аралдық доғалар аралығында орналасқан (Охот, Беринг, Оңтүстік Қытай теңіздері) және сыртқы және ішкі жағынан аралдық доғалар жоталарымен шектелген (Филиппин, Солтүстік – және Оңтүстік-Фиджи шұңғырлары).
Аралдық доғалар Тынық мұхиттың солтүстік және батыс жағалауларында кең тараған - Алеут, Курил, Жапон, Тонго-Кермадек ж.б. Атлант мұхитында Антил және Оңтүстік Антил доғалары, Үнді мұхитында Зонд доғасы белгілі. Аралдық доғалардың ұзындығы 1000-2000 км-ден (Курил) 3000-4000 км-ге дейін (Тонго-Кермадек). Доғалардың көпшілігінің дөңестігі шығысқа бағытталған. Барлық доғалар құрамы андезитті активті вулканизммен сипатталады. Жер қабығының типіне сәйкес доғалар екі түрге ажыратылады – континенттік қабықта дамыған (мысалы, Жапон доғасы) және мұхиттық қабықта дамыған (мысалы, Алеут доғасы). Біріншілері ірі аралдар түрінде, қабығы континенттік, қалыңдығы 25-30 км, екіншілері жұқа қабықты 20-25 км, ұсақ аралдар тізбегі түрінде бейнеленеді. Аралдық доғалар күшті жер сілкінулермен сипатталды, олардың гипоцентрлері 700 км тереңдікке дейін орналасады. Бұл жерлерде қазіргі активті вулканизм байқалады.
Аралдық доғалардың мұхит жағынан тереңсулы науалар орын алады. Науалар өте тар (бірнеше ондаған км), тереңдігі 7-8 ден 10-11 км-ге дейін (ең терең Мариан науасы 11022 м), асимметриялы, беткейлері сатыланған шатқалдар түрінде бейнеленеді. Сыртқы мұхиттық беткей жайпақ, ішкі беткей тікшіл келеді. Мұхит жағынан науаға параллель биіктігі шамамен 500 метр шеткі бел-белес созылады. Шеткі белестер ауырлық күштің орташа аномалияларымен сипатталады, наулар-шұғыл теріс, аралдық науалар-үдемелі оң ауытқулармен ерекшеленеді. Жылу ағыны шеткі белестерде қалыпты, науаларда төмендеп, аралдық доғаларда айтарлықтай көбейеді. Тереңсулы науаның осімен үйлесімді аралдық доға жаққа қарай көлбеу орналасқан сейсмофокалды зона белгіленеді, олар мантияға (700 км), кем дегенде 150-200 км тереңдікке жетеді. Бұл зоналарды 1938ж. жапон сейсмологы К.Вадати ашқан, аралдық доғалардың вулканизмін түсіндіруде олардың маңыздылығын совет петрологы А.Н. Заварицкий 1946 ж. көрсетті, ал оларды жалпылай тану 1949 ж. американдық Г. Беньоф жұмыстарымен байланысты. Сейсмофоколды зоналар (ВЗБ зоналары) активті континенттер шетінің басты элементі болып саналады, осы зоналармен сейсмикалық,, вулкандық және тектондық белсенділік байланысты. Бұл зоналардың еңкіштігі жоғарғы бөлігінде (150-200 км) көлбеу, ал одан төмен қарай тікшіл келеді. Шамамен 100-150 км тереңдікке дейін сығылу жағдайы басым болады. Төмендеген сайын ығысу жағдайлары анық белгіленбейді, сейсмофоколды зона бойынша созылу мүмкіншілігі байқалады. Аралдық доғалардың вулкандары, әдетте сейсмофоколды зона бойынша созылу мүмкіншілігі байқалады. Аралдық доғалардың вулкандары, әдетте сейсмофоколды зонаның тереңдігі 100-150 км учаскесіне сәйкес орналасады, бұл жерлерде сейсмикалық құбылыстар өтеді, сөйтіп астеносфера затының балқу дәрежесінің ұлғаюына көрсетеді. Бір топ зерттеушілердің пікірі бойынша дәл осында бастапқы магмалық ошақтар орналасуы мүмкін. Басқалардың пікірі бойынша магмалық ошақтар жоғарырақ мантида орналасқан, ал ВЗБ зонасы тек қана жылу ағынының және флюидтердің көзі болады.
Континенттердің активті шетінің вулкандық доға мен тереңсулы науа аралығы өте күрделі құрылған. Оның ені ВЗБ зонасының еңкіштігіне сәйкес бірнеше ондаған км-ден 150-200 км-ге дейін өзгереді. Аралдық доғаның сыртқы беткейінің төменгі бөлігінде тектоникалық қабыршақтанған шөгінділерден тұратын аккрециялық призма қалыптасады. Олар жаралу тегі әр түрлі шөгінділердің жиынтығы: мұхит қабығының шөгінді қабаты, аралдық доғадан не континенттен тасымалданған өнімдерден құралған шөгінділер болуы мүмкін. Шөгінділер көп мөлшерде шоғырланса бейвулкандық аралдық доға пайда болады. Бейвулкандық доғалардың артқы жағында жас шөгінділермен толған ойыстар түзіледі.
Активті шеттерде бір емес, екі, кейде үш вулкандық доғалар болуы мүмкін, олардың аралығында доғааралық бассейндер оңашаланады.
Активті шеттердің мүлде ерекше түрі қарапайымдалған анды типі. Мұнда тереңсулы науалар континенттерді тікелей жиектейді. Континенттің бойымен шеткі вулкандық-плутондық белдеу созылады. Осындай жағдай қазіргі уақытта Орталық және Оңтүстік Американың батыс жағалауларында байқалады, анды типі деп аталуы да осыдан.
