- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
Спрединг процесі бойынша құрлықтар бірінен-бірі алшақтап, мұхиттардың орталық жотасындағы рифттер біртіндеп кеңиді. Орталық-мұхиттық жоталар ұзындығы 60 сың км, мұхит табанынан 3-4 км-ге көтерілген, барлық мұхиттарды кесіп өтетін жүйе құрайды. Кей жерлерде төбелері теңіз бетіне шығып, аралдар құрады. Мысалы, Атлант мұхитындағы Пасха, Үнді мұхитындағы Сен-Поль т.б. аралдар. Жоталар Атлант және Үнді мұхиттардың орталық бөліктерінде созыла орналасқан, ал Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттардың бір шетіне қарай ығысқан – Шығыс-Тынықмұхитттық жота.
Орталық-мұхиттық жоталардың бойлығының нақ ортасында жарықтармен шектелген терең қысаң шатқалдар-рифттер (ағылшынша рифт - саңылау) орын алады. Олардың тереңдігі 2-2,5 км, үстіңгі ені 25-30 км. Рифт зоналары бойында жер сілкіну, аномалды артық жылу ағыны, жанартау атқылауы байқалады. Рифт зонасында жер қабығы әбден сүйірленіп, бойына шала балқыған мантия заты сінеді.
Орталық жоталардың кейбір жерлерінде, кейде айтарлықтай учаскелерде рифттердің орнында, оған қарама-қарсы құрылымдар-горстар дамыған. Бұл учаскелер магмалық әрекеттердің белсенділігімен сипатталады (Шығыс Тынықмұхиттық жота, Орталық Атлант жотасының Исландия аралынан оңтүстік бөлігі – Рейкьянес жотасы).
25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
26.Трансформды шектер
Трансформдық (ысырылу) шектері бойымен литосфералық плиталар салыстырмалы ысырылу қозғалысында болады.
Орталық-мұхиттық жоталарды кесе-көлденең бағытта трансформдық жарықтар кесіп өтеді (Дж. Т. Вильсон, 1965). Бұл жарықтар бойынша рифт зонасындағы ысырма (ашылма) қозғалыстар ысырылымға ауысады (трансформация). Ысырылма түрінде орын ауыстыру орталық бөліктің рифт зоналарында кесіп өткен аралықта байқалады. Трансформдық жарықтың басқа бойлығында блоктардың қозғалуы бір бағытта, бірақ әр түрлі жылдамдықпен болады.
Ең ірі трансформдық жарақтар-магистралды жарықтар орталық жоталармен бірге олармен шектес мұхит плиталарын, кейде континенттерді кесіп өтеді. Мұндай жарықтардың ұзындығы бірнеше мың км, ал олар бойлай дамыған шатқалдардың тереңдігі 3-5 км, кейде 7-8 км, мысалы Аталант мұхитының экватор зонасындағы Чйен, Романш, Сан-Паулу жарқтары. Тынық мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігінде аса ірі трансформдық жарықтар дамыған – Мендосино, Маррей, Кларион, Клиппертон. Бұл жарықтардың бір-бірінен ара қашықтығы 1000 км. Магистралды жарықтардан басқа аймақтық (ара қашықтығы.
27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
Тектоникалық құрылымдарды онан арғы бөлшектеуді әдетте олардың дамуының геотектоникалық режимі негізінде жүргізеді. Тектоникалық режим дегеніміз тектогенез, метаморфизм, магматизм процестерінің бағыттылығы және қарқындылығы. Осыған сәйкес тектоникалық құрылымдар өте жылжымалы, мобилді және біршама баяу жылжымалы, орнықты құрылымдарға бөлінеді. Біріншілеріне өзінің даму кезеңінде тектогенез, вулканизм, метаморфизм және сейсмикалық процестердің белсенділігімен сипатталады. Әдетте олар континенттер мен мұхиттарда ұзыннан-ұзақ созылған қозғалмалы белдеулер құрастырады. Оларға геосинклиналдар мен орогендер жатады.
Геосинклиналдар классикалық тұрғыдан өзінің дамуының бастапқы сатыларында тұрақты төмен майысуымен, ал соңғы сатысында тектоникалық режимнің инверсиясымен (жаппай көтерілу), соған байланысты қатпарлы-таулы облыстардың жаралуымен сипатталады. Олар қалың қабатты вулканогенді-шөгінді түзілімдермен, магматизм, аймақтық метаморфизм және сейсмикалық процестердің белсенділігімен ерекшеленіледі.
Орогендер – анық белгіленген таулы бедерлі созыңқы құрылымдар. Орогендердің жылжымалылығы тік бағытталған жоғары көтерілу қозғалыстар, жазық қозғалыстар, сейсмикалық процестер, кейде магматизм түрінде көрінеді. Тау жүйелері континенттерде де, мұхиттар түбінде де белгілі болғандықтан, орогендер континенттік және мұхиттық деп бөлінеді.
Литосфераның біршама баяу жылжымалы, орнықты құрылымдарына платформалар және орталық массивтер жатады.
Платформалар изометриялы пішінді, жалпы тегіс жазық бедерлі, жер қабығы мен мантияның ара қатысы изостатикалық тепе-теңдік жағдайға жақын келеді. Платформалар тұрақты бәсең ғана, аз мөлшерде төмен майысу қозғалыстарымен сипатталады. Іс жүзінде жер сілкіну болмайды, магматизм қысқа мерзімде жарықтар бойымен қозғалыстар күшейген кезеңдерде байқалады. Басқаша айтқанда, платформалар-литосфераның тектоникалық салғырт учаскелері. Платформалардың жер қабығы континенттік және мұхиттық болуы мүмкін, осыған байланысты континенттік және мұхиттық платформалар ажыратылады.
Орталық массивтер – қозғалмалы геосинклиналдық облыстардың жер қабығы орнықты учаскелері. Әдетте олар көне платформалардың белсенді геосинклиналдық процестердің әсерінен бөлшектенген, бірінен-бірі ажыратылған жұрнақтары болады. Орталық массивтер платформалардан кішірек мөлшерімен, пішіннің бұрыштылығымен, кеңістікте үзінді-қалдықтар ретінде таралуымен, қарқынды қозғалыстар және магматизм түрінде байқалатын біршама тектоникалық белсенділігімен ерекшеленеді.
Жылжымалы және орнықты құрылымдардың «түп тамыры» литосфера қабатында орналасқан, сондықтан да геосинклиналдар, орогендер, платформалар және орталық массивтер литосфераның тектоникалық құрылымдарына жатады.
Литосфера мен тектоносфераның ерекше құрылымдарына тектоникалық бұзылыстар жатады – жер қабығының біртұтастығының бұзып-жарған ұзыннан-ұзақ созылған бұзылу зоналары. Олар нақтылы лықсыма, ығыспа түрінде болуы мүмкін, созыңқы келген жер қабығын бөлшектеу – ұсақтау зоналары (терең жарылымдар), ерекше созылу, керу құрылымдары (рифтер) түрінде байқалады.
Белгіленген тектоникалық құрылымдар литосфера және тектоносфера құрамындағы ең ірілері. өз кезегінде олар біршама кішігірім бөлімдерге-жергілікті көтерілімдерге (антиклиналдарға) және жергілікті ойыстарға (синклиналдарға) шейін жіктеледі.
