Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.

Бүгінгі күні мұнай және газдың жаралу тегі моделі ретінде геодинамикалық модель ұсынылап отыр. Бұл моделдің негізінде мұнай мен газдың пайда болуын глобалды оқтын-оқтын қайталанып келетін жағдаймен байланысы қарастырылады – мұхиттардың ашылуы және жабылуы.

Мұхиттардың пайда болуынан олардың континенттердің қалыптасуы ірі тектоникалық циклдерге біріктерілген (Вильсон циклі) олардың ұзақтығы шамамен 600 млн. жыл. Мұхиттың циклдарды литосфераның дамуының континенттік тарихымен толықтырып, литосфераның эволюциясының геодинамикалық циклділігі ұсынылған (Гаврилов В.П., 1989). Литосфера эволюциясы екі ірі кезеңнен тұрады: мұхиттардың (мұхитгенез) және континенттердің (континентгенез) пайда болуы. Бұл кезеңде өз ретінде сатылардан, фазалардан тұрады. (кесте)

Мұнайгаздың пайда болуына ең қалыпты фазалар теңіз рифтті, жекеленген және толық субдукция (субдукциялық-обдукциялық фаза).

Бұл фазаларда органикалық қалдықтары мол айтарлықтай шөгінді массалар салыстырмалы шектелген аудандарда қалыптасқан.

Жоғары темпертуралы және сейсмо-тектоникалық белсенділігі органикалық зат көмірсутекті газ және тамшы-сұйық мұнай. Осыған сәйкес мұнайдың пайда болуының екі негізгі механизмі (моделі) ұсынылады: рифтогендік және субдукциялық-обдукциялық.

Мұнайгаздың жаралу тегінің рифтогенді моделі бойынша басында континенттік, сонан-соң континент аралық теңіздерде қалың қабатты (10-12 км) шөгінділердің жиналуын жобалап түсінеді. Шөгінділердің жиналуының тоқырау режимі, тотықсыздану геохимиялық жағдайда органикалық заттарға мол сазды жыныстардың (мұнайгазды аналық свиталар) қалыптасуына қолайлы болады. Литосфераның табанына жақындаған ыстық мантиядан (астносфералық көмпиме) келетін жоғары жылу ағыны органикалық заттың тамшы-сұйық мұнайға өңделіп ауысу процесін белсендіреді.

Теңіздік (ішкі континенттік) рифттер өзінің даму барысында мұхиттық бассейнге өзгеріп ауысады. Мұхиттың екі жағынан континенттердің пассивті шеттері пайда болады. Олар бастапқы рифттік шөгінді бассейндердің қалдығы болып саналады.

Егер де рифтогенез мұхиттың ашылуымен жалғаспай рифт фазасында тоқтап қалса, рифт құрылымының үстінде әдетте ірі ойпаңдар (синеклизалар) салынады. Континент ішінде рифттекті аймақтық мұнайгазды белдемдер қалыптасады (мысалы Батыс Сібір және Солтүстік теңіз кенорындары). Сонымен, рифтогенді геодинамикалық режмдер континенттер ішінде болуы мүмкін және континенттердің пассивті шеттерін қамтып континент-шеттік болуы мүмкін.

Мұнайгаздың субдукциялық-обдукциялық моделі субдукция зоналарына және мұхиттық бассейндердің жабылуы кезінде континенттердің соқтығысу (коллизия) зоналарына тән. Бытыраңқы органикалық затқа мол қалың қабатты шөгінділер (аккрециялық призмалар) жұтылу зоналарына тартылып батады. Жоғары температура (100-4000С) және күшті қысымының әсерінен 1-2 млн жыл аралығында органикалық зат мұнайгазға ауысудың өте қолайлы жағдайында болады. Пайда болған тамшы-сұйық мұнай және газ термалды сулармен жалпы су-минералды ағынға тартылып қатысады. Бату зонасынан алыстап көтерілген сайын температура және қысым азайып, көмірсутектердің шоғырлануына қолайлы жағдай жасалынады.

Мұнайгаздың жаралу тегіне геодинамикалық көзқарастардың дамуы нәтижесінде Жер қабығында мұнай және газ кенорындарының таралу және орналасу заңдылықтарына түзету енгізу жөнді. Бірқатар ғалымдар (В.Е. Хаин, В.П. Гаврилов ж.б) мұнайгазды территорияларды белдеулер түрінде таралуын қарастырады. Мұнайгаз жиналу белдеуі ретінде мұнайгаздың жаралуы және жиналуы геодинамикалық режимнің әсерінен пайда болған мұнайгазды провинциялардың (бассейндердің), облыстардың, жиынтығы түрінде түсіндіріледі. Осымен байланысты мұнайгаздың жиналу белдеулерінің субдукциялық-обдукциялық, рифтогенді және депрессиялық типтері белгіленіп ұсынылады (Гаврилов В.П., 2006ж.). Мұнайгаздың субдукциялық-обдукциялық жиналу белдеуі платформалардың шеттерінде, бұрынғы литосфералардың соқтығысу зоналарында орналасады. Қазіргі тектоникалық жағдайда оларға платформалық жазықтар мен таулы жүйелер жапсарласы бойымен ұзыннан ұзақ созылған ойыстар сәйкес. Бұл белдеулерге Орал алды-Жаңажер алды (Баренц-Каспий), Кордильер алды, Верхоян алды, Шығыс Сібір ж.б. жатады. Пайда болу уақытына байланысты палеозой, мезозой, кайнозой, мұнайгаз жиналу белдеулері ажыратылады.