- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
Жоғарыда қарастырылған негізгі екі негізгі геодинамикалық режимдермен қатар бұрыннан белгі дәстүрлі депрессиялық немесе бассейндік моделдің де орны бар. Мұнайгаздың жаралу тегінің бұл моделі платформа ішіндегі және тауарлық ірі ойпаңдарға тән. Мұнайдың пайда болу процесі белсенді түрде жүруі үшін шөгінділер 3-4 км-ге дейін төмен батуы қажет, яғни ең қолайлы температура және қысым жағдайы (Н.Б. Вассоевич бойынша мұнайдың жаралуының басты зонасы).
Депрессиялық белдеулерді кейбір континенттердің ішкі облыстарында белгілеуге болады. Мұнайгазды бассейндер және олардың эволюциясы. Көмірсутектердің пайда болуы, миграциясы, жиналуы және мұнай мен газдың шоғырлануы мұнайгазды бассейндерде жүзеге асады. Мұнайгазды бассейн – Жер қабығының тұрақты және ұзақ уақыт аралығында төмен бату-майысу облыстары, соның салдарынан бұл ойпаңдарда қалың қабатты шөгінді жыныстар қалыптасады, олардың құрамы, құрылысы, литогенез өзгерістері және жатыс жағдайлары оларда мұнайгаздың өнеркәсіптік жиналымдары шоғырланып сақталуы қамтамасыз етіледі.
39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
Мұнайлы-газды территорияларды аудандау принциптері И.М. Губкиннің, И.О. Бродтың, И.А. Еременконың, А.А. Бакировтың, Н.Ю. Успенскаяның, М.И. Варенцовтың және басқалардың еңбектерінде қарастырылған. А.А. Бакировтың нобайына сәйкес (1964) жер қабатындағы мұнай мен газдың жинақталуы екі категорияға: жергілікті және аймақтық болып бөлінеді. Жергілікті жинақталу катгориясына мұнай мен газ кеніштері, мұнай және газ кенорындары тиісті. Мұнай және газдың аймақтық жинақталу категориясына мұнай-газ қорларының белдемі (поястар) жатады.
Көрсетілген терминдерге келесі мазмұндар кіреді:
Мұнайлы-газды белдеулер.
↓
Мұнайлы-газды провинциялар
↓
Аймақ
↓
Аудан
↓
Кенорыны
↓
Мұнай және газ шоғыры (кеніштері).
Мұнай және газ шоғыры өтімді кеуектілік және жарықшақтық жинауыштардағы мұнай мен газдың табиғи жергілікті жиналуын көрсетеді.
Мұнай және газ кенорыны- бұл табиғи тұтқыштардың біріне тураланған мұнай және газ шоғырларының жиналу орыны.
Шоғырлар, мұнай және газ кенорындары сияқты өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес болуы мүмкін.
«Мұнай және газ кенорындары» термині бұл сөздің дәл мағынасына жауап бере алмайтынын, мұнай және газ шоғырлары жинағының түзілу процесінің өз мәнін көрсете алмайтынын ескеру керек. Шоғырлар, әдетте ешқашан in sity, яғни мұнай және газ «туған» жерде түзілмейтіні белгілі, олардың қалыптасуы жер қойнауында өтетін көмірсутектердің күрделі көшіп-қону, жылжу процесінің нәтижесінде жүреді. Сондықтан «кенорыны» терминін, осы сөздің дәл мағынасына жауап бере алмайтындықтан, мұнай және газ шоғырларының «жиналу орыны» терминімен алмастыру керек. Бірақ алғашқы термин мұнай-газ өнеркәсібінің геологиялық ғылымы мен практикасында нық бекіп қалғандықтан, авторлар оны осы еңбекте де сақталуын жөн көрді.
Мұнайлы-газды аудандар дегеніміз-мұнай және газ кенорындарының қатарын қосатын, екінші реттегі геоқұрылымды элементтердің, мұнайлы-газды атыраптардың бір бөлігі.
Мұнайлы-газды аймақ- геологиялық тарихтың (дәуір, кезең және т.б.) ұзаққа созылған замандарында пайда болған литогенездің жағдайларының ұқсастығымен, дамудың геологиялық тарихы және геологиялық құрылысы бірлігін сипаттаушы, ірі геоқұрылымдық элементте ұштастырылған, мұнай-газ аудандарының жинақталу жиыны.
Мұнайлы-газды провинциялар дегеніміз- өзара ұқсас мұнайлы-газды- атыраптардың ассоциациясын қосатын, аймақтық геологияның жалпы сипатымен ерекшеленген, сондай-ақ геологиялық тарихтың (кезең немесе тіпті дәуір) жекелеген ірі циклдері ағымында аймақтық мұнай-газ түзілу және мұнай-газ жинақтаудың ұқсас жағдайларына ие болушы бірыңғай геологиялық аймақтардың бірігуі.
Осылайша, мұнайлы-газды провинциялардың сипаты белгілерінің бірі-қарастырылатын провинциялардың тұтас шегіндегі ірі стратиграфиялық бөлімдерінің региональды мұнайлығы-газдылығы болып табылады.
Мұнайлы газды белдеулер (пояса) тек қатпарлы атыраптарда бөлінеді. Бұл терминмен қатпарлылық жүйелерінің сол немесе басқа шегінде байланысты мұнайлы-газды провинциялардың жиынтығы түсіндірледі. Айтылғандардан шыға отырып, мәселені; 1) Аппалач, Оралдық палеозойлық қатпарлығына; 2) Жартасты таулар, Оңтүстік-Шығыс Азия мезозойлық қатпарлығына; 3) Альпі-Гималайлық, Анд, Кардильяр және т.б. альпілік қатпарлығының жүйесіне ұштастырылған мұнайлы газды белдеулер бөлініп шығуы ықтимал.
Жер қойнауындағы ірі мұнайлы-газды территориялардың (атыраптардың, провинциялардың және белдеулердің) геоқұрылымдық байланыстары осындай.
