- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
6. Жер энергетикасы
7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
Жер қойнауының құрылысын сипаттайтын ең басты үш параметрі (тығыздық, қума және көлденең толқындардың жылдамдығы) тереңдеген сайын өзгерістерге ұшырайды, кейде олар кенет өзгереді. Осы күрт өзгерестердің тереңдігі Жер затын қабаттарға немесе геосфераларға бөлетін айырық шектерді айқындайды. Қазіргі уақытта оншақты айырық беттері белгілі, олардың ішінде негізгісі екеу: Мохо деңгейі континенттерде 35-70 км, мұхиттарда 5-12 км тереңдіктерде және Вихерт-Гутенберг деңгейі 2900 км тереңдікте орналасқан. Бұл шектер Жерді үш басты геосфераларға бөледі – жер қабығы, мантия және ядро.
8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
Ең ірі литосфералық құрылымдар ретінде литосфералық плиталар, мұхиттар және континенттер қарастырылады. Тектоникалық белсенділігіне байланысты өте жылжымалы, мобилді құрылымдар (геосинклиналдар мен орогендер) және біршама баяу жылжымалы, орнықты құрылымдар (платформалар және орталық массивтер) ажыратылады. Тектоникалық бұзылыстар жылжымалы және орнықты құрылымдарда да белгіленеді.
Литосфералық плиталар – литосфераның ең көлемді учаскелері (кесе-көлденең ені мыңдаған км), олар біршама тар сейсмикалық және вулкандық белсенді зоналармен шектелген. Литосфералық плиталар мұхиттық, континенттік және аралас болуы мүмкін. Біріншелеріне – Тынық мұхит, Наска, Кокос плиталары, екіншілеріне – Альпі-Гималай қатпарлары белдеудегі шағын плиталар (мысалы, Тибет, Иран) үшіншілеріне – плиталардың көпшілігі жатады (Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Евразия, Үнді-Австралия, Антарктида ж.б.).
Тектоникалық құрылымдарды онан арғы бөлшектеуді әдетте олардың дамуының геотектоникалық режимі негізінде жүргізеді. Тектоникалық режим дегеніміз тектогенез, метаморфизм, магматизм процестерінің бағыттылығы және қарқындылығы. Осыған сәйкес тектоникалық құрылымдар өте жылжымалы, мобилді және біршама баяу жылжымалы, орнықты құрылымдарға бөлінеді. Біріншілеріне өзінің даму кезеңінде тектогенез, вулканизм, метаморфизм және сейсмикалық процестердің белсенділігімен сипатталады. Әдетте олар континенттер мен мұхиттарда ұзыннан-ұзақ созылған қозғалмалы белдеулер құрастырады. Оларға геосинклиналдар мен орогендер жатады.
Геосинклиналдар классикалық тұрғыдан өзінің дамуының бастапқы сатыларында тұрақты төмен майысуымен, ал соңғы сатысында тектоникалық режимнің инверсиясымен (жаппай көтерілу), соған байланысты қатпарлы-таулы облыстардың жаралуымен сипатталады. Олар қалың қабатты вулканогенді-шөгінді түзілімдермен, магматизм, аймақтық метаморфизм және сейсмикалық процестердің белсенділігімен ерекшеленіледі.
Орогендер – анық белгіленген таулы бедерлі созыңқы құрылымдар. Орогендердің жылжымалылығы тік бағытталған жоғары көтерілу қозғалыстар, жазық қозғалыстар, сейсмикалық процестер, кейде магматизм түрінде көрінеді. Тау жүйелері континенттерде де, мұхиттар түбінде де белгілі болғандықтан, орогендер континенттік және мұхиттық деп бөлінеді.
Литосфераның біршама баяу жылжымалы, орнықты құрылымдарына платформалар және орталық массивтер жатады.
Платформалар изометриялы пішінді, жалпы тегіс жазық бедерлі, жер қабығы мен мантияның ара қатысы изостатикалық тепе-теңдік жағдайға жақын келеді. Платформалар тұрақты бәсең ғана, аз мөлшерде төмен майысу қозғалыстарымен сипатталады. Іс жүзінде жер сілкіну болмайды, магматизм қысқа мерзімде жарықтар бойымен қозғалыстар күшейген кезеңдерде байқалады. Басқаша айтқанда, платформалар-литосфераның тектоникалық салғырт учаскелері. Платформалардың жер қабығы континенттік және мұхиттық болуы мүмкін, осыған байланысты континенттік және мұхиттық платформалар ажыратылады.
Орталық массивтер – қозғалмалы геосинклиналдық облыстардың жер қабығы орнықты учаскелері. Әдетте олар көне платформалардың белсенді геосинклиналдық процестердің әсерінен бөлшектенген, бірінен-бірі ажыратылған жұрнақтары болады. Орталық массивтер платформалардан кішірек мөлшерімен, пішіннің бұрыштылығымен, кеңістікте үзінді-қалдықтар ретінде таралуымен, қарқынды қозғалыстар және магматизм түрінде байқалатын біршама тектоникалық белсенділігімен ерекшеленеді.
Жылжымалы және орнықты құрылымдардың «түп тамыры» литосфера қабатында орналасқан, сондықтан да геосинклиналдар, орогендер, платформалар және орталық массивтер литосфераның тектоникалық құрылымдарына жатады.
Литосфера мен тектоносфераның ерекше құрылымдарына тектоникалық бұзылыстар жатады – жер қабығының біртұтастығының бұзып-жарған ұзыннан-ұзақ созылған бұзылу зоналары. Олар нақтылы лықсыма, ығыспа түрінде болуы мүмкін, созыңқы келген жер қабығын бөлшектеу – ұсақтау зоналары (терең жарылымдар), ерекше созылу, керу құрылымдары (рифтер) түрінде байқалады.
Белгіленген тектоникалық құрылымдар литосфера және тектоносфера құрамындағы ең ірілері. өз кезегінде олар біршама кішігірім бөлімдерге-жергілікті көтерілімдерге (антиклиналдарға) және жергілікті ойыстарға (синклиналдарға) шейін жіктеледі.
