- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
16.Ыстық нүктелер болжамы
Ыстық нүктелер туралы болжамды бірінші боп американдық зерттеуші Т. Вильсон ұсынған. Оның пікірі бойынша мұхиттардағы вулкандық тау жоталарының пайда болцы (мысалы, Тынық мұхитындағы Гавай, Император жоталары) литосфералық плитаның мантиядағы өте қызған объектінің (ыстық нүкте) үстінен жылжып өтуімен байланысты. Бұл идеяны дамыта келе американдық ғалым Дж. Морган бар болғаны отыз шақты мантияның ағыстар белгіленген, олар ыстық нүктелерден литосфераның табанына дейін көтеріліп, оны тесіп өтіп вулкандық құрылымдарды құрастырады. Ыстық нүктелер идеясына көптеген ғалымдар көңіл аударып дамытқан, кейінерек бұл мәліметтер (фактылар) тектоникалық плиталар теориясымен үйлесімді екені көрсетілді. Л.П. Зоненшайн және Л.А. Савостин ыстық нүктелердің астеносфера қабатында қосымша жылудың бөлінуінен пайда болатын математикалық есептемелермен дәлелдеп берген.
Ыстық нүктелердің көпшілігі Тынық және Атлант мұхитында орналасқан. Егер де бүкіл мантияны қамтитын ірі масштабты конвекция идеясынан қарастыратын болсақ, онда Тынық мұхиттық литосфералық плита тұтасымен бір конвективті ұяның шегінде орналасқан. Оның жоғары бағытталған ағыны Шығыс-Тынықмұхиттық көтерілімінің ауданында белгіленеді, ал төмен бағытталған ағыны – аралдық, доғалар және тереңсулы науалар жүйесінде. Осы плитаның орталық бөлігіне жақындаған сайын Л.П. Зоненшайн мен Л.А. Савостиннің есептемелеріне сәйкес, литосфераның табанында қосымша жылу ағынының мөлшері айтарлықтай көбейеді, температура жоғарылайды, салдарынан литосфера балқыланып нәтижесінде вулкандық-жоталар пайда болады.
Атлант мұхитында барлық вулкандық аралдар шамамен Орталық Атлант жотасының бойымен орын алған. Л.П. Зоненшайннің моделіне сәйкес олар конвективті ячейканың тік және төмен бағытталған ағындардың арасында жартылай қашықтықта орналасуы тиіс. Егер төмен бағытталған тармақ Оңтүстік Американың батыс шетінде орналасса, жоғары бағытталған тармақ Шығыс Африканың астында немесе Үнді мұхитында болуы ықтимал. Бұл жағдайда, Орталық Атлант жотасының оңтүстік бөлігі мантия ағынының жоғары бағытталған тармағының үстінде емес, ал астеносферадан бөлініп шығатын қосымша жылу ағынынның кенет көбею облысында орналасқан. Литосфералық плиталардың шектері үш белгілері бойынша танылады: 1) сейсмикалық жағдайы, 2) геоморфологиялық ерекшеліктері бойынша, оларға қазіргі аса тілімденген жер беті бедерлерінің бейімделуі тән: мұхит-орталық жоталар, аралдық доғалар және терең сулы науалар жүйелері, қатпарлы-таулы құрылымдар, 3) әр түрлі шөгінділердің қалыптасуы, тектоникалық құрылымдардың пішіні, басты белгісі плиталардың шектеріне интрузивтың және эффузивтік тау жыныстарының нақтылы құрамына байланысты және және формациялық сипаттамасына сәйкес анықталады.
Қазіргі литосфералық шектер сейсмикалық жағдайларға байланысты айқындалалды. Көне геологиялық кезеңдер үшін бұл белгіні қолдануға болмайды. Екінші белгі, жер бедері ондаған млн. жыл аралығында ғана сақталады. Сонымен, геологиялық белгілерге сүйенген көне литосфералық плиталардың шектерін анықтауға болады. Осымен байланысты литосфералық плиталардың шектерін анықтайтын геологиялық кешендер-индикаторлар белгіленеді.
Плиталардың өсу, үдемелеу шектерінің индикатор-кешендерін екі топқа бөлу қажет:1) мұхиттық және2) ішкі континенттік рифт белдемдері. Мұхиттық рифт белдемдерінің басты индикатор-кешендері тау жыныстардың афиолит-бірлестіктері. Айта кету керек афиолиттер-көне мұхитттық қабықтың жұрнақ-қалдықтары, әрдайым орын ауыстырып қозғалысқа ұшыраған. Ішкі континенттік рифт белдемдеріне вулкандық жыныстар, сілтілі платабазальттар, сілтілі-аса негізді интрузиялар тән. Шөгінді формациялар - моласса тұщы сулы қабаттар, кейде эвапориттер, бұлар грабен фацияларының жиынтығы.
Жұту шектердің индикатор-кешендерінің ішінде вулкандық аралдық доғаларды континенттердің белсенді шеттерін, соқтығысу және обдукция белдемдерін сипаттайтын тау жыныстардың бірлестіктері белгіленеді. Аралдық доғаларға ізбестісілтілі вулкандық жыныстар, туфогенді және терригенді-кремнийлі, граувактар тән. Белсенді континенттік шектердің басты индикатор-кешендері-континенттік вулканды-плутондық-жыныстар, соның ішінде вулкандық ізбесті-сілтілі, сілтілі жыныстар, сондай-ақ гранодиорит, гранит және сілтілі интрузивті тау жыныстары. Екі континент соқтығысу жағдайында биік таулы қатпарлы белдем қалыптасады, оның ішкі бөліктерінде жоғары температуралы метаморфизм белдемдері және палигенді гранит массивтері кездеседі. Обдукция белдемдеріне ірі офиолит жабындары тән, олар континенттің пассивті шетіне қарай ығысқан.
Мұхиттар мен континениттердің пассивті шеттерінің индикатор-кешендері таяз сулы карбонатты шөгінділер, төменгі бөлігінде сынық шөгінділер және эвапориттер.
