Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі

Тұзкүмбезі. Платформалар (тұғырлықтар) мен шеткі ойыстарға ғана тән, қойнаулары тұз қабаттарына толы кейбір ірі-ірі ойпаттар қимасында жиі ұшырасатын құрылым түрі. Тұз тектоникасы деп аталатын арнаулы қозғалыстар нәтижесінде туындайтын мұндай құрылымдар тұз массаларының жоғары қарай ағуы нәтижесінде қалыптасқан тұзды массивтен (штоктан) және сырғымалармен "шимайланған" тұз үсті жыныстарына тән күрделі құрылымнан тұрады. Тұз күмбезінің пішіні мен мөлшері сан түрлі болып келеді, жекелеген Тұз күмбезінің ауқымы 1-100 км2 аралығында болса, биіктігі жүз метрден бірнеше шақырымға шейін жетеді. Күмбезді құрайтын тұз қабаттарының қалыңдығы Солтүстік Каспий ойпатында бірнеше мың метр құрайды

Тұзды күмбездердің пайда болуы тұздың аққыштық қасиетті иемденуінің нəтижесі. Жер қыртысының белгілі бір деңгейінде тұздардан тұратын қатқабаттың болуы тұзды күмбездер қалыптасуының негізгі шарты. Бұл қатқабатты құрайтын тұздар сол қатқабатты көмкерген таужыныстар қимасының салмағынан туындайтын кернеулер нəтижесінде үстіңгі қабаттардағы осал өңірлер (жарықтар, яғни жарылымдар) арқылы жоғары қарай жылыстай көтеріледі, сөйтіп байырғы штоктарға ұқсайтын тұзды күмбездер құрайды. Тұзды күмбездер қалыптасуына жауапты процесті əдетте «тұз тектоникасы» деп атайды. Тұз массаларының жоғары қарай жылыстай жылжуы тұзүсті кешендеріне тиесілі қатқабаттарды да айтарлықтай қатпарлайтындығы түсінікті

58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.

Құрылымдық карта — тектоникалық пішіндердің тұрқы мен түрін бейнелейді. Құрылымдық картада көлбеу қабаттар, қатпарлы интрузивтік денелер, пайдалы қазынды қабаттары, стратигриялық горизонттардың бірдей биіктік сызықтары (горизонталь,стратоизогипс, изогипс) көмегімен тіректі беттердің (жабыны мен табаны) гипсометриялық қалпы көрсетіледі. Құрылымдық карта масштабы әр түрлі. Көбіне ірі масштабты карталар жиі құрастырылады. Кен орындардың кенді, мұнай-газды денелеріне, бөліктеріне жасалатын ірі масштабты (1:50000 не одан ірілеу) құрылымдық карта барлау жұмыстарын жобалауға, пайдалы қазбалар қорын есептеуге және кенді өндірудің, пайдаланудың тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл картаны жасауда құрылымдық түсірулердің, іздеу мен барлау ұңғымалары мен геофизикалық зерттеулердің материалдары негізге алынады.

Жер қыртысының аумақты бөліктерінің тектоникалық құрылымдарын көрсететін ұсақ масштабты құрылымдық карта, негізінен, аймақтық геофизикалық зерттеулер мен жекеленген терең тіректі ұңғымалар мәліметтеріне сүйеніп құрастырылады. Құрылымдық картада зерттелетін қабат бетінің пішіндері, олар орналасқан тереңдіктердің абсолют биіктіктері стратоизогипстер арқылы көрсетіледі. Мұнымен бірге картада аймақтың геологиялық құрылысы, таужыныстарының жату элементтері мен қалыңдықтарының өзгеру заңдылықтары, тектоникалық жарылымдар, т.б. деректер де ескеріледі.

Құрылымдық картаны құрастыру әдісі жер бедері горизонтальдар көмегімен берілетін топографиялық карта жасау әдісімен өте ұқсас. Құрылымдық картаны жасаудың ең сенімді әдісі — бұрғылау ұңғымалары мәліметтерін пайдалануға негізделген. Ұңғымалар тіректі горизонттық биіктік мәндерін дәл анықтауға көмектеседі. Әрбір ұңғыма үшін биіктік нүктелерін тапқаннан соң оларды картада белгілеп, бір – бірімен қосып үшбұрыштар торабын аламыз. Стратоизогипстер қашықтығын таңдап алғаннан соң, олардың мәндерін үшбұрыштар қабырғаларынан табамыз, одан соң аттас биіктіктерді сызықпен қосып, стратоизогипсін сызамыз. Бұл мақсатта геофизикалық мәліметтер мен геологиялық қималар да пайдаланылады. Егер тіректі горизонт жер бетіне ішінара шығып жатса, құрылымдық карта жасау үшін оның жер бетіндегі биіктік нүктелерінің маңыздылығы зор. Тіректі горизонттың құрылымдық картасын құрастырғаннан соң, сол жердің төменгі тіректі горизонтының картасын да құрастыру керек. Құрылымдық карта жасауда үшбұрыштық немесе геометриялық (платформалық көтерілімдер мен тіректі беттері сәл көлбеулі қатпарлы облыстарды бейнелеуге),қималық (күрделі қатпарланған, жарылымдармен тілімделген күрделі тектоникалық облыстарға) және үйлестіру (тектоникасы күрделі емес, бірақ стратигиялық. үйлесімсіздіктері бар аудандарда) әдістері қолданылады.