Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі

Жыртылыс деформациясының мейлінше қарпайым түрлері «диаклаздар» деп аталады, бұлар жекелеген таужыныстардың тұтастығын бұзатын қарапайым жарықтар. Жыртылыс деформациясының екінші мейлінше күрделі түрі – «параклаздар», бұлар таужыныстарды бөлшектеп қана қоймайды, себебі жарықпен бөлшектенген таужыныс қапталдары əртүрлі қозғалыстарға ұшырайды. Бұл жағдайда таужыныс қапталдарының бір-біріне үйкеле қозғалуын қамтамасыз ететін жарық «жыртылу жігіне» айналады. Бұрынғы тұтас таужыныстың жыртылу жігі бойымен қозғалыстары барысында бұрынғы ортақ нүктенің бір-бірінен алшақтап кету қашықтығын «ажырау амплитудасы» деп атайды. Жыртылыспен бөлшектенген таужыныс қапталдары «жыртылу қапталдары» деген атауға ие, мұндай қапталдардың еңіс бағытталған жыртылу жігі үстіндегі қапталын «аспалы қаптал», астыңғысын «жатаған қаптал» деп атайды. Таужыныстардың жыртылу жігі бойымен қозғалыстарға ұшырауы салдарынан «жыртылыс құрылымдары» қалыптасады. Жыртылыспен бөлшектенген таужыныс блоктарының жыртылу жігі бойымен қозғалыс бағыттарына қарай жыртылыс құрылымдары бірнеше түрлерге бөлінеді, олар – «ығыспалар» (сдвиги), «лықсымалар» (сбросы), «қаусырмалар» (взбросы), «бастырмалар» (надвиги), «тектоникалық жамылғылар» (тектонические покровы) жəне «көлбемелер» (шарьяжи) деп аталады. Ығыспа – тік бағытталған немесе еңіс бағытталған жыртылу жігі бойымен қапталдары көлбеу (горизонталь) бағытта жылжып кеткен жыртылыс құрылымы. Лықсыма – жыртылу жігі біршама еңіс бағытталған, сол жік бойымен аспалы қапталы жатаған қапталымен салыстырғанда төмен қарай жылжып кеткен жыртылыс құрылымы. Қаусырма – жыртылу жігі біршама еңіс бағытталған, сол жік бойымен аспалы қапталы жатаған қапталымен салыстырғанда жоғары қарай шапши қозғалуы нəтижесінде қалыптасқан жыртылыс құрылымы. Бастырма – жыртылу жігінің жайпақтығымен сипатталатын (жіктің еңістену бұрышы 45°-тан аз), аспалы қапталы жатаған қаптал бетін көмкере жылжуы нəтижесінде қалыптасқан жыртылыс құрылымы. Тектоникалық жамылғы – жыртылу жігінің еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайтын, сол жік бойымен аспалы қапталы жатаған қаптал бетімен бірнеше, тіпті ондаған км-ге жылжып кетуімен сипатталатын жыртылыс құрылымы. Көлбеме – жыртылу жігінің еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайтын, сол жік бойымен аспалы қапталы жатаған қаптал бетімен ондаған, тіпті жүздеген км-ге жылжып кетуімен сипатталатын жыртылыс құрылымы. Кейде «көлбеме» жəне «тектоникалық жамылығы» деген түсініктер синонимдер ретінде де қолданылады

56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі

Тастұз – шөгінді таужыныс, негізінен галиттен тұрады, бұдан басқа ангидрит пен гипстен, карбонатты – сазды материалдан, мирегірек доломиттен, анкериттен, магнезиттен тұрады. Кенорындарда тастұз: тұздық сулар, тұзды жерасты сулары, минералды тұзды сулар, көне шоңыр тастұзы болып бөлінеді. Қазіргі таңда тұздардың қалыптасу құрғақ,ыстық климат жағдайында, екі титі жабық бассейндерде қалыптасады: теңіз суымен қоректенетін теңіз бассйендерімен және құрлық суымен қоректенетін континеттік бассейндермен байланысты. Тастұз кенорындары негізінен аридтік климат жағдайында тұзға бай теңіз суларының булануы нәтижесінде тауалды ойыстарында қалыптасады.Көбінесе кембрий, девон, пермь кезеңінде қалыптасқан. Шоғырлары қабатты, құрылымы күмбезді, линза, ұя тәрізді денелер түзеді. Ірі кенорындары Белоруссияда ( Давыдов), Украинада ( Ромен, Славян), Оралда ( Соликам ), Каспий маңы ойпатында.