Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193 Кб
Скачать
☆

4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.

Қазақстан жер қабығында төрт қабат белгіленеді:

  1. Шөгінді не вулканогенді-шөгінді, тығыздығы 1,5-2,6 г/см3, қалыңдығы 0-ден 24 км-ге дейін (Каспий маңы).

  2. Граниттті қабат, тығыздығы 2,5-2,7 г/см3, қалыңдығы 8-18 км

  3. Диоритті қабат, тығыздығы 2,7-2,8 г/см3, қалыңдығы 5-20 км (кейбір жерлерде байқалмайды)

  4. Базальтты қабат, тығыздығы 2,9 г/см3, қалыңдығы 10-15 км-ден асады.

Мохоровичич деңгейі Қазақстанда 35-60 км тереңдікте орын алады.

5.Литосфера және астеносфера.

Литосфера және астеносфера. Жер қабығы мен жоғарғы мантияның астеносфераға дейінгі бөлігін біріктіріп литосфера деп атайды. Бұл біршама сынғыш қатты қабық, бұнда тектоникалық жарықтар дамып сақталынады, жер сілкіну ошақтары негізінде осы қабықта орын алады. Литосфераның табаны мантия затының балқымаға айналу температурасының деңгейімен анықталады. Материктердің астында литосфераның табаны жас платформаларда 150-200 км-ден көне платформалардың қалқандарында 250-400 км-ге дейін, ал мұхиттардың астында мұхит-орталық жоталарда 7-10 км-ден терең сулы учаскелерде 80-90 км тереңдікке дейін жетеді. Континенттік және мұхиттық литосфера қалыңдығының елеулі айырмашылығы біріншісінің геологиялық жасының ескірек болуымен түсіндіріледі. О.Г. Сорохтиннің пікірі бойынша литосфераның жер қабығы астындағы бөлігі ыстық мантия затының суынып, толық кристалдану барысында түзіледі. Осы процестің нәтижесінде плитаның жасына сәйкес литосфераның қалыңдығы ұлғаяды. Ең қалың литосфера (400 км-ге дейін) геологиялық жасы 2 млрд. жылдан астам көне платформалар қалқандарының астында байқалады.

Литосфераның маңызды ерекшелігі оның тектоникалық қат-қабаттасуы. Бұл қасиеті белсенді таулы-қатпарлы облыстарда айқын белгіленеді, оларда кейде бірнеше үйлесімсіздік беттер байқалады. Мысалы, Памирде және онымен жанасып датқан Тәжік ойысында қатайған берік палеозой құрылымдарының беттері бойынша мезозой-кайнозой шөгінді комплексінің ысырылу және ең жаңа үйлесімсіздік қатпарлану белгілері айқындалған. Көне платформаларда жүргізілген терең сейсмикалық зондылау литосфераның мантия бөлігінің және бүкіл литосфенраның қат-қабаттасқан құрылым екенін көрсетеді.

Бұл деректерге сүйеніп литосфера затының әр түрлі деңгейлерде тектоникалық қат-қабаттасу беттері бойынша горизонталь бағытта жылжып орын ауыстыру мүмкіндігін болжауға болады.

Латеральды (көлденең) жағынан қарағанда да Жер литосферасы біртұтас қабық емес, ол бірнеше ірі плиталардан тұрады, олардың шекараларын белсенді сейсмикалық белдеулер белгілейді. Сөйтіп, литосфераны қабатты-жақпарлы құрылым түрінде бейнелеуге болады.

Астеносфера-литосферамен салыстырғанда қаттылығы, беріктігі және тұтқырлығы біршама төмен дәрежедегі жоғарғы мантияның маңызды қабығы. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығы баяулап, электр өткізгіш қабілеті өседі.

Астеносфераның табаны мен төбесінің деңгейі мантия температурасының өзгеру сызығы мен мантия затының балқу температурсы сызығының қиылысу шектерімен анықталады. Астеносфера табаны 400 км тереңдікке дейін жетеді, яғни Голицын қабатымен шектеледі.

Астеносфера затының базальт қосындысы жарым-жартылай балқымаға айналған (А.Е. Рингвуд бойынша 1 ден 10%- ке дейін). Балқыған базальт сұйық түрінде баяу балқитын перидотит кристалдарының арасын толтырады. Осымен байланысты магма ошақтары пайда болып, балқыған зат әр түрлі қозғалыстарға ұшырайды. Бұл қабаттың жарым-жартылай балқыған күйде екенін астеносфера затының электр өткізгіштік қабілетінің кенет өсуі де дәлелдейді.

Астеносфера біртұтас қабық емес, ол бірінің үстінде бірі орналасқан бірнеше қабаттан тұрады. Астеносфера қабаты таулы-қатпарлы облыстарда және аралдық доғалар аудандарда айқын белгіленеді, платформаларда, әсіресе қалқандардың астында анық белгіленбейді.

Астеносферамен изостазия құбылысын байланыстырады, мұнда литосфера орнықты тепе-теңдік күйге талпынады. Бұл қабық литосфераның биіктігі және тығыздығы әр келкі жеке жондарын (блоктарын) тепе-теңдік күйге келтіретін созылмалы қабат ретінде қарастырылады.

Сонымен, астеносфера бір жағынан литосфераның тектоникалық белсенділігін күшейтіп өрістететін, басқа жағынан Жердің терең қойнауының белсенділігін «жұмсартатын», литосфера қозғалыстарының бәсеңдеп басылу обылысы.